Оқу -әдістемелік кешен



бет3/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

БАҒАЛАУ МЕЖЕЛЕУШІ





%

балды баға

әріптік баға

дәстүрлі баға

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

100-95

4,0

А

өте жақсы



Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдыомай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақтылы әрі дұрыс орындаған және есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелеу білген жағдайда қойылады.

94 - 90

3,67

А-

89 - 85

3,33

В+

жақсы


Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақтылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиумдер мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері бар студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

84 - 80

3,0

В

79 –75

2,67

В-

74 –70

2,33

С+

қанағаттанарлық

Бұл баға студентке, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50 % игерген, бұзған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулер болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

69 - 65

2,0

С

64 – 60

1,67

С-

59 –55

1,33

Д+

54 – 50

1,0

Д

49 –0

0

F

қанағаттанарлықсыз



Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ШКАЛАСЫ







бақылау түрлері


апта

мах балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысымы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

2

Ағымдық бақылау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

3

Аралық бақылау: мәнжазба, бақылау жұмысы, өзіндік жұмысты тапсыру, коллоквиум, тест, жоба және т.б.



















*



















*




100

4

Қорытынды бақылау (емтихан)














































100




Барлығы














































100


КЕЛІСІМ БЕТІ
ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандық 050301- Құқықтану, 050713- ККТжТ, 050203-Тарих, 050601- Математика, 050608-Экология

мамандықтың атауы және шифры
Пән атауы FIL 1102 Философия

пәннің атауы және коды

Білім беру деңгейі жоғары кәсіби білім ( бакалавриат)

оқу жоспарына сәйкес

Оқу формасы Орта білім негізіндегі жоғарғы білім (күндізгі)

Оқу жылы 2010- 2011 ж.

Оқу ісі жөніндегі проректор

Б.ғ.д., профессор ____________ С.А.Айпейісова

лауазымы қолы аты-жөні


«_____» _________________20 ж.

1 Дәріс тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.



Дәріс жоспары:

1. Философияның пәні.

2. Философияның негізгі сұрағы мен функциялары.

3. Философияның негізгі мәселелері.


Философияның ежелгі грек ойшылдарының дәуірінен бері “даналыққа құштарлық” деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон “...геометрия және басқа философиялар” деген сөздерінде философия ұғымын “ғылым” сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша Сократ “философия” терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Ал Аристотель ізбасарлары болмыстың іргелі негіздерін айқындауға мүмкіндік беретін жалпылама ғылым ретінде бұл “бастапқы философияны” метафизика деп атады.

Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығындағы әралуандықты игеруге бағытталған философиялық білім түсінігімен тығыз байланысты. “Физика”, әдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның заттар мен үрдістердегі сыртқы көрінісін зерттейді. Демек, “метафизиканың” үлесіне бұл құбылыстардан “кейін” орналасқан, олардың арғы жағындағы нәрсе тиесілі. Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, үрдістердің сыртқы көрінісінің арғы жағында мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділікті, болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей және жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл “арғы жаққа үңілу” жасырын нақты мәнділікті ашуға бағытталған белсенді танымдық ойлау қозғалысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер былай деп жазады: “…Метафизика – бұл мәнділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану. Бірақ бұл “дефиницияны” мәселенің қойылуы ретінде ғана бағалауға болады, яғни мынадай сұрақ қойылады: “бар нәрсе болмысының мәні деген не?” Демек, осыдан күрделі сұрақтар тізбегі құралып, “не өмір сүреді?” деген мәселе туындайды. Мұны “не нақты өмір сүреді?” деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде бар нәрсенің өмір сүруі туралы мәселеден оның мәнділігі туралы мәселеге көшеміз. Бұл сұрақтардың тізбегін осы мәнділікті тану мүмкіндігі мәселесі аяқтайды, яғни бұл жерде таным үдерісінің мәні туралы мәселе қойылады. Сонымен, болмыс туралы сұрақ ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердің 1935 жылы жазған “Гельдерлин және поэзияның мәні” деген еңбегінде осы айтылған цикл тіл туралы сұрақпен аяқталады. ХХ ғасырдың ұлы философының пайымдауынша тіл ең соңғы негіз, адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар, оны игерудің жалғыз универсалды құралы болып табылады.

Енді “даналыққа құштарлық” деп анықталатын философияға қайта оралайық. Бұл жерде “құштарлық” белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, “өзге” үшін “өзіңді ұмыту”, өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Осы пәнилік өмірдің шектеулі екендігі мәлім. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, “өзгеге” құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның жалғыз тәсілі – бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл-ой және т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады: философия дегеніміз – адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.

Сонымен, философияны “даналық” түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым “білімнің жоғарғы синтезі”, белгілі бір нәрсе туралы “толық жетілген білім” деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті – менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі.

Адам ақыл ойы бар әлеуметтік мақұлық. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дүрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды, және оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне көмек беретін – ғылым. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, бірақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі – философияны игеруді қажет етеді.

Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады. Өзінің мәдени деңгейіне байланысты, арнаулы немесе жалпы білім дәрежесіне орай, әр түрлі өзара әңгімелесудің әсерімен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарын жинақтай отырып, ол өзінің жеке өмірлік философиясын, жүйелі және ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын құрастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық және өндірістік жағдайлардағы «бір сәттік» дүниетанымның өзі де қанағаттандырарлық болуы мүмкін. Белгілі француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуірі өтті деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша «позитивті» ғылымдар – физика, математика, химия және т.б. философияны керек етпейді. Олар барлық мәселелерді өздері шеше алады, олар «өздерінше» философия. Бұл көзқарас позитивизм деген атауға ие болады.

Сонымен бұл «сөз», бұл білім мен даналық не туралы дейтін болсақ, оның «жалпы бар нәрсе», өмір сүретін нәрсе туралы екендігі философия тарихынан белгілі болады. Ал біздің қабылдауымыздағы көнетін көрнекті не нәрсе нақты өмір сүреді?

Ежелгі Грекия философтары Парменид пен Гераклит дәуірлерінен бері бұл нәрсені «онтос» - «болмыс» деп атады. Біз өмір сүреді деп айқын қабылдайтындай не нәрсе болмады? Философиядағы классикалық ұғым «онтос» арқылы дәл осының құрылымын қарастыруға болады. Сондықтан философия құрылымын талдауды «философиялық білім құрылымының онтологиялық принципі» дейміз.

«Философия» термині үш мағынада қолданылады: бірінші,философия – ол көзқарастың бір түрі, екінші, философия - өзінің зерттеу пәні бар ерекше ғылым саласы, үшіншіден, философия адамзат өмірінде айырықша орын алатын адамының рухани қызметінің үлкен бір санасы, қоғамдық саланың ерекше формасы.

Философияның бұл үш мағынасы, оның тарихында проблема түрінде, немесе «философия» ғылым ба , әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.

Философия адамның дүниеде болуының саналуан формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

«Адам-әлем» қатынасы философияның көптеген проблемаларын қамтитын танымның жүйе субстанциясы. Сондықтан философияның негізгі табиғаты адамның дүниеде болуының белгілі бір мәнді жолдарын жасау, өмірдің осындай формаларын жарату және өмірде нығайту.

Адамның дүниеге қатынасы философияны болмыстың негіздерін танудың формасы ретінде анықтайды. Ғылымда да, философияны да, көркемөнерді де жасаушы адам.

Философияның негізгі мәселесі: ойлаудың болмысқа, рухтың табиғатқа қатынасы. Философияның бұл өзекті мәселесі философияның тарихының өне бойынан өтіп, оны мол рухани құндылық ретінде анықтайды.

Философияның мәдени жүйеде алатын орны зор. Философия мәдени-тарихи құбылыс ретінде, оның «Адам-әлем» жүйесіндегі көптеген проблемаларын, өзара қатынастарын, фунцияларын /қызметін/ анықтайды.

Философия – жалпы методология, методтардың теориясы, ал теория білімнің адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің, ұғымдар мен категориялардың табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы зор.

Философияның негізгі функциялары /қызметі/: рационализациялық, жүйелеу, сыншылдық, интегративтік, синтездеу, методологиялық, көзқарастық гносеологиялық, логикалық, гуманистік, аксиологиялық, адамгершілік –этикалық, тәрбиелік.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет