2. Мақсаты: Рефрактометрдiң құрылысымен, зертеу әдiстерiмен таныстыру және сұйық заттардың, дәрiлiк препараттардың ерiтiндiлердiң сындыру көрсеткiштерiн өлшеудi білу.
3. Оқыту мақсаты: Сыну көрсеткiшiнiң ерiтiндi концентрациясына тәуелдiлiдiн графикпен кескiндеу және одан ерiтiндiнiң концентрациясын анықтауды үйрену.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жарықтың сыну және шағылу заңдарының айырмашылығы неде?
Толық шағылу құбылысы қай кезде байқалады?
Толық шағылудың шектiк бұрышы дегеніміз не?
Рефрактометр фармацияда не үшін қолданылады?
Әр түрлi ерiтiндiлердiң сыну көрсеткiштерiн қалай анықталады?
Белгісіз ерітіндінің концентрациясы қалай анықталады?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау
Ө лшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:
. ИРФ-454 Б2М рефрактометрі.
. Тазартылған су.
. Зерттелетін ерiтiндiлер.
4. Тамызғыш.
Рефрактометрдiң негiзгi бөлiгi бiр тектi шыныдан жасалған тiк бұрышты жоғарғы және төменгi призмалардан тұрады 1сурет.
Бұл призмалар бiр-бiрiмен гипотенузалық қырлары арқылы жанасқан және олардың арасындағы саңылаудың шамасы мм. Жоғарғы призманы ашып, төменгi призманың бетiн толық жабатындай етiп, олардың арасына зерттелетiн сұйықтың бiрнеше тамшысы тамызылады. Сәуле жарық көзiнен () шығып, жоғарғы (1) призманың АК бүйiрiне түсiп, одан сынған сәуле, г ипотенузалық АВ қырына түседi (2-сурет).
АВ беттiң тегiс болмауынан, түскен жарық сәулесi барлық бағытта шашырайды да, зерттелетiн сұйық арқылы өтiп, төменгi призманың СД қырына 0 ден 0 аралығындағы бұрыштармен түседi. Егер сұйықтың сындыру көрсеткiшi шынының сындыру көрсеткiшiнен кiшi болса, онда жарық сәулесi төменгi () призмаға 0-r градус аралығындағы бұрышпен түседi. Осы бұрышқа сәйкес келетiн аймақ (кеңiстiк ) жарық, ал оның сыртындағы аймақ көлеңке болады. Осылайша көру аймағы екi бөлiкке бөлiнедi
Сонымен жарық пен көлеңке шекарасы шектiк (r) бұрыштың мәнiне тәуелдi болады. Қолданылып отырған құралдың көмегiмен сындыру көрсеткiштерiнiң мәнi призмалардың сындыру көрсеткiштерiнiң мәнiнен кiшi болатын заттарды зерттеуге болады.
|