Оқу -әдістемелік кешен


Өзін -өзі тексеру сүрақтары



бет46/71
Дата05.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#12676
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. Географиялық алаң, маңызы.
2. Оқушылармен жұмыс.
3.Тәжірибе участогі.
а ) Негізгі мәдени дақылдарды орналастыру.
б). Жыл бойы жұмыс жүргізуге түзілген жоспар .
Әдебиет Молдагалиева:
Дәріс №15
Тақырып . Шагын комплекті мектептерде оқитын оқушылардың ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны: 1. Аз комплекті мектептер. Сабақ ерекшелігі.
2. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
3. Ұйымдастыру формасы.
4. Табиғатқа топсеруен ұйымдастыру ерекшеліктері
Дәріс мақсаты Комплекті мектептерде оқитын оқушылардың ерекшеліктері
Мұғалім бір мезгілде 2 немесе 3 сыныпта сабақ жүргізілетіндіктен шағын комплектілі мектептерде сабақтың құрылымы өзгереді.
Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағанда әрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей оның орындалуын тексеріп оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды. Шағын комплектілі мектептердің негізгі белгісі бір сынып бөлмесінде мұғалімнің басшылығымен бірнеше сыныптардың қатар оқуы . Мұғалім сабақтың көп бөлігі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне бөледі. Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындалуы .Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім оқушының іскерлік дағдысын бақылай білуге ойлауын бақылап көреді.Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағандаәрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей оның орындалуын тексеріп, оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды. Шағын комплектілі мектепте барлық сыныпта бір дүниетанудан сабақ өткізуге болады.
Шағын комплектілі мектепте дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.

  1. Сөздік әдістер- баяндау, түсіндіру, әңгімелесі, сөйлету, таратып беретін түрлі карталар.Тапсырмалар бойынша сөйлету.

  2. Көрнекілік әдістер.Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылымтардың өзіне тән жаратылыс бітімін сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен тыңдап қабылжауға баулитын дидактикалық үрдісі.

Көрнекілікті 12 ғасырда Чехтің ұлы педагогы Ян Амос Каменский еңгізді.
Неміс педагогы Дистерберг пен Орыстың ұлы педагогы Ушинский “Көрнекілікті барлық пәндерге қолдану мүмкін және қажет” деген. Көрнекілікті үлгілерін пайдалануға Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.
Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай талаптарды ескерген жөн:

  1. Көрнекі құралдар оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.

  2. Әр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратын дай дәрежеде болуы тиіс.

  3. Көрнекі құралдар эстетикалық тәрбие беру көздерін көздеу.



2.Бақылау әдістері көрнекті педагог Ушинский шағын комплектілі мектептің оқушыларының логикалық ой мен тілін дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделуі керек. Мұғалім оқушыларды алдымен бақылауға , содан соң бақылауларын жинақтап ,ой қорытуға үйретуге міндетті.
Бақылауды бүкіл сынып бір мезгілде өткізуі және жалпы бір ғана табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс істеуге болады. Тек қана әр сыныпқа сәйкес сұрақтар қоюы тиіс.
Оқулықпен жұмыс шағын комплектілі мектептерде оқушының оқулықпен жұмыс істеуін ерте бастап, яғни баланың мектепке келгеннен бастап дағдыландыруымыз керек. Егер мұғалім осы күннен бастап, оқушының оқулықпен жұмыс істеуін дұрыс жолға қойса, онда келешекте мұғалімнің күнделікті жұмысын ұйымдастыру жеңіл болады. Мұғалім балаларды оқулықпен жұмысқа дайындау керек. Онсыз олар мақаланы түсіне алмайды.Дайындық мұғалімнің кіріспе әңгімесінде жүргізіледі. Ол сонда тиісті картина немесе басқа көрнекі құралдарды көрсете отырып, жаңа атаулар мен ұғымдарды түсіндіреді, Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырманың маңызын таңдап ұғындырады.
Шағын комплектілі мектепте 4 сынып оқушыларының білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуге арналған, ой-қылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін тест пайдалану өте тиімді.
2. Бақылау өткізуді ұйымдастырумен жазып алуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Балалар экскурсия кезінде де бақылайды.Бірақ бұл белгілі бір кезеңде болатын құбылыс.Сондықтан мектеп оқушыларын 1-ші сыныптан бастап жүйелі бақылай білуге үйреткен дұрыс.
Оқушылардың әрқайсысында календерьдан басқа жеке бақылау күндклігі болады.Оның жүргізілуіне мұғалім баға қояды. Мұғалім ай немесе маусым соңында бүкіл класқа жинақтап , қорытындылау сабағын өткізеді. Онда бақылау қорытындысын жинақтап қарапайым қорытындылар жасайды, салыстырып, сәйкестендіреді.
3.Шағын комплектілі ектеп үшін барлық класты біріктіріп , экскурсия өткізу тән құбылыс болып табылады. 3-ші сыныпта бір мезгілде күндізгі экскурсия өткізуге болады.
Мысалы: 1 сыныптағы экскурсия тақырыбы “Тірі және өлі табиғатты күзде бақылау”, сыныптағы экскурсия тақырыбы ” Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі күзгі өзгерістермен таныстыру.”, 3сыныпта “өз туған жеріндегі жануарлар мен өсімдктер”, Мұғалім мұндай жағдайда әрбір класқа нақтылы тапсырмалар береді.
1-сынып. Бояулы әр түрлі түрлі түсті жапырақтарды жинау, жапырақтардың ағаштардан қалай түсетіндігін бақылау. Құстардың қайтуға әзірлігін байқау.
2-сынып. Ағаштардың, бұталардың, шөптесін өсімдіктердің қалай өзгеруін бақылау. Өсімдіктердің, жемістердің пісіп детілуін, таралуын, тұқымдарын жинау.
3-сынып. Біздің жерде қандай өсімдіктер өсетінін айқындау. Жергілікті жердің топырағынан үлгі және коллекция үшін өсімдіктер жинау.
Шағын комплектілі мектепке жаңа материалды түсіндірудегі мұғалімнің рөлі өте зор. Анық, айқын және қысқаша түсіндіру керек. Сыныптың оқушылары мұғалім басқа бір класпен жұмыс істеп жатқанда , өз бетімен жұмыс істейтіндей боып жұмыстануы керек.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет