Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет41/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

Параметрлiк датчиктер


1. Реостатты. Бұл датчиктiң негiзгi элементi меншiктi кедергiсi үлкен өткiзгiштен жасалған реостат. өлшенетiн шаманың әсерiнен реостат тиегiн жылжытып, оның активтi кедергiсiн өзгертедi. Мұндай датчиктермен орын ауыстыруды, қысымды, өлшеуге болады.
2.Сиымдылықты. Бұл датчиктiң негiзгi элементi - конденсатор. өлшенетiн шаманың әсерiнен конденсатор астарларының ара қашықтығы мен диэлектрлiк өтiмдiлiгi өзгередi, ол конденсатордың сиымдылығы мен сиымдылық кедергiнiң өзгеруiне алып келедi. Сиымдылықты датчиктер өте аз орын ауыстыруды, қалыңдықты, сұйық деңгейiн, ауа ылғалдығын және зат құрамын өлшеуде қолданылады.
3.Тензометрлi. Датчиктiң бұл түрi сыртқы әсер нәтижесiнде өткiзгiш кедергiсiнiң өзгеруiне негiзделген, яғни . Оның негiзгi элементi салыстырмалы тензосезiмталдығы жоғары материал. Мұндай датчиктер деформацияны, механикалық кернеудi, күштi, күш моментiн, қан тамыры қысымын өлшеуде, пневмограмманы жазуда қолданылады.
4. Индуктивтi. Датчиктiң бұл түрi катушка индуктивтiлiгiнiң катушка өзекшесiнiң орналасуына байланысты өзгеретiндiгiне негiзделген. Өзекшеге әсер ететiн күш катушка индуктивтiлiгiн, ягни тiзбектiң толық кедергiсiн өзгертедi. Мұндай датчиктер орын ауыстыруды, қысымды, ортопедия және хирургияда қолданылатын материалдардың серпiмдiлiк қасиетiн зерттеуде қолданылады.
5. Терморезисторлы. Датчиктiң бұл түрi жартылай өткiзгiш кедергiсiнiң температураға байланысты өзгеретiндiгiне негiзделген. Мұндай датчиктер медициналық термометрлерде қолданылады.
6. Фоторезистор. Датчиктiң бұл түрi жартылай өткiзгiш кедергiсiнiң жарық ағынына байланысты өзгеретiндiгiне негiзделген. Мұндай датчиктер перифериялық қан тамырлардағы оксигемоглобиндi анықтауда, ұлпаның қанмен қамтамасыз етiлуiн тексеруде қолданылады.


6. Әдебиеттер:

  1. Антонов В.Ф. и др. Биофизика.- М.- 2000.

  2. Тиманюк В.А., Животова Е.Н. Биофизика.- У.- 2004.

  3. Сәтбаева Х.Қ. және т.б. Адам физиологиясы –А.-2005.

  4. Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мед. институтов. -М. -1982

  5. Ливенцев Н.М. Курс физики. - М.-1978.- изд-е 6. - Т. 1,2

Владимиров М.А., Рощупкин Д.И., Потапенко А.Я. и др. Биофизика.- М. – 1983


7. Бақылау cұрақтар:
1. Датчик деп қандай құралды атайды?
2. Датчиктердің түрлері қандай?
3. Генераторлы датчик деп қандай құралды атайды?
4. Параметрлі датчик деп қандай құралды атайды?
5. Датчиктердің сезгiштiк шекарасы дегеніміз не?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет