Синонимдік сөздіктер. Әр халықтың тіліндегі мәндес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі озық мәдениетті елдердің көбінде бар.Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі тұңғыш рет1962 жылы шықты.
Этимологиялық сөздіктер.Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі 1966 жылы жарық көрді.
Фразеологиялық сөздіктер.Тілдегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін қамтиды.Қазақ тілінің тұңғыш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы І.Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа шықты.