Диагностикалық мақсаттарда адам ағзасындағы түрлi физиологиялық шамаларды өлшеуге тура келедi. Олардың көбiнiң табиғаты электрлiк емес, мысалы тамырдағы қанның қысымы, жүректің соғуы, дененің температурасы, т.б. физиологиялық факторлар (өзгерiстер) жатады. Мұндай шамаларды тiркеу датчик деп аталатын құрал арқылы iске асырылады.
Датчик деп электрлiк емес шамаларды пропорционалды түрде электрлiк сигналдарға айналдыратын құралды атайды. Медициналық датчиктер зерттелiнетiн ағза мен алынған мәлiметтi тiркейтiн, құрал арасын байланыстыратын бөлiк қызметiн атқарады.
Датчикке сырттан әсер ететiн, яғни түрлендiрлетiн (өлшенетiн) шаманы (Х) - кiрiс сигналы деп, ал түрлендiрiлген (өлшенген) шамалардың әсерiнен датчикте пайда болған электр сигналын, яғни ток күшiн, кернеудi, кедергiнi, жиiлiктi (Y) - шығыс сигналы деп атайды. Кiрiс сигналына қан қысымын, ұлпаның қанға толуын, жүректiң соғуын т.б. шамаларды жатқызуға болады.
Датчиктердiң (Y) - шығыс сигналының (Х) кiрiс сигналына функционалды тәуелдiлiгiн Y=f(X), не оның сызбасын датчиктердiң сипаттамалары деп, ал S=dY/dX өрнегiмен анықталынатын шаманы яғни шығыс сигнал өзгерісінің кiрiс сигнал өзгерісіне қатынасын датчиктiң сезгiштiгi деп атайды. Сезгiштiк шекарасы деп датчик сезе алатын кiрiс сигналының ең аз өзгерiсiн атайды.
Датчиктер генераторлы және параметрлi деген топтарға бөлiнедi. Генераторлы датчиктер деп өлшенетiн шамалардың әсерiнен датчикте электр қозғаушы күш (э.қ.к.) пайда болатын датчиктерді айтады. Мұндай датчиктерге ток көздерiнiң қажетi жоқ. Датчиктер генераторлы және параметрлi деген топтарға бөлiнедi. Генераторлы датчиктер деп өлшенетiн жеп өлшенетiн шаманың әсерiнен датчик параметрлерiнiң бiрi (оның кедергiсi, сиымдылығы, индуктивтiлiгi, өткiзгiштiлiгi т.б.) өзгеретiн датчиктерді айтады. Мұндай датчиктер сыртқы ток көздерiнсiз жұмыс iстей алмайды, әрi олар тiзбектей жалғанады.
Генераторлы датчиктер. Мұндай датчиктер э.қ.к. пайда болуына байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:
1.Термоэлектрлiк. Датчиктiң бұл түрi әр- тектi екi металл өткiзгiш (терможұп) түйiспесiнiң (контактысының) температурасы әр түрлi болуы себептi тiзбекте термо э.қ.к. пайда болуына негiзделген. Егер өткiзгiштiң бiреуiнiң температурасы тұрақты болса, онда пайда болатын термо э.қ.к. =f(T) екiншi өткiзгiш температурасына тәуелдi болады. Температураны өлшеу үшiн термо э.қ.к. өлшейтiн милливольтметр шкаласын температура бойынша бөлсе жеткiлiктi.
Терможұп арнаулы қоспалардан жасалынады. Олар медицинада дене мүшесiнiң, ұлпа iшiнiң температурасын өлшеуде пайдаланады.
2.Индукциялы. Датчиктiң бұл түрi өлшенетiн шаманың әсерiнен контурды (катушканы) қиып өтетiн магнит ағынының өзгеру салдарынан, сол контурда пайда болатын индукциялы э.к.қ. пайда болуына негiздлген.
Мұндай датчиктер көмегiмен жылдамдықты, егер алынған сигналды дифференциалдаса онда үдеудi, интегралдаса орын ауыстыруды өлшеуге болады. Сондай-ақ өкпенi желдету, дiрiл параметрлерiн, баллистокардио-граммаларды тiркеу үшiн қолданады.
3.Пьезоэлектрлiк. Датчиктiң бұл түрi өлшенетiн шаманың әсерiнен пьезокристалды деформациялау кезiнде оның беттерiнде екi түрлi электрлiк зарядтардың пайда болуына негiзделген.
Пьезокристалл ретiнде кварц, сегнет тұзы, керамика т.б. қолданылады. Мұндай деректер жылдам өзгеретiн қысымның параметрлерiн, механикалық кернеудi, артериялық және веналық қан қысымын, пульстi өлшеуде, фонокардиограмманы жазуда пайдаланады.
4.Оптикалық. Датчиктiң бұл түрi фотоэффект құбылысына негiзделген. Мұндай датчиктер ретiнде вакуумды немесе вентильдi фотоэлементтер қолданылады. Олар негiзiнен интенсивтiлiгi аз жарық ағынын, биолюминесценцияны, хемилюминесценцияны өлшеуде сондайақ кескiннiң жарықтылығын күшейтуде, рентген және инфрақызыл сәулелерiн көруде пайдаланады.