Үй тапсырмалары Оқу жұмысының түрлерінің бірі - оқушылардың үй тапсырмасын орындауы. Оқытушы үй тапсырмасын түсіндіруді сабақтың маңызды кезеңінде айналдыруға қол жеткізу керек. Оқушылардың үй тапсырмасын ойдағыдай орындауы не істеу керек екенін ғана емес, сонымен бірге оны қалай орындау керек екенін де білу керек.
Үйдегі оқу жұмысының табысты болуының маңызды шарттарының бірі оқушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйрету міндеті болып табылады.
Ол үшін оқушыларды оқу материалдарын жаттап алуға емес, оқушы сабақта берілетін білім мен оқушылар оқулықты оқығанда өздігінше алатын білімнің арасындағы байланысты орнатуға бағыттау керек. Мектепте білім алудың бүкіл әдістемесі оқушылардың үйде өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға негізделіп құрылған . Оқушылардың сабақта алатын білімдерден өмір тәжірибесіне пайдалануға, ал екінші жағынан өмірде алған білімдерін оқу процесінде толығырақ үйретудің маңызы зор. Қазір ғаламдағы информация көздері алуан екендігін ұмытуға болмайды. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі мұны оқу процесі барысында есепке алып, белгілі бір мәселе бойынша оқушылардың не білетінін анықтап, сол білімдердің негізінде жаңа материалды хабарлауға міндетті. Үй тапсырмаларын орындауда Табиғатты бақылау күнделігінің үлкен маңызы бар. Оқушылар ауа райында өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде маңызы бар. Оқушылар ауа райында өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде, адамның күнделікті еңбегінде күн сайын өзгешеліктер болып тұратынын бақылау керек. Сол бақылағандарын осы күнделікке ұқыпты жазып отыруы керек. Әр айға арналған материалдар мен сұрақтарды түгел оқып шығып орындауы керек. Оларға жауап беру үшін кейде алдын-ала дайындық жасау қажет болады. Берілген суреттерді бояп, жұмбақтарды шешіп өлеңдерді жаттап алуы керек. Осы үй жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғатты және адамдардың еңбек әрекетін бақылау жөніндегі өз бетімен жасалған жүйелі түрде ұйымдастырушылыққа мүмкіндік береді. Балаларға қай жерде нені және қалай бақылауды көрсетіп осығанүйретудің маңызы зор. Алынға нәтижелерді қорыту және талдау жұмыстың маңызды кезеңі болып табылады. Көпшілік жағдайда оқушылардың жүйелі бақылаулар жүргізу қажетін түсінуі осымен байланысты.
Үй тапсырмаларында тәжірибелер мен машықтық үлкен орын алады. Мыс: оқушылар үйде өсімдіктердің өсуі мен дамуында жарықтың, жылудың , ылғалдың әсерін зерттеп өсімдіктің өркендеуі мен жапырақтарының шыға бастауының , гүлдеп өсімдіктер бойлағанға дейінгі бүкіл өсу жолын бақылай алады.
Аквариумдағы балықтарды бақылай отыырып, оқушылар балықтардың дене бітімін, қозғалу әдістерін, құлқын олардың өсіп жетілуін, өмір сүру жағдайларының әсерін атай алады.
Балықтар естиді ме, бояуларды ажырата алады ма және т.б. анықтауға мүмкіндік беретін тәжірибелер жасауға болады. Бақылау үшін құмның, саздың топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау үшін тәжірибелерді және сабақта алған білімдері мен іскерліктерін бекіту үшін үйде жасай алады.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың үйде оқулықпен істейтін жұмысына көп көңіл бөледі. Мұғалімнің міндеті оқулықпен істелетін жұмысты ол бойынша берілген тапсырмалар оқушының ойлау әрекетінің белсенді және алуан түрлі жүруші жағдай жасайтындай. Олардың таным әр түрлі жақтарын дамытатындай етіп ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған үйдегі оқу жұмысы мектептегі оқу сабақтарын өтуді жеңілдетеді.
Оқу жұмысының түрлерінің бірі - оқушылардың үй тапсырмасын орындауы. Оқытушы үй тапсырмасын түсіндіруді сабақтың маңызды кезеңінде айналдыруға қол жеткізу керек. Оқушылардың үй тапсырмасын ойдағыдай орындауы не істеу керек екенін ғана емес, сонымен бірге оны қалай орындау керек екенін де білу керек.