1. Тақырыбы: №12 жұмыс. Электрлік емес шамаларды өлшеу (датчиктер).
2. Мақсаты: Датчиктердiң түрлерiмен және оларды сипаттайтын шамалармен, жұмыс iстеу принциптерiмен, қолданылуымен танысу. Әр түрлi лаборатория-лық датчиктердiң сипаттамаларын анықтау.
3. Оқыту мақсаты: Физиологиялық және диагностикалық зерттеулер кезiнде өлшенетiн шамалардың басым көпшiлiгiнiң табиғаты механикалық, жылулық немесе акустикалық болып келедi. Мысалы тамырлардағы қан қысымы, ағзаның температурасы, жүрек дыбысы және т.б. көптеген физиологиялық факторлардың (өзгерiстердiң) табиғаты электрлiк емес. Мұндай мәлiметтердi өлшеу үшiн оларды алдын ала электрлiк сигналдарға (токқа) айналдыру қажет. Бұл датчиктердiң көмегiмен iске асырылады. Датчиктер диагностикалық медициналық қондырғылардың негiзгi элементтерi болып табылады.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Студенттiң бiлiп келуге тиiстi мәлiметтерi:
Датчиктердiң қызметiн.
Датчиктердiң жұмыс iстеу принципiн.
Датчиктердiң түрлерiн.
Оларды сипаттайтын шамаларды.
Студенттiң меңгерiп келуге тиiстi дағдылары:
Датчиктердi қызметiне қарай сұрыптауды.
Оларды медициналық қондырғыларға қосуды.
Датчиктермен жабдықталған медициналық қондырғылармен жұмыс iстеудi.
Алынған мәлiметтер бойынша датчиктiң сипаттамасын анықтауды.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (жұптасып жұмыс істеу) :
Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:
. Индуктивті катушкалар.
2. Ток көзі.
3. Микроамперметр.
4. Өзекше.
5. Өлшеу сызғышы.
а) Индуктивтi датчикпен жұмыс iстеу.
Тiзбектегi (1 сурет) L1 катушкаға шамасы 3-6 (В) айнымалы кернеу берген кезде пайда болатын айнымалы магнит өрiсi екiншi катушкада э.қ.к. тудырады да, тiзбек арқылы ток жүредi. Бұл токтың шамасы өзекшенiң орын ауыстыруына пропорционал болады. Мұндағы: кiрiс шама өзекшенiң ығысуы – (r см), шығыс шама пайда болған индукциялы ток – (i мка)
1-суретке сәйкес тiзбектi құрастырып, оны ток көзiне қосу керек қосу керек.
Катушка өзекшесiн сызғыш бойымен жылжытып, микроамперметр стрелкасының ең аз ауытқуына сәйкес келетiн орынды анықта. Сызғыш бойындағы осы орын бастапқы санақ нүктесi болып есептелiнедi.
Өзекшенi сызғыш бойымен 1-2 см аралыққа жылжыта отырып микроамперметрдiң көрсетуiн (i) және соған сәйкес келетiн ығысуды (r) сызғыш арқылы анықту керек.
Алынған мәлiметтердi төмендегi кестеге жазу керек.
5. i=f(r) тәуелдiлiк графигiн сызу керек.
6. Осы тәуелдiлiк графигiнен датчиктiң S=di/dr сезгiштiгiн есептеу керек.
7. Тiзбектi ток көзiнен ажырату керек.
|