Оқу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет16/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#40237
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Фразеологиялық бірлік (түйін тіркес). Фразеологиялықбірлік те фразеологиялық тұтастық сияқты мағынажағынан тұтас тұрақты тіркес. Бірақ мұнда құрастырушысыңарларының мағынасы жойылмаған, тек солғындап,біртұтас ауыспалы мағынада қолдану арқылы пайда болған. Фразеологиялық тұтастықта құрастырушы сыңарлардың мағынасы есепке алынбаса, мұнда құрастырушы сыңарлардың мағынасы солғындалса да тұтастанған ауыспалы мағынаға қатысы бары аңғарылып тұрады. Мысалы: төбе шашы тік тұрды, екі езуі екі құлағында, тісіне тісін қойып, жегені желім, ішкені ірің болды, пышақ кескендей тиылды, мойнына су құйылып отыр жақ ашпау, езу тарту, жылан жалағандай және т.б. Бұл мысалдарға қарап төбе шаштың тік тұруы – бірден туған үрей, қорқыныштан; екі езудің ңүлаққа жақындауы -күлуден, қуаныштан; тісін-

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті



тісіне қою ~ қиналудан; жегені желім, ішкені ірің болу - ішкен-жегені тамақ болмаудан т.б. болатын құбылыс екенін білуге болады.
Фразеологиялық тізбек (түйіс тіркес). Фразеологизмнің бұл түрі еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану арқылы пайда болған.
Тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, күңгірттене бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: оймақ ауыз, бота көз, қонақ асы(қонаққа әзірлеген тағам), қонағын атқарды (мейманын күтті), қоныс тепті (тұрақтады), тар заман (қиын кезең) т.б.
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы. Даяр қалпында қолданылуы жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындалайды. Кейде екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып салыстырады. Мақал-мәтелдер белгілі бір мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тыңдаушының жан сезімІне ерекше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдердің де компоненттерінің, құрамындагы сөздерді алмастыруға келмейді. Дегенмен де, фразеологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнге ие болса, мақал-мәтелдер уағыздау, үндеу сипатында болады. Мақал-мәтелдер ауыспалы мағынада айтылғанмен, қүрамындағы сөздер өзінің байырғы лексикалық мағыналарынан қол үзіп қалмайды. Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанда фразеологизмдер шектеулі болады.
Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын тұрады. Мәтел белгілі бір ұғымды меңзеп, тұспалдап тұрады. Мысалы: бөрік кигеннің намысы бір; есебін тапқан екі асайды. Мақал-мәтелдер ұғымнан гөрі нақтылы ойды түйіндеп айту басым болады, сол себепті, құрылысы жағынан сөйлемге ұқсайды. Фразеологизмдер нақтылы бір ұғымды астарлап айтып, түтас алғанда жеке сөзге теңесіп тұрады. Фразеологизмдер, әсіресе идиомалар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді. Ал мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударыла береді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Фразеологизмдер дегеніміз не?
2. Фразеологизмдердің түрлері
3. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің айырмашылығын атаңыз.
5. Ақын-жазушылар тіліндегі фразеологизмдер қолданысы
№11 Дәріс тақырыбы: Фразеологизмдердің семантикалық категориялары
Жоспар:

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті




  1. Фразеологизмдердің көп мағыналылығы.

  2. Фразеологиялық омонимдер мен синонимдер.

  3. Фразеологиялық антонимдер.

Мазмұны: Фразеологизмдердің көп мағыналылығы
Лексиканың мағыналық топтары сияқты фразеологияда да көп мағыналық, омоним, синоним, антоним құбылыстары кездеседі. Көп мағыналы фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық жиі кездеседі. Мысалы: қас қақпады (1. қыбыр етпеді, 2. құлақ салды, ықылас қойды); Қарны қампиды (1. іші кеші, 2. бүйірі шықты, тойынды); Қарны ашты (1. тамақ ішкісі келді, 2. көңілі тоймады, разы болмады); Қара тер болды (I.әбден терледі, 2. әуре-сарсаңға түсті); Қамал бұзды (қоршау бұзды, қиындықты жеңді). Күні өтті (1. уақыты бітті, 2. бағы тайды). Көрге кірді (1. өлді, 2. қатты ұялды).
Фразеологиялық омонимдер мен синонимдер
Құрастырушы сыңарлары бірдей фразеологизмдер басқа-басқа мағынаға ие болуы мүмкін. Бұларды фразеологиялық омоним деп атайды. Мысалы: Ат қою - 1.балаға ат қою; 2. өлген кісінің үйіне атпен шауып бару; 3. шабуылға шығу. Көзі ашылу - 1. сауат ашу; 2. қиындықтан шығу; 3. өмірді түсіну. Басына көтерді - 1. шу шығарды; 2. қатты құрметтеді.
Фразеологиялық тіркестердің өзара синонимдес болып келуі жиі кездеседі. Фразеологиялық синонимдер стильдік варианттар есебінде қолданылуға ыңғайлы келеді. Мысалы: қас пен көздің арасында - көзді ашып-жұмғанша; тайға таңба басқандай - соқырға таяқ ұстатқандай; аузын аңқитып кетті - мұзға отырғызып кетті - сақал сипатып кетті - тақырға отырғызды; көңілі шайлықты - тауы қайтты; ерні ерніне жұкпады - аузы тынбады - жағы сөнбеді; зыр жүгіру - дедек қағу - қол аяғы жерге тимеу - алды-артына қарамау - екі өкпесін қолына алу - алас ұру және т.б.
Фразеологиялық антонимдер
Қазақ тілі фразеологизмдерінің ішінде антоним жиі кездеседі. Мысалы: тастай қараңғы - шайдай ашық; ақ көңіл - қара жүрек; көңіл суыды - іші жылыды; ойы бұзылды - көңілі тусті; жайнай қақты - көңілі торықты; еті тірі - өлі сүйек; еңірегенде етеғі толды - жағасы жайлауға кетті; ер жүрек - су жүрек, қоян жүрек; қаны қайнады – екі езуі екі құлағында; иек астында - жеті қабат жер астында.
Фразеологиялық тіркестерді стильдік тармақтарға топтастыруда жеке сөздерді бөлгендей стильаралық, сөйлеу тіліне тән, кітаби деп үш топқа классификациялауға болады. Мысалы: сөз беру, ат жақты, сыңар жақ, баскөз болу, бие сауым уақыт, тай шаптырым жер, сұрау салу, сұс көрсетті деген фразеологизмдер стильдік бояусыз, қай стильде де қолдана беруге болады.

ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті



Сондықтан, мүндай фразеологизмдер стильаралық фразеологизм деп аталады. Стильаралық (бейтарап) фразеологизмдер қазақ тілінде аз емес, бірақ белгілі стильге қатысы бар фразеологизмдердей мол емес. Фразеологизмдердің
көпшілігі ауыспалы мағынада, образды қолданатыидықтан оларда «асырып, көтермелеп» немесе «құлдыратып» түратын экспрессивті - стильдік бояу анық аңғарылады да, жеке сөзден тұратын синонимдерден әрқашан өзгешеленіп тұрады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Фразеологизмдердiң грамматикалық ерекшелiктерi.

  2. Қазақ тiлiндегi тұрақты тiркестерге тақырыптық шолу жасау

  3. Фразеологизмдердiң сөйлемдегi синтаксистiк қызметi туралы.

№12 Дәріс тақырыбы: Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері
Жоспар:
1 Метафоралану құбылысы
2 Фразеологиялық теңеу
3 Эпитет
4 Метонимия
5 Ритмикалық алмастыру
Мазмұны: Фразеологизмдер компоненттерінің қалыптасуы әр дәрежеде, әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Фразеологизмдер сөздердің тіркесіп, мағыналық әрі құрылымдық жағынан тұрақтануы негізінде қалыптасады. Фразеологизмдердің мұндай қалыптасу үрдісі – фразеологизмдену деп аталады.
Фразеологизмдену – сөз тіркесінің немесе сөйлемнің метафора, метонимия, теңеу, эпитет арқылы мағыналық ауысуы негізінде болатын құбылыс. Фразеологизмденуден өткен сөз тіркестері мен сөйлемдер және оның құрамындағы сөздер өздерінің бастапқы семантикалық қасиеттерінен айырылады да, десемантизация процесіне ұшырайды. Фразеологизмдену кезінде жеке компонеттер емес, сөз тіркесі мен сөйлемдер мағыналарын бүтіндей өзгертеді. Бұл дегеніміз фразеологиялық мағына ауыспалы синтездену арқылы да емес, жеке сөздердің ерекшеліктері арқылы да емес, семантикалық өзгеріске түсу арқылы жасалатынын көрсетеді.
Фразеологизмдену процесінің тілімізде қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар. Фразеологизмденудің бір тәсілі – метафоралану. Фразеологизмденудің тура мағынадан ауыспалы мағынаға ауысу кезеңі олардың семантикалық және құрылымыдық жағынан дамуына негіз болады. Фразеологизмдердің семантикалық жаңарулары метафоралану жолымен жүреді. Уақыт өте келе тұрақты тіркестер өздерінің лексикалық, семантикалық және грамматикалық жақтарынан ажырамайтындай тығыз бірлікте дамиды. Фразеологизмдердегі бейнеліліктің қалыптасуының тіл білімінде екі түрлі факторы қарастырылған.


ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

1. Бейнелілік тудырудың экстралингвистикалық факторы;


2. Бейнелілік тудырудың лингвистикалық факторы.
Фразеологизмдердің қалыптасуындағы экстралингвистикалық фактор олардың тақырыптық жіктелуінде белгілі бір мотив арқылы болады. Фразеологизмдердің қалыптасуындағы жалпы топтау екі бағыт бойынша жүреді. Алғашқысы олардың табиғи жолмен, екіншісі шартты түрде қалыптасады.
Бірінші топқа тілде өз бетімен қалыптасып, табиғаттың әр түрлі құбылыстарын, жануарлар әлемі мен адамдардың физикалық, психикалық жағдайын білдіретін фразеологизмдер жатады. Мысалы, соматикалық фразеологизмдер төбесі көкке жету; бастан құлақ садақа; көзі атыздай болу т.б. Екінші топқа белгілі бір халықтың ұлттық дамуындағы материалдық және рухани мәдениетінің негізінде пайда болған фразеологизмдер жатады. Мысалы, белгілі бір кәсіпке байланысты туған фразеологизмдер бақыр шайқады (кен тазалау); балық бақты (балық шаруашылығында кәсіп етті); ағаштан түйін түйді; айдап сауды (қойды өрісте сауу); ауыз жармаған құнан (үйретілмеген құнан); аш болды (диал. бидай дәні толыспады. Жамб., Шу, Мер.); бала құшақтады (диал. собық салды. Колхоз жүгерісі бала құшақтады. Алм., Ең.); бас құсты (диал. егін сабақ шығарды, бас тартты. Қос., Жан., Қыз. орда., Арал); набыт [намыт] болды (диал. ысырап болды. Күрішті қар жауғанша ормаса набыт болады. Қ. орда, Жамб., Шу, Алм., Кег.); шүлен етті (молынан бөле игеру, мақта теру жорығы) т.б.
Белгілі бір кәсіпке қатысты пайда болған бейнелі сөз орамы тілде тұрақталып, өмірдегі адекватты нәрсені, құбылысты суреттеу барысында астарлы мағынаға ие болады.
Фразеологизмдердегі бейнеліліктің пайда болуының лингвистикалық факторлары ретінде метафоралану, метонимия арқылы жасалу тәсілдері айтылады. Лингвистикалық фактор арқылы көбіне көркем проза, поэзия тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуын жатқызуға болады. Проза тілі фразеологизмдерінің ерекшелігі де оның жасалу жолындағы тәсілдердің мол болуында. Оларды шартты түрде лексикалық экспрессия, грамматикалық экспрессия деп бөлуге болады.
Лексикалық экспрессивтілік туралы пікірінде ғалым А.Т.Панасюк оларды үшке бөліп қарастырады:
1. Контекстен тыс (ингрентті);
2. Сөйлеу барысында туған (адгрентті);
3. Окказионалды.



ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.

____№ ___басылым

____ беттің ____ беті

Экспрессивтілік мағына сөздердің ауыспалы, метафораланған мағынасы негізінде туады. Фразеологизмдердің шығу көзі көбіне адамдардың метафоралы сөйлеуінен болады. Еркін сөз тіркесінен жасалған фразеологизмдер ауыспалы мағынада қолданылуы үшін көптеген жылдар керек, ал метафоралы


тіркестердің фразеологизмденуі үрдісі үшін көп уақыттың қажеті жоқ. Себебі, метафораның өзі тілде бейнелік тудырады. Метафора - көркем шығарманың бейнелілік тудырудағы негізгі тәсілдерінің бірі. Метафоралар ғылыми әдебиеттерде, құжаттық материалдарда өте сирек қолданылады. Ал, метафораның жиі қолданылатын орыны ауызекі сөйлеу тілі болып табылады. Ауызекі сөйлеу тілі көркем әдебиет тілінің негізгі көзі болғандықтан, қаламгер өз туындысында осы қорды пайдаланады.
Метафоралану туралы А.И.Ефимов: «Метофоризация – это область формирования образных средств, непрестанно появляющихся в процессе общенародного речевого творчества, а также деятельности выдающихся художников слова»,– дейді.
Тіл білімінде метафораны бірнеше түрге бөліп қарастырады:
1. Тілдік метафора;
2. Стильдік метафора;
3. Дәстүрлі метафора;
4. Поэтикалық метафора.
«Әдеби және тілдік тұрғыдан біріктіріп қарасақ, метафораның екі түрі бар деуге болады: бірі – белгілі бір шешеннің сөз саптауынан болған индивидуалдық метафора, екіншісі – халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар. Бірақ бұл екеуінің ашық ара жігі жоқ, өйткені жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтық дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең тарауы да мүмкін. Дегенмен бұл екі түрінің айырмашылықтары да бар».
Фразеологизмдердің жасалуындағы өнімді тәсілдердің бірі ретінде метафоралану арқылы жаңа тұрақты тіркестер тудыру қаламгер шабыты мен дүниетанымының кең, ауқымдылығына байланысты.
Яғни, тіліміздегі фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті мағынасының қалыптасуына жалпыхалықтық тіл оралымдары мен қатар жеке қаламгерлердің де үлесі бар деуге болады. Мысалы,

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет