1. Тақырыбы: №2 жұмыс. Визкозиметрдің көмегімен cұйықтардың тұтқырлық коэффициентiн анықтау.
2. Мақсаты: сұйықтардың тұтқырлық коэффициенттерiн анықтау тәсiлiн оқыту.
3. Оқыту мақсаты:
Визкозиметр құралының көмегімен cұйықтардың тұтқырлық коэффициентiн анықтауды үйрету
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сұйықтардағы тасымал құбылыстарының физикалық негiзі қандай?
Сұйықтың тұтқырлығы, Ньютон теңдеуi және Пуазейл формуласы қалай өрнектеледі?
Сұйықтың тұтқырлық коэффициент және оны анықтау тәсiлдерi қандай?
Сұйықтың тұтқырлық коэффициенті температураға және қысымға қалай тәуелді болады?
Білім берудің және оқытудың әдістері : жұптасып жұмыс жасау
Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:
ВПЖ-3 шыны вискозиметрі
Термометр.
Зерттелетін ерітінді.
Қалыпта ерітінді.
Секундомер.
К апиллярлы вискозиметрдiң құрылысы:
ВПЖ-3 шыны вискозиметрі 1-сурет:
1 насадка, шыны шүмек, насадканы вискозиметрмен қосатын конус, М1 және М2 белгiлерi бар капиллярлы резервуар, капиллярлы түтiк, су немесе зерттерiнетiн сұйық кұйылған шыны ыдыс.
Вискозиметрдiң құрлылысы, тәжiрибенiң физикалық негiзiн жете меңгеру керек.
Т
1-ñóðåò.
азартылған судың температурасын өлшеп алып, сол температурадығы судың 0 тығыздығы мен 0 тұтқырлық коэффициентiн арнайы кестеден анықтау керек. Ал зерттелетiн сұйықтардың тығыздықтары осы сұйықтар құйылған ыдыстардың сыртында көрсетiлген.
Шыны шүмектi (2) ашып, резиналы сорғыштың көмегiмен (немесе басқа бiр жолмен) насадка (1) арқылы оның ортасына жететiндей етiп су тартып, содан кейiн шыны шүмектi жабу керек.
Вискозиметрден насадканы ажыратқан кезде судың төмен қарай ағуы басталады.
Cудың ағысы басталмас бұрын секундомердi дайындау керек.
Судың жоғарғы деңгейi М1 белгiден өте берген кезде секундомердi қосып, су деңгейi М2 белгiсiнен өткен кезде тоқтатып, судың екi белгi аралығын ағып өту уақыты – t0 анықта. Тәжiрибенi 5-7 рет қайтала.
Судың орнына зерттелетiн сұйық (ерiтiндi) алып, және нұсқауларды қайталап шығу керек.
Зерттелiнетiн сұйықтың әрбiреуi үшiн тәжiрибенi 5-7 рет қайтала.
Тәжiрибелердiң нәтижелерiн төмендегi кестеге енгiз.
№
|
Тазартылған су
|
Зерттелiнетiн cұйық
|
0, кг/м3
|
t0,c
|
0, Па×c
|
, кг/м3
|
t, c
|
, Па×с
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
Орташа
|
|
|
|
|
|
|
10. Зерттелетiн сұйықтың тұтқырлық коэффициентiн мына өрнек арқылы есептеп шығар: ,
мұндағы – зерттелiнетiн cұйықтың (ерiтiндiнiң) тығыздығы, 0– тазартылған судың тығыздығы, t0 – тазартылған судың екi белгi арасын ағып өту уақытының мәнi, t – зерттелiнетiн cұйықтың екi белгi арасын ағып өту уақытының мәнi.
Достарыңызбен бөлісу: |