№6 Дәріс тақырыбы: Өзге тілдерден енген сөздер
Жоспары: Монғол тілдерінен енген сөздер. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің лексикалық, семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі.
Мазмұны: Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың (әзербайжан, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, татар, тува, түркімен, өзбек, ұйғыр, хакас, якут т.б.)
тілдерінде көптеген орыс тілінен енген сөздер бар. Ол сөздердің ішінде Қазан революциясынан бұрынғы енгендері де, кейін енгендері де жиі кездеседі. Түркі тілінде сөздердің ұлы орыс халқының тілінен көптеп енуі, әсіресе кеңес дәуірінде болды. Кеңес дәуірінде енген сөздердің басым көпшілігі ғылым мен техниканың, мәдениет салаларына байланысты терминдер, жаңа туған сөздер.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Орыс тілінен түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне, ертеректе еніп қалыптасқан сөздердің сіңісіп кеткені соншалық, олардың басқа тілдік сөздер екені бірден аңғарылмайды да. Мысалы: доға, қамыт, бишік, жәшік, самауыр, бәтеңке, әшмөшке, бөтелке, жәрмеңке, кір, сот, түрме, сәтен, барқыт.
Осы сияқты түркі тілдерінен де орыс тіліне бірсыпыра сөздер ауысқан. Зерттеушілер орыс тілі лексикасындағы мына сөздерді шығу төркіні жағынан түркі тілдерінің сөздері деп есептейді: арба, арбуз, аргамақ, арық, алтын, аршин, бай, баклажан, балық, барыш, башмақ, беркут, буран, барсук, басмаш, вьюк, деньги, изюм, ишак, кабан, каракуль, кинжал, кишлак, кумыс, камыш, каторга, капкан, кендирь, кочевать, курган, курдюк, лошадь, отара, сабан, сазан, саксауыл, саман, тесьма, тулуп, туман, табун, сау-сағыз, урюк, утюг, чабан, чекмень, шаровары, янычары.
Түркі тілдері мен орыс тілдерінің бір-бірімен жоғарыдағыдай сөз алысуы бұл тілдерде сөйлейтін халықтардың жүздеген жылдар бойына қоныстас, көршілес елдер болып, экономика мен мәдениет саласында қарым-қатынас жасап кетуінің нәтижесінде болды.
Қазақ тіліне орыс тілінен енген одеколон, араб тілінен енген табиғат деген сөздердің білдіретін ұғымы қазақтың иіссу, жаратылыс деген төл сөздерінің үғымынан басқаша емес. Километр - шақырым, доктор - дәрігер, шекер - қант, труба - мұржа, құрмет - сый, дидар - бет, қайрат - күш тәрізді синонимдік қатарлардың да алдыңғы сыңарлары - басқа тілдік сөздер. /1,202-204 беттер/
Қазақ тілі лексикасының құрамындағы басқа тілден ауысқан сөздер қалыптасу жөнінен түрлі дәрежеде.Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз. Бұл жағдайында «Қазақ ССР тарихында» былай деп жазған. «Қазақстан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Вольга Булгариясымен және Киев Русімен сауда байланысы өрістеген. Қазақстанның, әсіресе, батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Руспен өте-мөте берік байланыс жасап тұрған. Русспен, Шығыс Европаның басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Византияның деректері Орта Азия халықтары мен Шығыс Европа халықтарының арасында біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтары мәдениетінің дамуында үлкен роль атқарған.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана сөздерінің арасындағы саралану, орнығу жөніндегі ішкі «тартыс» біржола аяқталып біткен процесс емес, әлі де азда болса да жүріп жатқан құбылыс екендігін көреміз.
ә) Монғол тілдерінен енген сөздер. Қазақ халқы XII-XIV ғасырларда Монғол халықтарымен де белгілі қарым-қатынаста болғандығы тарихтан мәлім. Соның нәтижесінде монғол тілдерінен қазақ тіліне бірсыпыра сөздер ауысып келіп, сөздік құрамды молайтуға азды-көпті себі тиген, Монғол тілдерінен ауысқан сөздерді тек монғол шабуылымен ғана байланыстыруға болмайды. Көршілес тұрып, тікелей күнделікті қарым-қатынас жасау арқылы да кірме сөздер көптеп еніп отырған. Қазақ халқының жарық жұлдызындай болған ғалымы Шоқан Уалиханов сөздер бар екендігін кезінде тап басып, айтқан болатын. Бұл пікірді онан кейінгі зерттеушілер де қолдап жүр.
Монғол тілдерінен түркі тілдеріне немесе түркі тілдерінен оларға қандай сөздер ауысқан және қашан ауысқан, қандай себептермен ауысқан деген сұрауға бірден жауап беру өте қиын мәселе. Бұл әлі әбден де елденіп, терең жан-жақты тексеріліп, түпкілікті шешілмеген. Зерттеушілердің бәрі де қазақ пен монғол халықтарының өзара сөз ауысу құбылысын өткен дәуірлердің жемісіне жатқызады. Шындығы да солай сияқты. Бұл екі түрлі халықтың тілдерінде тұлғасы (дыбысталуы) мен мағынасы ұқсасып, тектес, әрі әндес болып келетін сөздер көп-ақ. Мысалы: ноен (ноян), нокор (нөкер), нүүә (нұр), отор (отар), жил (жыл), жим (жым), жороо (жорға), магнай (маңдай), монғ (мәңгі), мәч (ин) (мешін), санаа (н) (сана), сүүн (н) (сүт), төмөр (темір), түг (ту), тунамал (түнемел), тэгш (тегіс), тэнгэр (тәңір), хавх (қақпан), айран (қайран) хайч (ин) (қайшы), хатан (қатын), хөл (көл), хөк (көк), хуч (ин) (күш), бүэт (бүгін).
Орыс тіліндегі терминдерді қазақша сөзбе-сөз аударып алуда мынадай игілікті ықпалдар болды:
1. Орыс тіліндегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нәтижесінде кейбір дублет сөздер - мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп кетті.
Мәселен, оқу-білім-ғылым-ілім сияқты бұрынғы синонимдес сөздер қазір жеке-жеке мағынаға ие болып, өзара сараланып отыр. Мысалы: оқу-учеба, білім-знание, ғылым-наука, ілім-учение. Сол сияқты ту (знамя)мен жалау (флаг), қолғап (рукавица), пен биялай (перчатки), темекі (табак), мен шылым (папироса), кінә (вина) мен күнә (грех) тәрізді жарыспа сөздердің жігі бір-бірінен ажырап, нақтылана түсті.
2. Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір аз мағыналы сөздер активтеніп, белсенді қызметке жегілді. Соның нәтижесінде
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып қалыптасты. Яғни кейбір сөздердің семантикалық шеңбері кеңіп, сапа жағынан дамыды. Мәселен, орыстың фонд, запас, резерв деген үш түрлі сөзі қазақтың қор деген бір ғана сөзінен аударылып жүр. Сол сияқты орыс тіліндегі строй, стройка, строение, устройство, строительство, постройка, тәрізді бірнеше терминге қазақша құрылыс деген жалғыз сөз балама болып алынған. Вывод, заключение дегендердің мағынасы қорытынды деген сөзбен берілген.
3. Орыс тіліндегі терминдерге лайықты атаулық баламалар табу үстінде күнделікті қолданысқа түспей, қалтарыста қақас алып жүрген ана тіліндегі кейбір көнерген сөздер мен жергілікті сөздер активтеніп қайтадан іске қосылған. Мәселен терминологиялық сөздікте стрелка деген сөз тіл, жебе болып екі түрлі сөзбен берілген. Здание-ғимарат, үй, жай, тиф - сүзек, кезік: перепонка - жарғақ, желқабық; мочевой - несеп қуығы, тынжы; испражнение - нәжіс, дайрақ, ұлы дәрет болып, орыс тілінен қазақшаға аударылған. Осындағы жебе, ғимарат дегендер – архаизмдер, кезік, желқабық, тынжы, дайрақ дегендер жергілікті сөздер. Қажетті жерінде бұлар да әдеби тілдің белгілі кәдесіне жараған.
4. Орыс тіліндегі терминдерді аударып алуда кейбір казақтың төл сөзі бұрынғы негізгі мағынасының үстіне терминдік жаңа мағына қосып алған. Мәселен, сыбаға, деген сөз бұрынғы мағынасының үстіне орысша удел (сыбағалы салмақ) деген терминдік мағына, жеу, құрбан ету дегендер орысша жертва деген спорт терминінің орнына колданылады. Мешел деген сөз медицинада рахит, ал теміреткі экзема деген, сөздердің орнына балама етіп алынған.
5. Орыс тіліндегі терминдерді қазақшаға-аудару барысында тіліміздегі көптеген жұрнақтар, әсіресе -у, лық/лік, -ыс/-іс, ма,-ме сияқты аффикстер белсенді қызметке жегіліп, сөзден сөз тудыру кабілеті мейлінше кеңейгендігі байқалады. Мысалы: созревание – пісу, жетілу; увольнение – босату, шығару; отравление – улану, ұшыну; поощрение – мадақтау, көтермелеу, кружок – үйірме, надстройка – қондырма, колебание – тербеліс, литье - құйма, плавка – балқыма, доказательство – дәлелдеме, соединение – қосылыс, осыпь – қорым, жиналма; решение – шешім, донесение – хабарлама т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |