1. Тақырыбы: №11 жұмыс: Спектрофотометр құралы арқылы жұтылған жарық энергиясын тіркеу.
2. Мақсаты: Спектрофотометрдiң жұмыс iстеу принципiмен, құрылысын жете меңгерту.
3. Оқыту мақсаты: Ерiтiндiлердiң оптикалық тығыздығының толқын ұзындығы мен концентрацияға тәуелдiлiгiн зерттеу әдістерін меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жарық жұтылуы дегеніміз не?
Бугер -Ламберт -Бер бiрiккен заңы қалай өрнектеледі?
Өткiзу коэффициенті қалай анықталады?
Ертiндiнiң оптикалық тығыздығы қалай анықталады?
Жұтылу көрсеткіші жарықтың толқын ұзындығына және заттың күйіне қалай тәуелді болады?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:жұптасып жұмыс жасау.
Жалпы жұмысты орындау мынадай ретпен жүргізіледі:
1)Қондырғыны жұмысқа дайындау.
2)Құралдың жарық өткізу коэффиценті Т=0%; Т=100% өлшеуді меңгеру.
3) Экспериментке (жұмысқа) қажетті толқын ұзындығын таңдау.
4) Таңдап алынған толқын ұзындығына сәйкес әртүрлі
ерітінділердің абсорбциясын және концентрациясын өлшеу.
5) Эксперимент нәтиежесі бойынша T=f(C) тәуелділік сызбасын тұрғызу.
1) Қондырғыны жұмысқа дайындау: 1. Қондырғыны өшіріп қосқыш арқылы тоқ көзіне қос. Сол кезде индикатор жанып, экранда Warning Up 900 - деген жазу пайда болады.
2. 900 секундтан кейін экранда Item-0 [Ready] / [WL xxx] (Пункт-О [Готов]/[длина волны хххх]) - деген жазу пайда болады.
3. ВLАNК/Т100% тапсырасын орынау үшін таза дистиллияциаланған су немесе таза еріткіш (реагент) дайындау керек.
4. [МОDЕ] [4] (1:Normal/2:Тimеr) [SЕТ] өлшеу режимін орнату:
4.1. [МОDЕ] пернесін басу керек;
4.2. [4] пернесін басу керек;
4.3. «Normal» режимін таңдап алу үшін, 1 таңдап алып [SЕТ] – і басу керек;
4.4. «Тimеr» режимін таңдап алу үшін, 2 таңдап алып [SЕТ] – і басу керек;
4.5. Өлшеу жүргізу үшін жалпы уақыт аралығын енгізіп, [SЕТ] (1-60 с) – і басу керек;
4.6. Өлшеу жүргізу үшін жалпы уақытты енгізіп, [SЕТ] (1-5940 с) – і басу керек;
4.7. Өлшеуді аяқтағаннан кейін Item - пернесін басу керек;