4. Бірінші деңгейдегі Дублин дескрипторымен мақұлданған оқытудың соңғы нәтижесі (бакалавриат):
1) Білім мен түсінік (балалар аурулары аймағында білім мен түсінікті көрсетеді):
- балаларда жиі кездесетін аурулардың этиологиясы, патогенезі, заманауи жіктелуі, алдын алу шаралары;
- әр түрлі жас топтарындағы балаларда типтік формада өтетін жиі кездесетін аурулардың клиникалық көрінісі, ағымының ерекшеліктері және мүмкін болатын асқыныстары;
2) Білімі мен түсінігін қолдану (білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу):
- ішкі ағзалар аурулары кезінде науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу жоспарын құрған кезде, сонымен қоса, тәжірибеде кеңінен қолданылатын параклиникалық зерттеу әдістерінің интерпретациясын жүргізгенде (қанның, зәрдің, қақырықтың клиникалық зерттеуі; қанның биохимиялық зерттеуі; кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы, ЭКГ, ЭхоКГ, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-сы, өңештің, асқазанның, ішектің эндоскопиялық зерттеу әдістері) клиникалық ойлауды арттыру;
- ҚР ДСМ диагностика мен емдеудің клиникалық протоколдарын ескере отырып, дәлелді медицина принциптеріне сүйене отырып ішкі ағзалар ауруларын емдеу жоспарын құрған кезде клиникалық ойлауды арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |