Оқу -әдістемелік кешен



бет39/71
Дата05.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#12676
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Дәріс №10
Тақырып Заттық сабақтар.
Дәріс мазмұны: 1. Заттық сабақтар, оларды жүргізудің әдістемесі.
2.Заттық сабақтар, олардың ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар.


Дәріс мақсаты. Заттық сабақтар, оларды жүргізудің әдістемесі

Заттық сабақтардың мақсаты – оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен, заттарымен нақтылы танысып, олардың арасындағы байланысты анықтайды. Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы пән туралы оқушыларға қаншалықты нақты түсініктер мен ұғымдар беретіні айқын елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр түрлі сарамандық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Заттық сабақтар топсаяхатынан кейін өткізіледі. Топсаяхат кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстарымен байланысын көрулеріне мүмкіндік береді.


Мұғалім заттық сабақтың мазмұны мен барысын, оның білімділік және тәрбиелік мәнін мұқият ойластырады. Сабаққа жабдықтар және табиғи объектілер дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалім объектіні өзі мұқият қарап, белгіленген жұмыстардың бардық түрін, әсіресе тәжірибеге байланысты жұмыстарды жасап шығуы керек. Жұмысты жүргізуге кететін уақытты дәл анықтауға, бұл жағдайда пайда болатын қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сабақта қарастырылған зат әрбір оқушының алдында болғаны жөн. Ол балаларды қарастырылатын заттарды тиімді қарауға баулиды. Олар заттардың әрқайсысының белгілі бір айқын белгілерін, көлемін, түсін, қозғалуын формасын байқайды. Оқушылардың затты қабылдау белсенділігі әр түрлі болуы мүмкін. Егер мұғалім затты көрсетіп отырып, оқушыларды сабаққа белсенді араластырмай,бәрін өзі айтып берсе, онда балалар тез шаршайды, материалды нашар ұғынады. Мұғалім балаларды ойландырып, сұрақтар берсе, бұл сыныпың жұмысы жандандырылады, оқушылар зейінін күшейтеді, оларды ойлануға, өздігінщше қорытындылар жасауға мәжбүр етеді, түсінуін және есте сақтауын оңайлатады.
Кезеңдері:

  • затты көрсету және оның атын анықтау;

  • заттың жалпы көрінісін байқау және оның негізгі бөліктерін белгілеу;

  • затты жан-жақты қарап, басты және екінші дәрежедегі белгілерін анықтау;

  • оқушыларға жақсы таныс басқа заттармен ұқсастық және айырмашылық белгілерін ашу;

  • зат туралы алған білімді қорыту және онан әрі жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет