Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет2/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

1. Тақырыбы: №1 жұмыс. ЭКГ тіркеудің негізгі тәсілдері.


  • 2. Мақсаты: Электрокардиографтың құрылысын, жұмыс iстеу принципiн оқыту.


    3. Оқыту мақсаты: Жүрек жиырылған кезде адам денесiнiң бетiмен таралып отыратын электрлiк потенциалдардың өзгерiсiн электрокардиограмма түрінде жазуды үйрету.


    4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Электрлiк диполь, электр өрiсi дегеніміз не?

    2. Эйнтховен теориясының физикалық негiзi неде?

    3. Электрокардиограф қалай жұмыс iстейді?

    4. Вектор-кардиограмма дегенімiз не ?

    5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау.

    • Жұмысты орындау ретi:

    1. Автоматты режимде жұмыс істеу үшін:
    - «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;
    - «ПУСК/СТОП» тетігін басып, ЭКГ – ны тіркеуді қосу керек. Индикаторда ЧСС көрсеткішінде «ЭКГ» жазуы пайда болады. ЭК – ның жадында синхронды ЭКГ жазылады. ЭКГ –ны жазу соңында индикаторда ЧСС жанады да кезегімен I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1 - V6 тармақтарын басып шығарады.
    - Мүмкіндік болмаған жағдайда «ПУСК/СТОП» тетігін қайта басу арқылы, басып шығаруды тоқтатуға болады.
    2. Үш арна бойынша тіркеуді автоматты режимде жұмыс істеу үшін:
    - «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;
    - «←» тетігін басып, автоматты режимде үш арна бойынша тіркеуді таңдау керек. Индикатордағы «***» белгі, «ЗК» жазуға ауысады;
    - «ПУСК/СТОП» тетігін басып, ЭКГ – ны тіркеуді қосу керек. Индикаторда ЧСС көрсеткішінде «ЭКГ» жазуы пайда болады. ЭК – ның жадында синхронды ЭКГ жазылады. ЭКГ –ны жазу соңында индикаторда ЧСС жанады да кезегімен топтап I - III, aVR - aVF, V1 – V3, V4 – V6 тармақтарын басып шығарады.
    3. ЭКГ- ны тіркеуді қолмен жұмыс істеу үшін:

    • «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «│◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;

    • «→» тетігін басып, І-ші тармақты қосу керек. Индикатордағы «***» белгі «І» белгіге, «А» әрпі «Р» әрпіне ауысады;

    • «ПУСК/СТОП» тетігін басқанда біршама QRS тіс комплекстері тіркелінеді. «ПУСК/СТОП» тетігін қайта басқанда тіркеу тоқтатылады. Тармақтарды тіркеу соңында индикаторда ЧСС жанады және термоқағазға тіркелінеді;

    • жазу сызығының жоғары немесе төмен ауытқуын «▲» немесе «▼» тетіктерін басып тұрып жазу сызығын қалпына келтіруге болады;

    • «→» тетігін басып, кардиографиялық тармақтарды кезегімен I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1, V2, V3, V4, V5, V6 қос. «→» тетігін басқанда, тармақтарды тіркеу керісінше қосылады.;

    Сапалы ЭКГ жазуын алу үшін, науқас тыныш және еркін, ыңғайлы жағдайда болуы тиіс. ЭКГ жазу кезінде науқас ЭК – ге жанаспау тиіс.
    ЭКГ – ны тіркеу кезіндегі сигналға айнымалы токтың әсерінен болатын периодтық синфазалық сигнал қосылады. Болған ауытқулардың түрлерін қалпына келтіру үшін:

      • «ФИЛЬТР» тетігін басып, режекторлы фильтрін қосу керек. Индикатордағы «-» белгінің орнына «С» әрпі пайда болады.

      • науқас электродтары мен кабель сымдарының дұрыстығын тексеру керек.

      • электродтардың науқас терісімен байланысуының сапасын тексеру керек.

      • БПС шнурының вилкасын айнымалы ток көзіне ауыстыру керек.

      • «ФИЛЬТР» тетігін басып, фильтрді қосу керек.

      • науқас орнын басқа жерге ауыстыру керек.

    Ауытқуларды болдырмау үшін:

      • науқасты өте ыңғайлы жерге ауыстырып және оған еркін жатуға мүмкіндік жасау керек.

      • «ФИЛЬТР» тетігін басып, индикаторда «Т» әрпі пайда болғанша немесе «ФИЛЬТР» тетігімен бірге басып, индикаторда «F» әрпі пайда болғанша фильтрді қосу керек.

      • науқасқа бірнеше минут дем алуға мүмкіндік жасау керек.
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет