Оқу -әдістемелік кешен


Бекітуге арналған сұрақтар



бет8/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Қазақ философиялық ойларының қалыптасуы.

2. Қазақ ойшылдарының философиялық тұжырымдары.

3. Абайдың философиялық тұжырымдары.


11 Дәріс тақырыбы: XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия.
Дәріс жоспары:

1. Марксизм философиясының алғышарттары.

2. Марксизм философиясының негізгі мәселелері.

3. В.И.Лениннің философиялық көзқарастары.

Марксизм, тұтас философиялық ілім ретінде капиталистік монополизм тұсында Маркс және Энгельстің шығармасынан келіп туындайды, яғни бұл кезең капиталистік қоғамның өріс алған шағы болатын. Алғашқыда Маркс Гегелдің диалектикалық ілімін жалғастыра отырып, неміс классикалық философиясындағы көптеген мәселелердің ара жігін ашып берген, әсіресе философияның қоғам өміріндегі алатын орнын анықтады. Бірақта ол жас гегельшілдердің бірі және оның идеясын қолдаушысы ретінде көрініс тапқан философиялық көзқарасы кейін келе, өзінің идеясын ұсынуға тура келді. Парижге (1843ж.) келгеннен кейінгі оның коммунистік қозғалысқа қатысуы кездейсоқ емес, соның айғағы болатын. Маркс осы кезенде пролетариаттардың ерекше таптарын көрді, және әлемдегі өмір сүріп отырған сүре жолды өзгертуге деген идеясы осымен байланыста болды. Саяси-эконмиканы талдай отырып Маркс шындығында немістің классикалық философиялық дәстүрін өзі дүниеге алып келген социалистік және коммунистік утопиялық теориясымен біріктіріп жіберді.

Ең бастысы, Маркстің фундаменталдық философиялық идеясы мынаған келіп саяды, яғни барлық рухани әлемдегі, мәдениеттегі және жан-жақты көрінуіндегі олардың қатынастары практикаға келіп тоғысады, содан өз жемісін береді. Соған сәйкес адамдар санасының барлық көріністері практикалық өмірінде мәнге ие болып, практика дамуының жалпы жолын жалғастыра түседі. Осылайша, материализмнің таралуы қоғамдық өмірді бейнелеуге арналды.

Осы негізде ой қорыта отырып, адамзат тарихының өткені мен бүгінгісі және болашағының даму кезендерінің белестерін марксизмнің негізін қалаушылар қоғамдық-экономикалық бес формацияда бөліп көрсетті. Соның нәтижесінде қоғамның тарихи даму жолы алғашқы қауымдықтан бастап, араға құлиеленушілікті, феодальдықты және капиталистік формацияны тастай отырып, логикалық тұрғыда коммунистік қоғамға өтіп аяқталуы, кемелденуі тиіс болатын.

Егер тұтастай экономикалық теория Маркс қызметінің жемісі болса, философия шенберінде Энгельс – оның ауыз толтырып айтар қосшысы болды, яғни марксистік философияның негізгі бөлімдерінде оның тайға таңба басқандай ойлары жатты. Бұл негізінен табиғат философиясынан көрінеді. Олардың біріге отырып атқарған қызметтерінің нәтижесінде марксизм ойлау мен қоғам және табиғаттың даму зандылықтары туралы диалектикалық-материалистік ағымды бойларына сіңдіріп толықтай ілімнің сыйпатына ие болды.

Россияда бұл ілім Х1Х ғасырдың 80-жылдарында кең тарала бастады. Оның таралуына мұрындық болғандардың ең ірі өкілінің бірі, “Еңбекті босату” атты шетелдік маркстік топтың басшысы Г.В.Плеханов болды. 90 жылдардың ортасынан бастап марксизмнің ары қарай дамуына және оны қорғауға, сонымен қатар Россиядағы револяциялық қозғалысты басқаруға В.И.Ульянов (Ленин) ат салысты. Осы уақыттан бастап марксистік философияның дамуында жаңа лениндік кезен басталды.

В.И.Ленин өзінің алғашқы еңбектерінде халықтармен, ресми марксистермен және басқада саяси бағыттын өкілдерімен айтысқа түсіп, марксизмнің тазалығын сақтай отырып, жеке жалпы философиялық сұрақтарды қайта өндейді. Марксизмнің философиялық теориясына алғашқы қосқан манызды еңбектерінің бірі “Материализм және эмприокритицизм” деп аталады. Бұл еңбектегі назар аударылған мәселелер автордың материалистердің өкілі ретінде идеалистік философияның идеяларымен тартысқа түсуі. Осы тартыстан келіп туындаған пікірлердің бірі материалистік-диалектикалық-философтар мен табиғат зерттеушілерінің ішінара одақ құруының қажеттілігі туралы қорытындысы.

Табиғи тарихи процестің заңдылығы ретінде қоғамның дамитындығы туралы Маркс идеясын өкшелей отырып, Ленин мынадай тұжырымға келеді, яғни капитализм еңбекті қоғамдандыра отырып, пролетариаттық төнкерістің тарихи қажеттілігін жасап және социалистік қоғамның іргетасын қалайды. Орыстың жұмысшы таптарының тарихи мәнің анықтай отырып, Ленин дәл осы таптардың болашақтың айнасы екендігін, яғни патшаға қарсы шығып қана қоймай тұтастай буржуазия мен капитализмге қарсы бостандыққа және олардың халықаралық жұмысшылар қозғалысының алдынғы шебінен табылатындығын айтты.

Ленин үшін мемлекет мәселесі ерекше нақты формада тұрды, нақтырақ айтқанда сұрақ пролетариаттың буржазиялық мемлекетке қатысы туралы және социалистік төнкерістен кейіңгі жалпы мемлекетке қатысы туралы өрбіді. Ленин классикалық марксизмнен келіп шығатын мемлекет идеясын, яғни “тұншыққан және езілген машина” ретінде қабылдап, таптық қоғам жағдайында тарихи қажеттілік керек екендігін аңғрды. Сондықтанда көпшілік езілгендер мен қаналушылар үшін буржуазиялық мелекет – жау, езілгендер мен қаналушылар біріге отырып оларды жоятындығы күмәнсіз. Өзінің соңғы еңбектерінде В.И.Ленин Россиядағы үлкен кедейшіліктің орын алуы ескі мемлекеттік аппараттың сақтала отырып жаңа жағдайға өтуінде жатыр, яғни жаңа басқару орындарында ескі бюрократтық сапа сол күйінде қалғандықтан деп, баға беріп отырды. Өзінің өлер шағында Ленин елді мемлекет қатарында қайта біліммен қамтамасыз ету, өнеркәсіптерді және ауыр шаруашылығын ғылыми-техникалық құралдармен жабдықтау немесе мәдени төнкерістер экономиканың көтерілуіне алып келеді деп санады.

Теориялық еңбектерінде, әсіресе қазан айынан кейін Лениннің алдында маркс философиясының болашақ дамуына көптеген принципиалды бағдар жасағандығы байқалады. Бірақта қоғамдық-саяси жағдай, елдегі Сталиннің жеке үстемдік ету саясаты марсизмнің ары қарай шығармашылық дамуына айтарлықтай кедергі жасады. Барлығы бірде –бірде өз өнің айналдырып, тұрпайылық денгейге келе бастады. Еркін шығармашықпен айналысу және философияға тән ой шерту мүмкіндіктері тарылып, марксизмнен ауытқуға тура келді. Осылайша 1922 жылы елден Н.А.Бердяев, П.Сорокин, Н.О.Лосский, С.Л.Франк, С.Н.Булгаков және т.б. философтардың тұтас бір тобы басқа елдерге қоңыс аударды. Лениннен қалған философия мен жаратылыстанудың одағы атты өсиеті теріске шығарылып, “бар халықтың көсемі” атты жалған ой үстемдік етті. Осыдан келіп философия мен гуманитарлық ғылымдардың көптеген салаларына шала сауатты адамдар келе бастады.

Сталиннің культке айналу уақытында, тоталитарлық жүйенің үстем етіп тұрған шағында философиядан ақиқаттын ауылы алшақтай бастады. Бір жағынан марксистік философияның мәні арта түсті. Ал екінші жағынан көптеген философиялық сұрақтар, әсіресе тірі философиялық идеялар формалданып, философия қайдағы жоқ абстрактылық схемаға айналды. Бір ғана ғылыми философияның негізінде қарапайым қолданбалы марксизм түсіндіріліп, нәтижесінде көптеген манызды философиялық мәселелер ойдан таса қалды.

Расында, КПСС-тің ХХ -съездінен кейін философия мәдениетінде бірсыпыра тіршілік нышаны біліне бастады, яғни философия тарихына, диалектика және диалектикалық логика мәселесіне, диалектиканың категорияларына, жаратылыстанудың философиялық мәселелеріне және т.б. біршама назар аударыла бастады. 60 жылдардың аяғы мен 80 жылдардың басында философия адам мен гуманизм мәселесіне назар аударып, яғни ядролық қарудың үрейінен туындаған соғыс пен бейбітшілік, қоршаған ортаны сақтау мен тимді пайдалану, қоныстану мен өніммен қамтамасыз ету және т.б. тақырыптағы мәселелерді көтере бастады. Сол кездегі бар манызды зерттеуге ие болған ғылыми танымның логикасы мен методологиясына бағытталған сұрақтар әлемдік неопозитивистік философияның негізінде қарастырылды. Осы бағытта Э.В.Ильенков, Б.М.Кедров, П.В.Копинин және т.б. философтар ат салысты.

Бірақта бұл көзқарастар тоталитарлық жүйені түбірімен өзгертуге құдіреті жетпеді. Философия басқа қоғамдық ғылымдар тәрізді бұрынғысынша идеологияның құрсауынан босап шығалмай соған қызмет етті. Жаңа идеялардың пайда болуы марксизмнің жолын кесіп өтуіне үзілді кесілді тиым салып, одан төмен тұрды. Оған қарсылық көрсеткендердің болашағы өмірімен жауап беруіне тура келді. Бұл уақыттары “новаторлық” қабілеттер, яғни шер толқытқандар ақиқаттан алшақтаған болып саналды. Философияның атқаратын қызметі социализмнің шаш бауын көтеру болды.

Марксизм, сөзсіз философияның дамуына және құнды идеялардың алға дамуына үлкен үлес қосқан болатын. Бірақ барлық философиялық мәдениетті марксизмге әкеліп тіреу орынсыз болар еді. Осылай бола тұрса да, осы уақыттың қиыншылығына қарамай, Қазақстанда халқаралық мойындауға ие болған философия, логика және ғылыми методологиялық мектептер қалыптасты. Ол мектеп қабырғаларынан Ж.М.Абдильдин, А.Н.Нысанбаев, А.Х.Касымжанов, К.Х.Рахматуллин, М.З.Зотов, М.Ш.Хасанов, А.А.Хамидов, А.Г.Косиченко, М.С. Сабит, М.С. Орынбеков және т.б. тәрізді көрнекті, талантты ғұламалар мен ғылымды ұйымдастырушылыр шықты.

Олардың еңбектерінде, материалдарында жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдар диалектикалық ойлаудың принципінде зерттеліп негізделді. Осы тұста таным қызметінің манызды принциптерін талдай отырып, осы пәнді тұтас, өз өзімен қозғалатын және ішкі байланыстарының қажеттілігін қарастыруды талап етті.

Қазахстандық философия және методологиялық ғылымдар мектептерінің тарихын шартты түрде үш кезенге бөлуге болады. Бірінші кезең (60-70-жылдар) ғылыми танымның логика-методологиялық мәселелерін талдай отырып, логика мен таным теориясы ретінде тұтастай диалектикалық позицияда қарастырды. Қазақстандық методологиялық - ғылыми мектептердің қалыптасуына Ж.М.Абдильдиннің, А.Н.Нысанбаевтің, К.Х.Рахматуллиннің, М.С. Орынбековтің және т.б. монографиялары үлкен мұрындық болды. Көптеген мақалалардың қатары тек Қазахстанда ғана жарық көрмей Россия, Польша, Германия, Венгрия, Болгария елдеріне де таралды. Олар теориялық-философиялық денгейді арттыруда көптеген басқа ғылымдар салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен маңызға ие болды.

80-жылдардың басында Қазақстандық философиялық ғылымы дамуының екінші кезені басталады. Ол кезеннің бірінші жоспарында пәндік-практикалық қызметтерді субъективтік тұрғыда түсіндіру, ғылыми проблемаларды әлеуметтік мәдени тұрғыдан үлкен қызығушылықпен зертеу тұрды. Сонымен қатар осы кезенде ғылыми танымның методологиялық мәселелерін жүйелі түрде зерттеуге әлеуметтік пен категориялдық анализдерді біріктіру жүзеге асты. Екінші жоспарында “Материалистік диалектика ғылыми танымның логикасы мен әлеуметтік қызметі ретінде”- үлкен лауазымға ие болып, мұрындыққа айналды..

Ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша ұжымдасып және жеке дара А.Н.Нысанбаевтың, М.С. Сәбиттің және т.б. монографтары дүниеге келді. Онда ғылыми танымдағы категориялдық пен әлеуметтік мәдени талдаулардың шектеулі бірлестігі тұтастай және жеке пәндерде көрініс табады: математикада (А.Н.Нысанбаев, Р Кадыржанов), физикада (М.З.Зотов, А.Г.Косиченко, М.С.Сәбит, М.С. Орынбеков), астрономияда (К.Х.Рахматуллин), биологияда, химияда және т.б.

Қазақстандық методологиялық мектепте республикамыздағы ойшылдармен ғана емес, Москва, Ленинград, Киев, Минск және т.б. қалалардың философиялық орталықтарындағы алдынғы қатарлы философтарымен етене байланыста болды.

90-жылдардың басынан үшінші кезең, қазіргі философиялық және методологиялық ғылыми мәселелерді зерттеу кезеңі басталады. Бұл кезеңнің өзіне тән сипаты ғылым мен техникаға марксистік анализ жасаудан босап, жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды философиялық-методологиялық және дүниетанымдық мәселелерімен зерттеуге бет алды. Пәндік-практикалық қызметтің принциптеріне, идеологиядан еркін, тарихи философиялық және тарихи мәдени мұраларға сүйене отырып, қазақ ойшылдарының зерттеу пәні әлеуметтілік пен тұлға болмысын тануда диалектикалық-логикалық принциптерді пайдаланды.

Осы тұста Философия институты мен философиялық оқу орындары кафедраларының философтары мен ғылыми методологтары ғылыми таным мәселелерінің барлық спекторларын қамтитын функцияларын диалектиканың принциптері мен категорияларын қайта өңдей отырып жүзеге асырды. Философиялық ізденістердің жаңа тенденциялары өз жемісін қазақ философиясы мен мәдениетінің тарихы бойынша (А.А.Касабек, Т.И.Әбжанов, Ж.А.Алтаев, Ғ.Есім, Т.Х Ғабитов, Б.Г.Нуржанов), жатсыну проблемасы бойынша (К.А.Әбішев, З.А.Мұқашев, А.А.Хамидов), этникалық интеграциялау мен рухани құндылықтардың бағытын іздестіру проблемалары бойынша (Б.К.Кудайбергенов, Н.Ж.Байтенова, Ж.Ж.Молдабеков) және т.б. диссертациялар мен монографиялар жарық көрді.

Бұл кезеңнің өзіне тән сипаты евроцентрлік логикалық парадигманың негізінде Шығыс пен Батыстың әртүрлі ойлау дүниелерін диалог ретінде талдап көрсету.

Бекітуге арналған сұрақтар:

1.Маркстік философияның пайда болу себептері.

2.Маркстік философияның орны, кемшілігі, маңызы.
12 Дәріс тақырыбы: XX ғ. -XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия.

Дәріс жоспары:

1. Феноменология.

2. Позитивизм философиясы.

3. Экзистенциализм философиясы.

4. Фрейдизм және неофрейдизм.

Қазіргі батыс философиясының аясында Х1Х ғасырдың аяғы ХХ1 ғасырдың басындағы АҚШ философиясы мен батыс-европалық философиясы түсіндіріледі. Бұл дәуір – адамзаттың рухани және материалдық дамуына өз үлестерін қосып, өздерінің талғамды және терең идеалдарымен философиялық мәдениетті байытуға ұмтылған, керемет ойшылдардың ордасына айналған классикалық емес философия дәуірі болды. Осы кезеңдегі батыс философиясынан – сол қоғамның бетке ұстар философтары, көптеген мектептер, бағыттар мен концепциялар орын алды. Олардың ішіндегі ең негізгі бағыттарға мыналар жатады: феноменология, позитивизм, сыни рационализм, прагматизм, постпозитивизм, неокантианство, экзистенциализм, персонализм, структурализм, постмодернизм.



Феноменология – бұл философиялық бағыт, сірескен натурализмнен философиялық сананы азат ете отырып, рефлексивтік сананың өзіңдік әрекеті мен ондағы мазмұндардың төркіні туралы философияның өрісін кеңейтіп, танымның негізгі көзін адамзаттың өмір сүруі мен мәдениетінен іздейді. Бұл бағыт өз бастамасын неміс философы Э.Гуссерльден (1859-1938) алады. Оның түсінігінше феноменология жаңа, қатаң философиялық ғылым ретінде яғни таза мән күйіндегі әлемді идеалды болмыс ретінде бейнелейтін сана феномені, сананы жекеленген нақты эмпирикалық мазмұндарынан тазартуға мүмкіндік беретін өз өзіне аян логикалық принцип. Бұл көп сатылы “феноменологиялық редукция” методының көмегімен жүзеге асып, нәтижесінде керек емесін тысқары тастап немесе “жақша ішіне алып” барлық қоршаған әлемді, барлық өмір сүруші көзқарасты, ғылыми теорияларды және зерттелудің пәніне айналып, отырған өмір сүру жөніндегі сұрақтың өзін қоса қарастырады. Осылайша біз реальдылық пен қатынастан босап, өз мазмұнының барлық байлығын сақтай отырып, сананың сферасындағы заттың өзіне қайта ораламыз. Бұндай редукция, яғни мәлімет, өзімен бірге негіздеу мен идеализациялау тәсілін ала жіреді. Демек, осы тұрғыдан қарағанда феноменология барынша байытылған және идеализацияланған ғылыми факта болалады. Гуссерлдің өзі оны дескриптивтік, не болмаса суреттеп беретін ғылым деп атаған болатын.

Феноменология таза, яғни затқа, таңбаларға дейінгі сананы бөлуге ұмтылады, немесе “субъективтік ағым”, және оның ерекшелігін анықтайды. Оның осылай болу себебі, сананың әртүрлі функциялармен күрделі қалыптасуында жатыр. “Таза” сананы бөле отырып, сананың жалпы мәнін түсінуге болады. Сананың басты сипаты жалпы оның әрдайым затқа деген бағыты, яғни қарқындылығы.



Позитивизм – бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ.

Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.

Позитивизмнің екінші тарихи формасы - эмпириокритицизм – шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.

Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм – ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия – табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды.



Прагматизм – бұл қазіргі философияның ағымы, өкілдері білімнің практикалық пайдалылығында қауіптің негізі жатқандығын айтып, адамзаттың бұл мәселесін шешуге тек фиософияның ғана шамасы келетіндігін айтады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері американ философтары: Ч.Пирс (1839-1914), Ч.Джемс(1862-1910), Дж. Дьюи (1859-1952).

Прагматизмнің негізгі идеяларын бірінші айтушы Пирс, интуитивтік таным мен туа бітті идеяны теріске шығарды. Оның айтуынша таным көруге мүмкіншілік болған жағдайда ғана орын алады. Объект туралы ұғымға осы объектінің әрекетінен туындап отырған барлық тәжірибенің салдарын қарастыру арқылы жетуге болады. Объект туралы біздің білімдеріміз әрқашан аяқталмаған, жалған және болжаулы ғана болып келеді. Бұл тек қарапайым білімге ғана қатысты дүние емес, соңымен қатар математиканы да, логикалық қорытындылар тәрізді жаратылыстану ғылымдарын да мысалдар арқылы жалпылама теріске шығаруы мүмкін. Ақиқат, Пирстің түсінігінше – бұл білімнің даму барысына қарсы келмейтін айқындылық пен анықтылық. Білімнің ақиқаттылығы практика жемістерінің сенімді шарттары болып табылады. Пайдалылық ақиқаттың мәні мен сенімділігін анықтайды. Практикалық қызығушылық ақиқатты іздеудегі біздің қызығушылығымыздың себебінен келіп туындайды.

Джемс бойынша, философия өз қабілетін болмыстың алғашқы бастамасын іздеуден емес, адамдардың өміріндегі әрдайым кездесіп отыратын оқиғаларды шешуге жарамды жалпы методты қалыптастырудан бастау керек. Тәсіл бізге анықталған зат ретінде әуел бастан берілмеген. Танымның барлық объектілері танымдық құдіретіміз арқылы тіршілік мәселелерін шешу барысында қалыптасады. Ойдың мақсаты табысқа жету жолындағы таңдап алынатын қажетті құрал болып табылады.

Философияның фундаментальдік ұғымы Дж.Дьюи бойынша тәсіл, яғни адамзат өмірінің барлық қырларының байқалар тұсы. Философияның міндеті, Дьюи бойынша, өмірлік тәсілді ұйымдастыруға, алдымен әлеуметтік болмыстың шенберінде, яғни адамдардың өмірін жақсартуға, олардың әлемдегі болмысын табуға негізделмек.

Оның құралы ақыл мен ғылыми метод болып, біздің прагматикалық талпыныстарымызға құрал, инструмент ретінде қызмет ету керек. Дьюи бойынша, идеялар, теориялар мен концепциялардың ақиқаттылығын, прагматикалық мақсаттағы жетістіктерге жетудегі жұмыстарда пайдалы жемістерін бере алғандардан ғана көруге болады. Осыдан келіп проблеманы шешуге қолайлы талданып алынған құрал субъективті немесе өндіргіш болуында емес, қойылған мақсат пен мәселенің байыбына жетуге жауап беруі керек. Прагматизм принциптері американдықтардың практикасы мен өмір сүруіне, сонымен қатар саясаттарына да барынша ықпалын тигізді.

Постпозитивизм. ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы 60-жылдарының басында неопозитивизм философиялық бағыт ретінде ғылыми зерттелуден тысқары қала бастады. Оның орнына “төртінші позитивизм” немесе постпозитивизм, яғни философия мәселесін қайта қарап, оның ғылымдағы, қоғамдағы және ғылыми зерттеулердің методындағы ролін анықтай бастады. Оның ең ірі өкілдерінің қатарына К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун жатады.

Постпозитивизмнің басты мәселесі ғылыми білімнің динамикасы мен дамуы. Оны алдымен жаңа теориялардың пайда болуы, оларды ойшылдардың бірлесе отырып қабылдауы, бәсекеге түскен ғылыми концепциялардың салыстырылуы мен таңдалу критерилері, жалпы ғылыми білімнің әлеуметтік-мәдени детерминациясы қызықтырады.

Постпозитивизм эмпирикалық пен теориялық білімдердің өзара қарым-қатынаста болатындығын айтады. Теорияның эмпирияға тигізер ықпалы зор екендігін нақтылайды. Фактіні тағайындау үшін теория қажет, сондықтанда фактілер белгілі бір анықталған кезеңде теорияға тәуелді одан қалды сонымен анықталады.

Постпозитивизмнің көптеген концепцияларының келесі ерекшеліктері ғылыми танымның дамуын түсіндіру барысында оларды кумулятивизмнен бас тартуға алып келеді. Олар ғылымның тарихы революциялық қайта қалыптасу кезеңінен ешқайда қашып құтылмайтындығын айтады. Ғылыми революцияның нәтижесінде ертеде мойындалған және санадан орын тепкен білімдер, тек теориялар ғана емес, сонымен қатар методтарда, фактілерде қайта қарастырылуға тура келеді.

Постпозитивизм ғылыми білім мен философияның арасын бөліп-жарудан бас тартады. Ол философиялық ойлардың озықтығын мойындай отырып, олардың ғылымнан ешқашан тыс қалмайтынын айтады. Постпозитивизмнің кейбір өкілдері ғылым, философия мен миф араларындағы қандайда бір ерекшелікті көруден бас тартады.

Сыни рационализм – бұл қазіргі философиядағы қандайда бір “таза” рационалистік моделді өндеп шығарумен айналысатын, барлық уақытта да барығына сенімділік танытатын бағыт. Ол постпозитивизмдегі ең ірі ағымдардың бірі бола отырып, ғылыми танымның методологиялық мәселесін өңдеуге өз үлесін қосады. Оның негізін салушы ағылшын философы К.Поппер (1902-1988ж.). Ғылыми білімнің табиғаты тұтас болып келеді, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ғылыми білімдермен философиялық концепциялар өте тағы “қабыса” отырып және өзара байланыста болады.

К.Поппер ғылым заңдылықтарын аналитикалық пайымдау мен оларды бақылаудан анықталмайтындығы айтты. Яғни ақиқат еместің жалған екендігіне, ғылымға фальсификациялау принципі қажет. Фальсификация – бұл ғылымға қатысты кез-келген орныққан анықтаманы жалғанға шығару принципі. К.Поппер ақиқат деп тәсілмен теріске шығарылмаған дүниені айтуға болады. Егерде кейбір орын алған “атомарлық” анықтамалардың теорияларының немесе гипотезасының жалған екендігіне жағдай туылса, онда сол теориялар мен гипотезалар теріске шығарылмақ. Егер гипотезаның тәсілдік теріске шығарылуы орын алмаса, онда ол ақиқат немесе ақталып шыққан болып саналады. К.Поппер үшін фальсификация принципі – бұл эмпирикалық тексеріс тәсілі емес, ғылымның белгілі бір орын алуындағы ғылыми білімнің мазмұнына сыни талдау жасау, барлық оның жетістіктеріне әркез сыни көзбен қарап отыру қажеттігі. Ғылым – бұл әрдайым динамикалық процесс, яғни үздіксіз өзгеріс үстінде болатын.

Сыни рационализмнің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқандардың қатарына сонымен қатар Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабендтер жатады.

Неокантианство – Х1Х ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде орын алған философиялық бағыт, яғни оның өкілдерінің шешпек болған философиялық проблемаларының өзегі сонау классикалық неміс философиясының алғашқы өкілі И.Кант философиясын талдаудан келіп шығады. Ол Германияда ХІХ ғасырдың 60 жылдарында орын алды. Неконтианстваның көпшілікке кең таралуы кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болмақ. Бұнда екі философиялық мектеп орын алады: Марбург және Баден немесе Фрейбург. Бұл мектептерге тән жалпы мәселелер Кант ілімінің ақылға сыйымды тұстарын қазіргі жағдайға қолайлы философиялық принциптерге сүйене отырып, қоғам мен ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге, ғылыми танымның методтарын зерттеуде философияны ғылымның сыни теориясы ретінде түсінуге тырысты: шындықты түсіндірудегі трансцендентальдық методқа арқа сүйеуге, таным шындықты бейнелеу немесе реальдылықты ұсыну ғана емес екендігіне сәйкес түсіндіруге, жалпы ғылымдағы танымның предметін іс-әрекет ретінде қалыптастыруға бағытталды.

Бірақта неокантиандықтың әртүрлі мектептері бұл жалпы принципті талдауда бір-бірінен өзгешеліктері жетерлік. Марбург мектебінің өкілі – Г.Коген (1842-1918), П.Наторп (1854-1924), Э.Кассирер (1874-1945) танымның трансцендентальдық методын өңдеуге бар күштерін салып, ғылыми танымды психологизмнен, яғни ғылыми білімнің антропологиялық негіздегі бірлігінен босатуға тырысып бақты.

Баден мектебінің өкілдері – В.Виндельбанд (1848-1945) және Г.Риккерт (1863-1936) ғылыми танымның методологиясын өндей отырып, оның философиядағы мәніне аса назар аударды. Философия олардың ойынша аксиология- құндылық туралы, нормативтік ілім. Оның пәніне субъекті мен құндылықтардың қатынасын зерттеу жатады. Риккерт бойынша, құндылық өз алдына бір “патшалықты” қалыптастырып, субъект пен объектінің арғы жағында жатырған “трансцендентальдық әлемнің маңызын” көрсетеді.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет