ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Түрегеліп тұрып орындалатын әдістер түрлері



бет4/8
Дата20.06.2018
өлшемі487 Kb.
#43326
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Түрегеліп тұрып орындалатын әдістер түрлері.
Жоспар:

1. Күрес өнерінің майталмандарын тәрбиелеу.

2. Техникалық шеберлікті шындау.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992

Лекция мәтіні

1. Күрес өнерінің майталмандарын тәрбиелеу барысында, жан-жақты техникалық дайындығы. Бұл жан-жақты дайындықтың көрсеткіші боып саналатындар кілем үстіндегі жекпе-жек барысында пайдаланған тәсілдердің сан алуандығынан көрінеді. Техникалық шеберлігі өте жоғары дәрежедегі балуанға тән сипат-күрестің барлық түрінде де әдісті жүйелі пайдалана отырып жеңіске жетуінде. Мысалы, аяқта тік жүріп күресу мен төрт тағандап күресі – шебер балуан үшін кілем үстінде проблема туғызбайды, сондықтан да «балуанға оңы да бір, солы да бір»-деген аталы сөз майталмандылыққа берілетін баға болса керек. Бір ескеретін жайт, күрес техникасының барлық түрін меңгеруді негізгі қағида дей түсіну қате пікір, ал әрбір балуанның өз физиологиялық, анатомиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты белгілі әдісті асқан шеберлікпен дер кезінде пайданың жеңіске жетуі мүмкін, сондықтан да бапкер күрес техниксын толық меңгеруді талап ете отырып, әрбір балуынның қыр-сыры өзіне ғана мәлім әдістер таңдауын ескертуі қажет.

Күрес өнерінен шеберлікті шыңдау барысында тек жаттығуды ғана шеберлік көзі деп онымен шектелуге болмайды. Ол үшін құрама комнда мүшелерін алдағы жарысқа дайындау барысында тек күрес техникасына көңіл бөлуді мақсат етіп, күрес тактикасы мен болашақ бәсекелесіне тәне ерекшелектерді де назардн тыс қалдырмау жаттытғу стратегиясы болуы міндетті. Осыған байланысты төмендегі шартарды басшылыққа алу керек.

1. Арнайы жарысқа дайындық барысында балуан ең осал сезінетін тәсілдерін күрделендіруге бағытттауы керек.

2. Балуанның бұрынғы меңгерген техникалық шеберлігіндегі олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа күрес элементтерін балуанның жарыстағы пайдаланылатын бағдарламасына енгізуі.

3. Күрес техниксының әрбір жеке тобынан белдесуге тікелей әсер ереін жаңа құрама әдіс жүйесін жасау.

4. Үнемі кездесіп жүрген қарсыласына кілем үстінде басымдық жасай алмасу үшін қарсы техникалық шешім табуды ойластыру қажеттілігі.

2. Техникалық шеберлікті шындау жаңа әдістер ойлап табуға ретсіз, бет бұрушылық емес, керісінше бұрын жақсы, нәтижелі меңгерілген әдіс-айлаларды қайтадан жаңғыртып оны әрбр күрес сәтінде пайдаланылып қалуды үнемі ескерту – бапкерлер әдістемесіндегі ұтымды кезең. Техникалық шеберлікті үрделендіру үшін әрбір бапкер ұстаз жарысқа баптап жүрген шәкірттеріне тегеурінді қарсылық жасай білетін бәсекелес тыңдай білуі орнды. Себебі, жарысқа дейін өзіне төтеп бере алатын күш иесімен бетпе-бет келіптер төкпеген балуан, жарыс барысындағы өз қрасыласына жұмсайтын күш-қуатының мөлшерін дұрыс бақылай алмайды да, жекпе-жекте болашақ бәсекелесіне алдын, ала даярлаған әдіс-айласын сынап көру т.б. сияқты. Жаттығу кезеңіндегі қарсыласын таңдау-алдағы өткізілетін жарысмерзіміне байланысты болып жоспарлануы керек, себебі, ойға алған техникалық тәсілін бұларға пайдалану онша күшті қажет етпейді, ал жарыс жақындаған сайын өз салмағындағы уақытты қарсыласы мен белдескені тиімді болмақ.

Әриине, жаттығу барысында кейбір техникалық әдістерді, орындауда шәкірттер қателіктер жіберері хақ. Сондықтан да, жаттығу шеберлікті шыңдау кезеңі тек жаңа әдістерді ғана үйренуімен шектелмей, өткен жаттығуларда меңгерілген әдіс-айлалардағы сәтсіздікке алып келетінқателіктерді түзетуге арнауы өмір талабы, жаттығу мазмұны болуы міндетті. Тәжрибелі жаттықтырушыға тән педагогикалық шеберлік үнемі өткен жаттығуларға талдау жасай отырып қателіктерге жол бермеу әдістемесінің жаңа көздерін қарастыруға арналады. Белдесуге деген құштарлық жақсы меңгерілген әдіс-айладан ғана туындап отыратын құбылыс. Сондықтан да әдіс-айланы толық меңгертпей тұрып жарыс жолына шығуға шәкірттерді асықтырмау бапкер әдептілігі болып саналыды.

Халқымызда – «Буынсыз жерге пышақсалма-жүзін қайтарасын» деген нұсқа бар. Егер сіз бабына келмеген, белдесу шеберлігі әлі де піспеген жасты додаға салып алғашқы сәтсіздігі мен бетін қайтарсаңыз, оның жанын жаралағаныңыз болып саналады. Мұндай психологиялық күйзеліс, шәкірттің жігерін қайтарып, оның бойына біткен қаілетіне нұқсан келтіреді. «Аииың-шабысы бабында» деген емес пе? Сол сияқты -әрбір жаңа бастаған балуанға –демей-ақ чимпиондық тәжді киесің деп жеңіл олжаға ойын үйрету үлкен қателік. Үлкен спортшы болу үшін талай тер төгіліп, талай шапан жыртыларын дәйім ескерту қажет.


17-лекция
Жатып, төрттағандап орындалатын әдіс түрлері.
Жоспар:

1. Палуанның мүмкіндіктері шектеулі.

2. Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005



Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Техникалық арсеналы аз болса, палуанның мүмкіндіктері шектеулі болады, ол күрескенде тек бір әдісті ғана қолдана береді.Сондықтан бірнеше әдіс түрлерін ғана меңгеріп алған спортшыға турнирлік жарыстарда жеңіске жетем деп үміттенуге болмайды. Бір белдесуде өзінің жақсы көріп қолданатын әдісін көрсетіп алғаннан кейін, оны екінші колдана қоюы едәуір қиынға түседі. Алғашқыдағыдай ол күтпеген тәсіл бола алмайды, оның ойын қарсыласы оңай біліп қояды да, қарсы айла қолданып, алдырмайды. Спортшының күресіндегі және жарысқа түскендегі әдіс қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ өзінің жақсы білетін амалдарын қай жағынан да дұрыс қолданып кетуіне байланысты. Қай жағына келсе де, әдіс қолдануға шебер палуан қарсыласын қиын жағдайда қалдырады, оған өзінің шын қауіпті қай жағынан төндіретінін білуге мұршасын келтірмейді. Мұны былай қойғанда, ондай спортшы шабуыл жасап жеңіске жету жолында қосымша бір қатар сәттерді пайдалауға мүмкіндік алады. Палуандардың техникалық дайындығының жан-жақты болуы керектігі жөнінде айтқанда, біз оларды әртүрлі топтағы амалдарды мінсіз орындай алулары, шабуылға шыққанда жиі қолданылатын амалдарға қарсы амал қолданулары, сондай-ақ барлық амалдардан да қорғана алулары қажеттігін есте ұстаймыз[1, 125-128 бб] .

Егер спортшы қандай болмасын бір амалдан қорғана алмайтын болса, оның әлсіз жерін біліп қалған қарсыласынан сөзсіз жеңіліп қалатындығын күні бұрын-ақ айтуға болады.

Палуанның кілемде өзін еркін ұстауын, жеңіл қозғалуына, артық күш жұмсамай қимылдауының да маңызы бар. Егер кімде-кім кілем үстімен әр түрлі бағытта еркін қозғала алмайтын болса, ол әр түрлі техникалық және тактикалық тәсілдерді қолдана алмайды, шапшаң және күтпеген жерден әрекет ете алмайды. Палуанның тактикалық мүмкіндіктері көбінесе оның физикалық қабілетіне байланысты. Шапшаң, қайратты, икемді және көпке дейін шаршамайтын болса, атлет жеңіске жету үшін әр жолы өзіне қолайлы сәтті қолдана алатын болады. Мысалы, палуан көпке дейін шаршамайтын болса, қарсылысының кім болуына қарай неше түрлі қарқынмен күресе алады. Икемі мол, шапшаңдығы әбден жетілген спортшының күресте үнемі шиеленістіре түсуге, қарсыласының алдын орып кете беруге, оның ізін аңдып, амал қолдануға мұрша бермеуге мүмкіндігі болады. Әр түрлі амал-айланы жүзеге асырудағы күш пен шапшаңдақтаң мәнін айтып жеткізу қиын. Егер палуан күрес тәсілдерін баяу және тиісінше қайрат көрсетпей қолданатын болса, ол тәсілін қанша ойланып істегенімен мақсатына жете алмайды, қарсыласы мұндай жағдайда оңай қорғана алады [2,6-10 бб].



2. Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру. Екі палуан да оң жағымен тұрады. Шабуылдаушы аяқтарын иығының аралығындай алшақ, ал оң аяғын қарсыласының оң аяғына жақын қояды. Сол қолымен қарсыласының жеңінен, оң қолымен жағасынан ұстайды. Солға қарай айнала беріп, сол аяғын оң аяғының қасына қою керек. Арттағы (сол) аяғын қозғаған кезде оң аяғын солға бұрып өкшесін көтеруі тиіс. Денесін солға бұрып, қолдарымен қарсыласының кеудесін өзінің оң бүйіріне, ал оның қолын өзінің кеудесіне мықтап қысып, сол күйде еңкейеді. Жамбасы қарсыласының жамбасынан сәл төменде, аяқтары бүгіліңкіреп тұрады. Сол қозғалған қолдарымен өзінің астына- төменге қарай жұлқып, еңкейіп барып, денесімен алға, солға айнала беріп, аяқтарын тіктеп алып құлайды. Бұл кезде басын солға бұрады. Тәсілді аяқтай бергенде қолдарымен тағы бір жұлқып, денесін солға барынша бұрып барып, қарсыласын жауырынымен кілемге түсіреді.

18-лекция


Жатып, төрттағандап орындалатын әдіс түрлері.
Жоспар:

1. Белбеудің артынан және жеңнен ұстап шалқалап лақтыру.

2. Белбеудің артынан және жеңнен ұстап шалқалап лақтыру.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру. Шабуылдаушы оң жағымен тұрады. Сол қолымен қарсыласы киімінің оң иығынан арқасына таман ұстап оған арқасына қарап айнала беріп, оң қолын бос күйінде оның басынан асыра жүргізеді де, қарсыласының сол қолын өзінің кеудесіне қысады. Айналып бола бергенде қарсыласының кеудесінің өзінің оң қолтығына қарай қайтарып, оның қолын қабырғасына қысып, кілемге түсіреді.

Күрес кезінде палуан әрекеттерінің көбі қарсыласының қимылына қарсы әрекет болып табылады. Сондықтан спортшының терісімен бұлшық етінің сезгіштігінің үлкен маңызы бар. Өйткені оның қарсы әрекетінің шапшаңдығы едәуір дәрежеде палуаннның осы сезгіштік қасиетіне байланысты.Терісі мен бұлшық еті өте сезгіш, сонымен қатар техникасы жетілген әрі тәжірибелі болса, спортшы күрес кезінде болатын әр түрлі күтпеген жағдайларға дер кезінде жауап беріп, палуанның аса маңызды тактикалық құралы-қарсыласының алдын алып әрекет етеді. Жан-жақты дайындығы, күш, шыдамдылығы, икемі, т.б. жетілген сайын палуанның тактикасында өзгеріп отырады. Тактика жөніндегі білім терең десе, ол палуанның әр қилы мүмкіндіктерінің толық көрінуіне ықпалын тигізеді. Мысалы күрескен кезде жарыстарды күшін тактикалық жағынан сауатты пайдаланатын болса, тез шаршамайды да ұзақ уақыт күшін сарықпай күресе алады.Спортшының тәсіл қолдану шапшаңдығы мен қарсыласына әсер ету күші оның күрескен кезде сәт сайын өзгеріп отыратын жағдайды қас –қағымда қабылдап дұрыс бағалай алу, ең қолайлы сәтте әрекет етуіне байланысты.

Кеудеден асырып лақтыру. Бұл тәсіл аяқты тіктеп, қарсыласты жоғары – артқа қарай жұлқып, шалқалап құлау арқылы орындалады. Ол үшін арқа және аяқ бұлшық еттері жақсы жетілуі тиіс. Мұны аласа қарсылысы тіке тұрып күрескенде, сондай-ақ қарсылас шабуылдаушыға қарсы жүргенде орындаған дұрыс.

2. Белбеудің артынан және жеңнен ұстап шалқалап лақтыру. Орташа қашықтықтан немесе жақынан шабуылшы тік тұрған күйі қарсыласын белбеуінің артынан ұстап, оны кеудесіне қысып бір мезгілде тізесін бүгеді. Шалқалап, қарсыласы орнынан тұрғанда, оны жамбасымен алға – жоғары қарай қағып, көтеріп, белбеуден ұстаған жағына бұрылады да, оны өзінен асыра лақтырып жібермеген күйі жауырынын кілемге тигізеді.

Тактикалық даярлық: бұл тәсілді қарсыласы шабуылдағанда оны еркін қимылдатпай тежеп , содан соң орындаған ыңғайлы.

Палуанның тактикалық мүмкіндіктеріне оның техникалық және жан-жақты даярлығымен қатар психологиялық даярлықта әсер етеді, батыл және инициативасы мол спортшының тактикалық айла тәсілдері де көп бұрын соңды кездесе бермейтіндей болып келеді, сондай-ақ ол күрескен кезде қарсыласына өзінің ойға алғанын істете алады. Салқын қандылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық, ерік күшінің басқа да қасиеттері палуанды күрестің қиын қыстау кезінде жол табуға, қолайлы тактикалық вариант таңдап алып, оны жүзеге асыруға қабілетті етеді.

Тиісті психологиялық дайындығы болмаса өте –мөте толқиды, сөйтіп оның күрестің қалай аяқталатынын ойлап болатыны сондай, тіпті кілемге шыққанда өз әрекетін бақылаудан қалады және тактикалық жағынан дұрыс ойлау қабілетінен айырылады. Мұндай палуан айқас кезінде енжар қимылдайды, жағдайды дер кезінде дұрыс қолдана алмайды, қарсыласының қимыл-әрекетінен кешгіп қимылдайды. Шамадан тыс мазасызданып, батылдығы мен табанлдлығынан айырылғандықтан спортшының реакциясы кешігіп қана қоймай, күшін де дұрыс мөлшерлеп жұмсай алмайды, қарсыласының жалған қимылдарына барын салып әрекет етіп, сөйтіп оның шабуылға шығуын оңайлатады. Қиындықтан жасқанатын палуан қарсыласының еркіне бағынады да, айқастың тактикалық жоспарын орындау мүмкіндігінен, олай болса алға қойған мақсатын орындап шығу мүмкіндігінен де айырылады. Жағдайға қарай өзгеріп отыратын әр түрлі тактика спортшыдан ұдайы батылдық, белсенділік, тапқырлық, творчествалық инициатива көрсетуін талап етеді. Өйткені айқасқанда және жарыс кезінде палуанның өз бетімен әр түрлі тактикалық міндеттерді шешуіне тура келеді.

Қиын әрі ұдайы өзгеріп тұратын айқас жағдайында дұрыс бағыт тауып, дұрыс шешімге келу үшін, өзгерістерге дәл және дер кезінде көңіл аударып, қимыл көрсету үшін спортшының логикалық ой толғауы жақсы жетілген болуы және ол әрбір тактикалық амалдарын ойлап істеуі керек.

Тактикалық ойлау жан-жақты ойластырылған есепке негізделуі тиіс және ол тез өсу керек. Әсіресе, айқас кезінде тез ойлауға үлкен талап қойылады. Сондықтан жағдайды бағалау және шешім қабылдау кейбір эпизодтарда көп ойланбастан (автоматты түрде) жүзеге асырылуы тиіс.

Палуанның ойлау қызметі қиын жағдайда (күш жұмсау, қарсыласының тәсіліне ілініп жеңіліп қалу қауіпі, әр түрлі эмоциялар, шаршап шалдығу ) өтеді. Сондай-ақ, ойлау қызметі бірқатар факторларға, оның ішінде спортшының жарысқа қатысу тәжірибесіне өзінің көңілін басқара алуына байланысты. Жоғарыда айтылған осы қасиеттердің тіпті біреуі жеткілікті дамымаған болса, спортшының тактикалық ой қорытуының нәтижесі төмендейді. Тактикалық ойлаудың аса маңызды ерекшелігі көрегенділік болып табылады. Көрегендік жасау дегеніміз – ойша алға көз жіберу, болатын жағдайды елестете алу, айқастың және тұтас жарыстың нәтижесіне байланысты болатын ондағы басты, шешуші нәрсені дөп басу.

Айқастың және тұтас алғанда жарыстың қандай бағытта өріс алатынын палуанға көрегендікпен болжауға көмектесетін ойлау қызметінің негізі – спорттық күресті терең білу. Сонымен қатар қарсыласының шеберлігінің және күресу жағдайының ерекшеліктерін ескеріп өзін қарсыласының орнына қоя білу, оның ойын, қандай қимыл көрсететінін қателеспей табу қажет. Егер палуан қарсыласының ойын тауып, оның жасауы мүмкін әрекетін алдын-ала білетін болса, мұндай спортшының бұл айқастағы техникалық және тактикалық мүмкіндіктері арта түседі де ол өзіне қолайлы жағдайда болады деп айтуға болады. Қарсыласының қимылы оған белгілі болғандықтан ол мұны жығып кете алмайды. Өйткені спортшы бәсекелесінің шеберлігіндегі осал жерін пайдаланып, алдын-ала қарсы амал қолданады, сөйтіп қарсыласы күтпеген жерден шабуылдай алады. Алайда бәрін күні бұрын білу мүмкін емес. Күрескенде және жарыс барысында күтпеген жағдайлар болып, палуанға ойға алғанын орындауға қолбайлау болатын әртүрлі кедергілер ұшырасуы ықтимал. Көбінесе қарсыласы спортшының ойында, үмітінде жоққа шығарып отырады. Сондықтан спортшының тактикалық ойын жағдайға қарай жедел өзгерте алуының өте үлкен мәні бар [3,10-15 бб].

Әртүрлі күтпеген жағдайға дайын болуы, қандай жағдай болсада тактикалық бағытын дұрыс анықтау үшін ойланып әрекет етуі керек. Спортшының тактикалық ойы жақсы дамып жетілген болса, бұрын белгіленген әрекет ету жоспарына тиісті түзетулер енгізіп, қарсыласынан басым түсуге көмектесетін жаңа жолдар табуға мүмкіндік береді. Тактика бір қалыпты бола алмайды. Әрдайым біртүрлі амал қолдана беретін болса, спортшының жақсы нәтижеге жетуі қиындайды, өйткені оның қарсыласы әр уақытта қарсы амал дайындап үлгереді де, оны пайдалануға мүмкіндік алады. Жаңадан әртүрлі жол табу, қандай болмасын тактикалық міндетті творчестволықпен шешу, әрдайым жаңаша іздену – табысқа жетудің бұлжымайтын шарттары.
19-лекция
Ауырту, созу әдістері, бағындыру әдістері.
Жоспар:

1. Еркін күрес теориясы мен әдістемесі.

2. Еркін күрес методикалық факторлары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005



Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Еркін күрес теориясы мен әдістсмесі ғылми және оқу пәні есебінде жетекшілік роль аткара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге, осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін жете білуі, оның, педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты бағыты. Әртүрлі деңгей мен формаларда, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалыктарды біліп отыруға, кейбір теориялық және практикалық жаналыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндетгерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқаратын ролін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық нәтижесін жасауға аталып отырған пәннің маңызы зор. Нақты ғылыми және оқу пәні есебінде білімнің кай бір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні деп бір немесе басқа да ғылыми пәндеріге тән ізденістің обьектісін немесе публиктісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталған мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды.

2. Еркін күрес туралы ғылымда ізденіс объектісі мынандай методикалық факторлар болуы мүмкін: - дене шынықтырудағы жаттығулар жүйесі, оқыту әдісі т.б. Ал ізденістің субъектісі деп жаттығуларын орындау кезінде адамның реакциясын немесе Іс-қимылын зерттеуді айтады. Сөйтіп кез-келген педагогикалық ізденіске зерттеу объектісі субъектіден бөлек өмір сүруі мүмкін емес және субъектісіз объектіде өмір сүрмейді.

Әлеуметтік құбылыс есебінде дене тәрбиесінің, жалпы тұрақтандыру дене тәрбиееінің теориясын зерттеу пәні больш табылады. Жалпы заңдылықтар деп халықтың кез-келген бөлігіне дене тәрбиесінің тең дәрежеде қатыстылығын, айтады (балалар мен ересектердің, дене шынықтыру жаттығулары мен енді ғана айналысушылар мен жоғары дәрежелі спортшыларды).

Дене тәрбиесінің әдістемелік зерттеу пәні дәл дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын тұрақтандыру және педагогикалық процесстее нақты бағыты бар жалпы заңдылықтарды жүзеге асыруды айтады. Дене тәрбиесінің заңдылықтары диалектикалық материалдан ашқан табиғат құрамындағы жалпы заңдылықтарының жеке көрінісі.

Жоғарыда айтылған ойды түйіндейтін болсақ, дене тәрбиесінің заңдылықтары арнаулы таным әдістері және адам денесінде болатын өзгерістер және методологияның бірі - дене тәрбиесінің методологиясын құрайды Оның жалпы методологиясымен байланысы мынадай жағдайларға тәуелді: жалпы методология жөніндегі ережені пайдаланудан, дене тәрбиесі сияқты әлеуметтік құбылыстың заңдылықтарын ғылым зерттеулердің бар екенідігінен, түсінік аппаратының кең көлемде пайдалануынан.

20-лекция


Ауырту, созу, әдістері, бағындыру әдістері.
Жоспар:

1. Күрес өнерінің техникалық дайындығы.

2. Техникалық шеберлікті шындау.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Күрес өнерінің майталмандарын тәрбиелеу барысында, жан-жақты техникалық дайындығы. Бұл жан-жақты дайындықтың көрсеткіші боып саналатындар кілем үстіндегі жекпе-жек барысында пайдаланған тәсілдердің сан алуандығынан көрінеді. Техникалық шеберлігі өте жоғары дәрежедегі балуанға тән сипат-күрестің барлық түрінде де әдісті жүйелі пайдалана отырып жеңіске жетуінде. Мысалы, аяқта тік жүріп күресу мен төрт тағандап күресі – шебер балуан үшін кілем үстінде проблема туғызбайды, сондықтан да «балуанға оңы да бір, солы да бір»-деген аталы сөз майталмандылыққа берілетін баға болса керек. Бір ескеретін жайт, күрес техникасының барлық түрін меңгеруді негізгі қағида дей түсіну қате пікір, ал әрбір балуанның өз физиологиялық, анатомиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты белгілі әдісті асқан шеберлікпен дер кезінде пайданың жеңіске жетуі мүмкін, сондықтан да бапкер күрес техниксын толық меңгеруді талап ете отырып, әрбір балуынның қыр-сыры өзіне ғана мәлім әдістер таңдауын ескертуі қажет.

Күрес өнерінен шеберлікті шыңдау барысында тек жаттығуды ғана шеберлік көзі деп онымен шектелуге болмайды. Ол үшін құрама комнда мүшелерін алдағы жарысқа дайындау барысында тек күрес техникасына көңіл бөлуді мақсат етіп, күрес тактикасы мен болашақ бәсекелесіне тәне ерекшелектерді де назардн тыс қалдырмау жаттытғу стратегиясы болуы міндетті. Осыған байланысты төмендегі шартарды басшылыққа алу керек.

1. Арнайы жарысқа дайындық барысында балуан ең осал сезінетін тәсілдерін күрделендіруге бағытттауы керек.

2. Балуанның бұрынғы меңгерген техникалық шеберлігіндегі олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа күрес элементтерін балуанның жарыстағы пайдаланылатын бағдарламасына енгізуі.

3. Күрес техниксының әрбір жеке тобынан белдесуге тікелей әсер ереін жаңа құрама әдіс жүйесін жасау.

4. Үнемі кездесіп жүрген қарсыласына кілем үстінде басымдық жасай алмасу үшін қарсы техникалық шешім табуды ойластыру қажеттілігі.

2. Техникалық шеберлікті шындау жаңа әдістер ойлап табуға ретсіз, бет бұрушылық емес, керісінше бұрын жақсы, нәтижелі меңгерілген әдіс-айлаларды қайтадан жаңғыртып оны әрбр күрес сәтінде пайдаланылып қалуды үнемі ескерту – бапкерлер әдістемесіндегі ұтымды кезең. Техникалық шеберлікті үрделендіру үшін әрбір бапкер ұстаз жарысқа баптап жүрген шәкірттеріне тегеурінді қарсылық жасай білетін бәсекелес тыңдай білуі орнды. Себебі, жарысқа дейін өзіне төтеп бере алатын күш иесімен бетпе-бет келіптер төкпеген балуан, жарыс барысындағы өз қрасыласына жұмсайтын күш-қуатының мөлшерін дұрыс бақылай алмайды да, жекпе-жекте болашақ бәсекелесіне алдын, ала даярлаған әдіс-айласын сынап көру т.б. сияқты. Жаттығу кезеңіндегі қарсыласын таңдау-алдағы өткізілетін жарысмерзіміне байланысты болып жоспарлануы керек, себебі, ойға алған техникалық тәсілін бұларға пайдалану онша күшті қажет етпейді, ал жарыс жақындаған сайын өз салмағындағы уақытты қарсыласы мен белдескені тиімді болмақ.

Күрес өңірінде бапкерлердің жақсы нәтижеге жетуінің бірден-бір кепілі күрес әдістрін жүйелі түрде жетілдіріп отыру болып табылады. Олар өз шәкірттеріне тән ерекшеліктерді зерттеп, байыпты толық мәліметтер түзіп, жаттығуға алдын-ала дайындығын бағып көрсетеді. Шеберлігі шыңдалған бапкерлер –шәкірттер өсуіне, олардың организмдеріне тән мүмкіншіліктерді ескере отырып, жаттығу бағдарламасының арнайы кезеңдерден тұратын нақты жоспарлар жасайды.

Бапкерлер үшін алғы шарттардың бірі-жаттығушылардың күш қуатын арттырудың көзін тауып, күрес өнерімен машықтанушылар үшін оның басты мақсат екендігін ескерулері шарт. Себебі, күрестегі тактикамен техниканы белдесу барысында іске асыру балуанның күш-қуатына тәуелділігінде. Мысалы, қайратты, жойқын күш иесі-белдесі дарысында бәсекелесін өздегеніне көндіре алады. Ал шапшаң, шалт қимылды меңгермеген балуан әдіс қолдану сәтте үнемі кешігіп, сәтті кезеңдерді дайым қолдан шығарып алады. Нәтижеде ол қарсылысының жетегінде кетіп жеңіске жету үмітінен айырылады.

Күрес өңіріндегі тактикалық шеберлік-балуанның екрік-жігерінің жоғарылығына да тәуелді. Оған, батылдық, табандылық, тәуекелшілдік және бастамшылдықты жатқызуға болады. Мысалы, бір балуан бастапқы-кезеңнен-ақ жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, белдесуді жеңіспен аяқтауды қамтамасыз етсе, екінші біреулері қарсыласын күрес барысында әдеп қалжыратын барып жекпе-жектің соңғы кезеңінен өз қолына ыждағатталықпен алып жеңіс тұғырына көтеріледі.

Күрес тактикасына тән белгілер-қайталанбайтын іс-әрекет пен шалт қимылдар, үстін-үстіне үдемелі шабулдар, көз ілеспейтін күрес тәсілі айлакерлікпен қарсыласының әдісіне дер кезінде кедергі жасай білу. Балуан шеберлігі мен тактикалық жағынан сауаттылығының негізгі белгілерінің бірі-оның белдесу барысындағы пайдаланылатын алуан түрлі әдіс-айлалары мен ширақтығы болмақ.

Белдесу процесіне тән тактикалық бағыттың негізгі бағыттары бізге белгілі: олар; бірінші үйреніп меңгерген айла-амалдарды пайдалану тактикасы, тәсілдерді дер кезінде пайдалануға жағдай жасау тактикасы, жекпе-жек тактикасы, жарыс жолдарындағы іс-әрекет.
21-лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет