Оқу -әдістемелік кешен


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

___________Айпейісова С.А.

« ____» ____________ 2010 ж.



ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

1. Мамандықтың атауы және шифры: 050301- Құқықтану, 050713- ККТжТ, 050203-Тарих, 050601- Математика, 050608-Экология

2. Білім деңгейі: Жоғары кәсіби білім (бакалавриат)

3. Оқу формасы: Орта білім негізіндегі жоғарғы білім (күндізгі)

4. Пәннің коды білім және аты (оқу жоспарына сәйкес): FIL 1102 Философия

5. Пәнге жауапты кафедра (аты, индексі): Философия кафедрасы

6. Оқу жылы: 2010-2011 семестр: 1

7. Оқу процесінің жоспарына сәйкес, пәнді оқытуға бөлінген сағат саны: Аудиториялық сабақ 45 сағат, оның ішінде:

дәріс - 30 сағат

семинар - 15 сағат

практикалық ____

лабораториялық _

Өзіндік жұмыс - 90 сағат

Барлық сағат саны: - 135 сағат , соның ішінде ОСӨЖ 45 сағат

8. Оқу жоспарында қарастырылған бақылау жұмысының саны

9. Қорытынды бақылау формалары:

Емтихан

Диф. сынақ

Курстық жұмыс

10. Ізденушілік бейне (негізгі ұғымдар):



даналық, түсінік, ғылым, көзқарас, адам, мифология, дін, гносеология, эпистемиология, онтология, аксиология, антропология, идеология, монизм, дуализм, даосизм, дао, легистер, конфуцийшылдық, джайнизм, буддизм, локаята, космоцентризм, теоцентризм, материализм, идеализм, эмпиризм, агностицизм, диалектика, феноменология, рационализм және т.б.


І ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ ДАЙЫНДАЛЫП ЕНГІЗІЛДІ
Орындағандар:

"Философия" кафедрасының

меңгерушісі, ф.ғ.к. _________ Сәрсембин Ү.Қ.

лауазымы қолы аты-жөні



"Философия» кафедрасының

аға оқытушысы. _________ Зубайраева Г. Б.

лауазымы қолы аты-жөні


« __ » ____________ 20__ ж.
Жауапты орындаушы - кафедра меңгерушісі

Философия ғ.к. ________ Сәрсембин Ү.Қ.

лауазымы қолы аты-жөні
« __ » ____________ 20__ ж.

ІІ КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.

ІІІ СЫН-ПІКІР БЕРУШІ
Ф.ғ.к., аға оқытушы ________ Нұрғалиев Н.А.

лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні


« __ » ____________ 20__ ж.
ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.
Ү АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20______ж.

ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 1 жыл

ҮІ АУЫСТЫРУҒА ЕНГІЗІЛДІ ______________________________

алдыңғы жұмыс бағдарламасының бекітілген күні

11. Пәнді оқытып үйретудің мақсаты мен міндеттері:

Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.

Пәнді оқып-үйретудің міндеттері:



  • философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;

  • болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;

  • пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.

12. Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктілері және дағдылары:

Студент міндетті:

  • төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс:

философияның предметі, мақсаты мен міндеттері;

философия мәселелерінің негізгі шеңбері;

философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсері;

философияның негізгі терминдері мен мәселелерін;

негізгі философиялық тұғырнамаларды;

мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін.



  • төмендегілерді білуі және пайдалана алуыі тиіс:

философияның спецификасы, оның мәдениеттегі ғылыми философиялық және діни көзқарастардағы орны жайында;

адам өмірінің мәні жайында;

адам және оны қоршаған табиғи және әлеуметтік әлемнің, олардың арасындағы жаттану және үйлесімділік кезеңдерінің өзара қатынастарының мәнін;

адамзат білімінің алуан түрлі формалары жайында, ақиқат пен адамшылықтың, білім мен сенімнің, идеалдар мен нормалардың, бағыттар мен құндылықтардың қатынастары жайында түсінігі;



  • төмендегі дағдыларды меңгере білуге тиіс:

жеке тұлғаның дүниеге көзқарасының, рухани дүниесінің, бостандығының және жауапкершілігінің, борышының және қоғам алдындағы міндеттерінің қалыптасуының себептерін;

адам және қоғам өміріндегі даналықтың ролін түсінуі керек, оған ұмтылып, оны танып басшылыққа алуы;

дүниеде орын алып тұрған глобализация жайында, оның Қазақстан мен қазақстандықтар үшін мәнін.

13. Пәннің күнтізбелік - тақырыптық жоспары және сағаттар торы






Тақырыптар атауы



дәріс (сағ)

Семинар (сағ)

өзіндік жұмыс (сағ)

Ағымдық бақылау формалары

Аралық

бақылау


формалары

1

Философия, оның пәні мен қызметтері

1

1

3

Конспект

Блиц тест

2

Мәдени-тарихи контекстегі философия

1

-

3

Конспект

Блиц тест

3

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

1

1

3

Конспект

Блиц тест

4

Антикалық мәдениеттегі философия

2

1

6

Блиц тест

Блиц тест

5

Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені

1

-

3

Конспект

Блиц тест

6

Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия

1

1

3

шағын тест

Блиц тест

7

Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия

1

1

3

Конспект

Блиц тест

8

Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия

2

1

6

Конспект

Блиц тест

9

ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия

1

-

3

Конспект

Блиц тест

10

ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы

1

1

3

бақылау жұмысы

Блиц тест

11

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

1

1

3

Конспект

Блиц тест

12

ХХ ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия

1

-

3

Блиц тест

Блиц тест

13

ХІХ-ХХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия

2

1

6

Конспект

Блиц тест

14

Болмыс философиясы

1

1

6

Конспект

Блиц тест

15

Философиялық антропология

1

-

3

мәнжазба

Блиц тест

16

Әлеуметтік философия

1

1

3

Конспект

Блиц тест

17

Мәдениет философиясы

1

-

3

шағын тест

Блиц тест

18

Махаббат философиясы

1

-

3

Конспект

Блиц тест

19

Дін философиясы

1

1

3

Конспект

Блиц тест

20

Тарих философиясы

1

-

3

шағын тест

Блиц тест

21

Саясат философиясы

1

-

3

шағын тест

Блиц тест

22

Оқу-білім философиясы

1

1

3

шағын тест

Блиц тест

23

Диалектика теориясының мәселелері

2

1

6

мәнжазба

Блиц тест

24

Эпистемология.

1

1

3

мәнжазба

Блиц тест

25

Глобалдық мәселелер философиясы

1

-

3

мәнжазба

Блиц тест




Барлығы:

30

15

90

135



14. Пәннің оқу-әдістемелік картасы



Дәрістер

Тақырып №

Дәріс №

Негізгі дидактикалық бірліктер



Ағымдық бақылау түрі

1

1

Дүниеге көзқарастың мәні. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және философия. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

тақырып бойынша конспект жасау

2

2

Философия және философ. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Философиялық ой кешу типтері. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көп түрлілігі. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері.

тақырып бойынша конспект жасау

3

3

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.Ежелгі Үнді философиясының ерекшелігі. Ведалар Ежелгі мәдениет ескерткіші және Ежелгі Үнді философиясының бастауы ретінде.Веданта, джайнизм, буддизм. Ежелгі Қытай философиясының ерекшелігі. Конфуцийшілдік пен даосизм - Қытай философиясының негізгі бағыттары.

тақырып бойынша конспект жасау

4

4

Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті. Философия генезисі. Грек философиясының әсері. Философияның өзіндік анықталуы және мифтен ажыратылуы. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбұрысы. Көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі. Парменид: философиялық дәлелдеу қалыптасуының қайнарында. Платон философиясы. Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында.

тақырып бойынша конспект жасау

4

5

Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Стоицизм жеке бас бақытына қол жеткізудің философиясы ретінде. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде.

тақырып бойынша конспект жасау

5

6

Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Христианшылық және антикалық философия. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм бүкіл ортағасырлық философияның негіздемелері ретінде. Схоластика кезеңіндегі философия. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формапсы хақында.

тақырып бойынша конспект жасау

6

7

Арабтық мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд.

тақырып бойынша конспект жасау

7

8

Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Ренессанстық гуманизм. Ренессанс философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Реформация философиясы. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Н. Макиавеллидің саяси философиясы және оның «күшті мемлекет» моделінің қалыптасуындағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия.

тақырып бойынша конспект жасау

8

9

Жаңа уақыт бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы неміс мәдениетінің ерекшелігі.

тақырып бойынша конспект жасау

8

10

И. Канттың философиясы. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Л. Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені.

тақырып бойынша конспект жасау

9

11

ХІХ ғасырдың екінші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар. К. Маркстің предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Позитивизмнің туындауы. Позитивизмнің дамуы. А. Шопенгауэрдің жыныстық махаббат философиясы. Ф. Ницше философиясы. Еуропалық нигилизм.

тақырып бойынша конспект жасау

10

12

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары. Славянофилдер мен батысшылдар философиясы. Орыс философтарының (н.О Лосский, С.Л. Франк, Н. Бердяев) діни-философиялық ізденістері. П.Я. Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы.

тақырып бойынша конспект жасау

11

13

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар. Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың философиялық көзқарастары. Ш. Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Шоқай, Ж. Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама.

тақырып бойынша конспект жасау

12

14

Маркстік ілімнің эволюциясы. Маркстік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы. ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңы -80-жылдарындағы кеңестік философияның негізгі бағыттары. Диалектикалық логиканың қалыптасуына Э.В. Ильенковьың, Г.С. Батищевтің, П.В. Копниннің және т.б. әсері. Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебінің қалыптасуы мен жетістіктері.

тақырып бойынша конспект жасау

13

15

ХХ ғасырдағы Батыс еуропа елдері мен АҚШ-тағы мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыру. Прагматизм, экзистенциализм, феноменология философиясы. Постмодернизм философиясының қалыптасуы.

тақырып бойынша конспект жасау

13

16

Э. Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттің дағдарысы туралы. М. Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі. Ж-П Сартрдың және А. Камюдың философиялық көзқарастары.

тақырып бойынша конспект жасау

14

17

Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс және болмыс емес мәселесі. Материалдық және рухани болмыс. Болмыс адам болмысы хақында.Кеңістік, уақыт, қозғалыс болмыстың өмір сүру қасиеті ретінде.

тақырып бойынша конспект жасау

14

18

Болмыс емес –феномені. Адам болмысының әрдайым болмыс емеске қарайлылығы. Өлім феномені. Мәдениет пен философиядағы өлімге деген қатынас.

тақырып бойынша конспект жасау

15

19

Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Адам, индивид, индивидуальдылық, жеке тұлға мәселелері. Адамның әлеуметтік бірегейлігі. Еркіндік құндылық хақында. Адамның еркіндіктен қашқақтауы.

тақырып бойынша конспект жасау

16

20

Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғамның пайда болуы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы. Азаматтық қоғам. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары мен болашағы.

тақырып бойынша конспект жасау

17

21

Мәдениет ұғымы. Мәдениет философиясының предметі. Мәдениетті типологиялау мәселелері. Мәдениет және тіл. Бұқаралық мәдениет. Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени-философиялық аспектілер.

тақырып бойынша конспект жасау

18

22

Махаббат феномені. Махаббат терең экзистенциалдық күйзеліс ретінде. Махаббат метафизикасы. Ана махаббаты. Әке махаббаты. Аға-іні махаббаты. Еркек пен әйел махаббаты.

тақырып бойынша конспект жасау

19

23

Дін философиясы предметінің шекаралары. Дін философиясы мен теология. Дін философиясы мен дінтану. Атеизм мен дінге қарсы болушылық. Діншілдіктің конфессиондық формасы. Діни фанатизм, фундаментализм және экстремизм.

тақырып бойынша конспект жасау

20

24

Тарих философиясы: оның мәні. Тарих философиясының негізгі варианттары. Тарихты кезеңдеу мәселесі. Тарихтың объективтік заңдылығы идеясы. Тарихтың бірлігі идеясы. Белдеулік уақыт тұғырнамасы. Өркениеттер қақтығыстығы. Қазіргі әлемдегі ұлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі: Қазақстан тарихи диллема алдында. Әмбебап – адами құндылықтар: шындық пен елес.

тақырып бойынша конспект жасау

21

25

Саясат философиясының предметі. Саяси философияның генезисі. Билік феномені. Саяси билік. Билік және мораль. Саясат және әлеуметтік мифология. Миф саясат инструменті ретінде. Саясат және бұқаралық психология. Демократия феномені. Демократияның парадокстары. Соғыс феномені. Этатизм және анархизм.

тақырып бойынша конспект жасау

22

26

Оқу-білім философиясының пәні. Оқу-білім философиясы мен педагогикалық теория. Оқу-білім мен тәрбиенің өзара байланысы. Педагогикалық процестің құрылымы. Оқу-білімдегі жатсыну. Педагогиканың үш типі: қалыптасу педагогикасы, даму педагогикасы, бірге шығармашылық педагогикасы.

тақырып бойынша конспект жасау

23

27

Диалектиканың тарихи типтері. Диалектика жүйе ретінде. Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары. Объективтік және субъективтік диалектиканың бірлігі. Диалектика категорияларының мәні.

тақырып бойынша конспект жасау

23

28

Диалектиканың категориялық аппараты. Диалектика адамның ғылыми-танымдық және практикалық түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы мен методологиясы ретінде.

тақырып бойынша конспект жасау

24

29

Адамның дүниеге қатынасының ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі білім. Білім және таным. Сезімдік және рационалдық таным. Ғылыми танымның спецификасы. Ғылыми танымның негізгі әдістері.

тақырып бойынша конспект жасау

25

30

Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобалдық моделдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде.

тақырып бойынша конспект жасау

Семинар сабақтары




Тақырып №

Сабақ №

Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер



Ағымдық бақылау түрі

1

1

1.Философия мәдениет феномені хақысында.

2. Мәдени-тарихи контекстіндегі философия.



Ауызша сұрау. Тест шешу.

2

2

1.Ежелгі Үнді философиясының ерекшелігі. Ведалар Ежелгі мәдениет ескерткіші және Ежелгі Үнді философиясының бастауы ретінде.

2.Веданта, джайнизм, буддизм.

3.Ежелгі Қытай философиясының ерекшелігі.

4.Конфуцийшілдік пен даосизм - Қытай философиясының негізгі бағыттары.



Ауызша сұрау. Тест шешу.

Мәселені талқылау



3

3

1.Антикалық философиядағы дүниенің бастамасы мәселесі: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Демокрит.

2.Гераклит. Қарама-қарсылықтар және қалыптасу туралы ілім.

3.Элей мектебі: Парменид пен Зенон. Болмыс және бейболмыс. Зенон апориялары.

4.Сократ философиясының ерекшелігі. Адамның мәні. Майевтика Сократ әдісі ретінде.

5.Платон философиясы.

6.Аристотель философиясы



Тапсырмаларды, жаттығуларды шешу.

4

4

1.Ортағасырлық философияның негізгі белгілері мен кезеңдері: апологетика , патристика және схоластика .

2.Ортағасырлық мұсылмандық философия; Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд.

3.Түркі суфизмінің ерекшеліктері (Қ.А. Яссауи).

4.Араб мәдениеті мен философиясының батыс-еуропалық философиялық ойдың дамуына әсері.



Тапсырмаларды, жаттығуларды шешу.

5

5

1.Қайта өрлеу дәуірінің негізгі балгілері және оның философияда бейнеленуі.

2.Жаңа космология, пантеизм, ренессанстық ойлаудың қалыптасуы және оның ерекшеліктері: Н. Кузанский, Э.Роттердамский, Н. Коперник, И. Кеплер, Г.Галилей, Дж. Бруно.

3.Философия және өнер (М. Монтень, Леонардо да Винчи). Тарих философиясы, саясат философиясы, әлеуметтік-саяси ойлар (Н. Макиавелли, Т.Мор, Т. Кампанелла).


Блиц-сұрақтар орындау

6

6

1.ХҮІІ ғ. ғылыми революция және философия.

2.Метафизикалық онтология: субстанция мәселесі (Р. Декарт, Б.Спиноза, Г. Лейбниц)

3.Таным әдістері мәселесі: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм (Ф. Бэкон, Р. Декарт, Б. Спиноза, Дж. Локк).

4.Т. Гобсстың әлеуметтік-саяси көзқарастары мен философиясы.

5.Неміс классикалық философиясына жалпы сипаттама.

6.И. Канттың өмірі мен шығармашылығы.

7.Гегельдің философиялық жүйесі мен диалектикалық әдісі.Гегельдің тарих философиясы.

8.Л.Фейербахтың антропологиялық философиясы.ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия



Ауызша сұрау. Тест шешу.

Мәселені талқылау



7

7

1.Орыс философиясының ерекшеліктері және әлемдік рухани мәдениеттегі оның орны.

2.ХІХ ғ. Ресейдің тарихы дамуы және оның философиялық ойда берілуі.

3.П.Я. Чаадаевтың философиялық көзқарастары.

4.Орыс революциялық демократтарының материализмі (А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский және т.б.)

5.ХІХ-ХХ ғ. басындағы діни-идеалистік ой (В. Соловьев, П. Флоренский, Н. Бердяев шығармашылығы).

6.Орыс космизмі: әлем мен адамға жаңа көзқарас (В.И. Вернадский. К.Э. Циолковский, А.Л. Чижевскийдің ғылыми және философиялық еңбектері).

7.ХІХ-ХХ ғ. тоғысында идеялық күрестің күшеюі. ХХ ғ. басындағы орыс философиясының негізгі мәселелері.


тақырып бойынша конспект жасау

8

8

1.Қазақ философиясының ерекшеліктері.

2.Ақын-жыраулар мен билер даналығы.

3.Қазақ ойшылдарының шешендік өнері.

4.Қазақтың ойшыл-ағартушылары: Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсарин.

5.А. Құнанбаев, оның қазақ философиясы тарихындағы ролі мен орны

6.ХХ ғ. басындағы қазақ философиясы.



Тапсырмаларды, жаттығуларды шешу.

9

9

1.Маркстік философияның пайда болуының тарихи алғышарттары.

2.Диалектикалық және тарихи материализм.

3.Маркстік философияның дамуындағы Лениндік кезең.

4. Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебінің қалыптасуы



тақырып бойынша конспект жасау

10

10

1.Болмыс ұғымы, қалыптасуы мен дамуы, түрлері

2.Материяның ғылыми-философиялық түсінігінің қалыптасуы. Философия мен жеке ғылымдардың дамуы үшін дүниетанымдық методологиялық маңызы.

3.Материя мен қозғалыс бірлігі. Қозғалыс пен тыныштық ара қатынасы.

4.Кеңістік пен уақыт метарияның өмір сүру формасы ретінде.



Блиц-сұрақтар орындау

11

11

1.Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы. Қоғам динамикасы.

2.Мәдениет ұғымы. Мәдениет философиясының предметі. Мәдениет және адам. Мәдениет және тіл. Мәдениет және өркениет.



Тапсырмаларды, жаттығуларды шешу.

12

12

1. Дін философиясы және теология.

2. Дін философиясы және дінтану.

3. Діни фанатеизм, фундаментализм және экстремизм

4. Дін мен саясаттың байланысы: тарих және қазіргі заман



Тапсырмаларды, жаттығуларды шешу.

13

13

1. Оқу-білім философиясының пәні.

2. Оқу-білім философиясы және педагогикалық теория. 3. Оқу-білім мен тәрбиенің өзара байланысы.

4. Даму және білім.

5. Педагогиканың үш типі: қалыптасу педагогикасы, даму педагогикасы, бірге шығармашылық педагогикасы.

6. Оқу-білімнің дәстүрлі жүйесі. Альтернативтік оқу-білім жүйесі.


тақырып бойынша конспект жасау

14

14

1. Диалектика ұғымы. Диалектиканың тарихи типтері.

2. Диалектиканың заңдары мен категориялары

3. Диалектика жүйе хақында.

4. Диалектика адамның ғылыми-танымдық және практикалық түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде.



Ауызша сұрау. Тест шешу.

Мәселені талқылау



15

15

1. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Ұғым рационалдық танымның формасы ретінде.

2. Ақиқат. Ақиқат және адасу. Ақиқат теориясы.

3. Ғылыми танымның ерекшелігі. Танымның негізгі әдістері.


Тапсырмаларды, жаттығуларды шешу.

15. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль, 1969-1972.

2. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

3. Бердяев Н. О рабстве и свободе человека // Бердяев Н. Царство Духа и Царство Кесаря. М., 1995.

4. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах // Дж. Бруно. Избранное. Самара, 2000.

5. Бучило Н.Ф., Чумаков А.Н. Философия: Учебное пособие. – М.: ПЕРСЭ, 2003. – 447 с. II-III-VIII тараулар.

6. Льюис К. С. Любовь, страдание, надежда. М., 1992.

7. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы. 1999. – 272 . IV тарау.

8. Ницще Фр. Веселая наука. М., 2002.

9. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (Философия тарихына шолу). Алматы, “Ақыл кітабы”, 1999. – 240 б. V тарау.

10. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 1970.

11. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

12. Фромм Э. Иметь или быть? М., 2001.

13. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

14. Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық.

/Құрастырған: Т.Ғабитов. – Алматы: Раритет, 2004. – 392 б. І-ІІ-IV тараулар.

15. Философия тарихы: Оқулық. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 288 б. I-V-VIII тараулар.

16. Шопенгауэр А. Афоризмы житейской мудрости. М., 1990.

Қосымша әдебиеттер:

17. Әбішев Қ. Философия. Алматы: 1999. – 264 бет.

18. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Алматы: 2001 ж.

19. Радугин А.А. Философия. Москва.: Центр., 2001. – 272 стр.

20. Тихонравов Ю.В. Философия. М.: ИНФРА-М, 2001. – 269 стр.

21. Философия. Учебник для вузов (Под ред. проф. В.Н. Лавриненко,

проф. В.П. Ратникова – М.: ЮНИТИ, 2000. – 584 стр.).

22.Мәдени -философиялық энциклопедиялық сөздік/құраст. Т.Ғабитов., А.Құлсариева және т.б. – Алматы:Раритет,2004.-320 беттер.

23.Философиялықсөздік-/Редкол:Р.Н. Нургалиев., Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин т.б. -Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”,1996.-525 бет.

24. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. - А.,2001 - 264 бет

25. Фролов И.Т. Введение в философию. - М., 1989-367с.

26. Нурышева Г. Адам өмірінің философиялық мәні А.,2001 - 240 б.

27. Философия в вопросах и ответах; Учеб. пособие/Е.В.Зорина. Изд-во Проспект, 2004 -336ст.

16. Емтихан бағдарламасы:



СҰРАҚТАР ТІЗБЕСІ:

Сұрақтың мәтіні

Философияның негізгі мәселелері

Философияның функциялары (қызметі)

Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері.

Адам Ежелгі Қытай философиясы мен мәдениетінің орталық мәселесі ретінде.

Антикалық философия. Ежелгі грек философиясының космоцентристік сипаты.

Орта ғасыр философиясы, оның теоцентристік сипаты.

Орта ғасырдағы Шығыс мұсылман философиясы және оның әлеуметтік-мәдени алғышарттары.

Әл-Фарабидің діни философиялық, әлеуметтік-этикалық және эстетикалық көзқарастары.

Қайта өрлеу заманы философиясы, оның пайда болуы мен өркендеуінің әлеуметтік-тарихи жағдайлары.

Жаңа заман философиясы.

XVII ғасырдағы француз материализмі.

Классикалық неміс философиясы, оның пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-діни жағдайлары.

К.Маркстің философиялық ойларының қалыптасуы мен дамуы.

Орыс философиясының дәстүрлері мен ерекшеліктері.

Орыс діни философиясы /Ф.Достоевский, Вл.Соловьев/

Орыс космизмі /Н.Федоров, В.Вернадский, К.Э.Циолковский/

К.Маркстің философиялық ойларын талдау мен көпшілікке таратудағы В.Плеханов пен В.И.Лениннің ролі.

Қожа Ахмет Яссауидің философиялық көзқарастары.

Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарастары.

XVI- XVII ғасырдағы ақындар мен жыраулардың дүниеге көзқарасы.

Ш.Уәлихановтың философиялық саяси-қоғамдық көзқарастары.

Ы.Алтынсаринның ағарту философиясы және оның шығармашылығының гуманистік мәні.

Абайдың философиялық көзқарастары және оның гуманизмі.

Ш.Құдайбердиевтің шығармашылық және қоғамдық қайраткерлігі мен философиялық және саяси көзқарастары.

Қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының негізгі сатылары және оның ерекшеліктері.

Қорқыт атаның философиялық көзқарастары.

М.Дулаттың философиялық және саяси көзқарастары.

С.Торайғыровтың философиялық және саяси көзқарастары.

А.Байтұрсыновтың философиялық және саяси көзқарастары.

Дүниеге көзқарас және оның тарихи типтері.

Суфизм философиялық ағым ретінде.

"Алаш" партиясының және Алаш Орда қозғалысының әлеуметтік және идеологиялық-саяси негіздірі.

Философиядағы болмыс мәселесі.

Қазақстанда философияның кеңес заманында және одан кейінгі уақытта дамуы.

Материя философиялық категория ретінде.

Философиядағы сана мәселесі.

Кеңістік және уақыт.

Философиялық әдістің ерекшеліктері. Ғылыми танымның әдістері мен философиялық әдістеме.

Диалектика философиялық әдіс ретінде.

Философиядағы адам мәселесі.

Практика дүниеге қатынастық ерекше түрі ретінде.

Сананың пайда болуы және оның қоғамдық тарихи мәні.

Қоғамды және жеке сана, олардың диалектикалық өзара байланысы.

Моральдық сана.

Эстетикалық сана.

Діни сана.

Саяси сана және саяси қайраткерлік.

Құқықтық сана.

Дүниені танып-білу мүмкіндігі мәселесі.

Қоғамдық практика танымдық әрекеттің негізі және қозғаушы күші ретінде.

Эмпирикалық танымның түрлері мен әдістері.

Теориялық таным және оның түрлері.

Ақиқат мәселесі

Шығармашылық адам белсенділігінің ең жоғарғы формасы ретінде.

Қоғамның мәні мен пайда болуы мәселесі.

Тарихи прогресстің субъектері мен қозғаушы күштері.

Қоғамды формациялық және цивилизациялық тұрғыдан талдау.

"Мәдениет" және "өркениет" категориялары, оладың анықтамасы және өзара байланысы.

Тұлға қоғамдық өмірдің субъектісі мен объектісі ретінде.

Қазіргі заманның глобалды мәселелері: адамзаттың тарихы мен болашағы.

Себеп және салдар категориялары, олардың методологиялық маңызы.

"Жекелік", "Өзгешелік", "Жалпылық" категориялары және олардың әдістемелік маңызы.

Мүмкіндік пен шындық категориялары. Әлеуметтік процестерде мүмкіндіктің шындыққа айналудағы субъективті фактордың ролі.

Форма және мазмұн, мән және құбылыс категориялары, олардың методологиялық маңызы.

Қажеттілік пен кездейсоқтық категориялары. Тарихи қажеттілік және қоғамдық даму заңдарында көрініс табуы.

Бөлік және бүтін категориялары. Тұтастық принципі.

Элементтер мен құрылым. Жүйе ұғымы. Жүйелік принципі.

Әлеуметтік және саналық өзгерістердің диалектикасы. Секірістер.

Қарама-қарсылық диалектикасы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі. Диалектикалық қарама-қайшылықтар.

Диалектикалық терістеулер мен синтездер терістеуді терістеу.

Материя қозғалысының әлеуметтік формасы және оның тірі және өлі табиғаттағы процестерден айырмашылығы.

Қоғамдық қатынастар ұғымы, оның мәні, шығу тегі мен құрылымы.

Антропосоциогенез мәселесі. Адамның табиғи және қоғамдық сипаты.

Экзистенциалдық философия және оның түрлері /экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология/.

XX ғасырдағы маркстік емес философиядағы тіл және білім мәселесі /структурализм, герменевтика, рационализм, неопозитизм/

Сана мен тіл. Таңбалы символикалық жүйелер.

Дүниежүзілік адамзат тарихының қалыптасуының заңдылықтары мен объективті алғышарттары.

Бостандық қоғамдық прогресстің белгісі ретінде.

Философиядағы құндылықтар мәселесі.

Тұлғаның қалыптасу барысындағы әлеуметтік ортаның ролі.

Қоғам дамуындағы білім берудің ролі. Қазақстанда әлеуметтік-гуманитарлық және этномәдениеттік білім беру мәселесі.

БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕМДІК МАТЕРИАЛДАРЫ






Бақылау-өлшемдік материалдарының мәтіні

01


1. Конфуцийшылдардың негізгі көңіл аударған, айналысқан қоғамдық мәселелері

А) адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі;

B) адамдар арасындағы қатынас, басқару мәселесі

C) мемлекетті басқару және мәдениетті өркендету мәселесі.

D) тәрбие мәселесі, оқу-білім және оны ұйымдастыру жұмыстары.

E) адам және табиғат арасындағы қатынас.



02

2. Кун фу-цзы ілімінше, ең жоғары жаратушы күш:

A) аспан


B) күн

C) ай


Д) құдай

Е) жер


03

3. Конфуцийшылдар көп көңіл аударған ұғымдар:

А) тең орта, адамгершілік және өзара сүйіспеншілік

B) іс-әрекет, мінез-құлық, адамгершілік

C) дәстүр, адамдардың қарым-қатынасы, табиғат

D) өзара сүйіспеншілік, адам мәселесі, болмыс

E) болмыс, тең орта, құдай



04

4. Тең орта деген не?

А) адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.

B) ата-анасын құрметтеу, сыйлау

C) адамдардың батырлығы мен қорқақтығының арасындағы іс-әрекет.

D) үлкен ағаларын сыйлау.

E) өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас әрекеті



05

5. Конфуцийшылдардың пікірінше адамгершілік негізі не

А) "жэнь" - "ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау, жалпы алғанда үлкендерді сыйлау

В) мемлекетті басқарушыларды құрметтеу және оларды сыйлау

С) мемлекетте қалыптасқан заңдарды құрметтеу және оларды мүлтксізі орындау.

D бұрынғы ұлттық салт-жораны, дәстүрді мадақтау және оларды тарату.

E) құдайға құлшылық істеу, құрбандық шалу



06

6. Конфуцийшылдардың әдептілік қағидасы қалай айтылады?

А) өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге тілеме

В) өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жаса

С) өзің қаламайтын нәрсені басшылыққа алып, іс-әрекет жаса

D) мемлекеттік заңды орындау басты әдептілік қағидасы.

E) Басқаларды сүймесеңде өзіңді сүй, туысқандарыңды сыйла.



07

7. Барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады"-деген кім?

А) Кун Фу-цзы

В) Мэн-цзы

С) Сюнь-цзы

D) Лао-цзы

E) Шан Ян



08

8. Аспанның еркі - адамдардың жігер-еркі арқылы ккөрінеді деген пікірді кім айтқан?

А) Мэн-цзы

В) Лао-цзы

С) кун Фу-цзы

D) Хань Фей-цзы

E) Сюнь-цзы



09

9. Әлем жөніндегі Сюнь-цзының басты пікірі

А) әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады.

В) әлем жоғары күш аспанның басшылығымен өмір сүреді, оны өзгерту мүмкін емес

С) әлем жаратушы құдайдың әмірімен өмір сүреді

D) әлемді өзгертуге болады, ол үшін аадамзаттың ақыл-ойы дамуы қажет

E) әлем түсінуге болмайтын күрделі құбылыс, сондықтан оны танып-білуге ұмтылудың қажеті жоқ



10

10. Дао дегеніміз:

А) бәрін қамтитын жалпы дүниетанымдық ұғым, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз

В) Қытайдың дамуы мен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым.

С) адам және оның мәдениеті жөніндегі ілім

D) Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму жолы

E) адамның адамгершілік, саяси мінез-құлқы.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет