Өліспей беріспек емес, тастай қатып, халықтың барша дәулеті құйылған қазанның құлағынан айрылар сыңай танытпайды.
«Мұндағы қазаның құлағынан айрылмау» соны образ, жаңа тіркес, авторлық қолданыстың сәтті үлгісі. «Қазан» сөзінің коннатациясына орай, соңғы уақытта қазақ тілінде тұрақталған тіркестер бар. Мысалы: «қара қазанда қайнап өсу», «қазанның құлағын ұстау», «қазанның құлағынан айырылмау». Абай фразеологиясын зерттеген ғалым Р.Сыздық «Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі» - дейді. (1995, 95).
Фразеологиялық материялдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп деректер төркінінің бірі – қазақтардың қазіргі интелектуалдық рухани мұрасы екенін естен шығармау керек.
Авторлық қолданыста окказионал фразеологизмдердің мағыналарында ұлттық мәдени ойлау ерекшеліктер, стереотиптер арқылы тұтастай ұлт менталдығын айқындайтын тұрақты тіркестер тобы жиі корінеді. Уақыт өте келе олар фразеологиялық қорға қосылуы мүмкін.
Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары туралы мынаны айтуға болады. Ғалымдардың айтуына қарағанда, «мәдениет» сөзіне екі жүзден астам ғылыми анықтама берілген екен. Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы – ұлттың өркениет заманынында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылуымен сипатталады. Бұрынғы кеңестік дәуірдегі «Кеңестік мәдениетке» біріктірілген көп ұлттың төл мәдениеті (ұлт мәдениеті) біртұтас идеологиядан құтылып, тіл арқылы өз тамырын туған топырағынан іздестіруде.
Мәдениет көптеген пәндер жиынтығында қарастырылады. Мәселен, қазақ мәдениеті туралы айтса, көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі, оның өткен өмірі – тарихымен, жер жағдайы – географиясыиен, дүниетанымы – философиямен, ойлау жүйесі – психологиямен, өнері - әдебиетімен, т.б. ғылыми салаларымен ұштасып жатады.
Мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттық өзіндік
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
бітім-болмысын, қадыр қасиетін, басқалардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ, менталитетіне қарап ажыратады.
Мәдениет пен өркениет (цевилизация) кей тұста бірінің орнына бірі ауыстырылып қолданыла береді. Тіпті мағыналас болып кеткендей. Алайда бұл екі сөзді шатыртырмау керек. ХХ ғасыр өркениет ғасыры десек, бұл кездегі мәдениет өзіндік ерекшеліктерімен басқалай дамыды. Өркениеттілікке тән жағдай қоғамның жоғары әлеуметтік, материалдық дамуы десек, мәдениет ұғымы бұл арада ұлттық рухани түсіністіктен табылады.
Бірақ белгілі жағдаймен қазақ ұлтының рухани мәдениетінің дамуында кері үрдіс пайда болды. Үзіле жаздаған дәстүр жалғастығы, салт ұғымдары дәл бүгінгі таңда ана тілі арқылы өзіндік мәдени таным түсінігін қайтадан түгендеуде.
Бұл ретте, тұтастай мәдениет деген ұғымды қалыптастыратын материалдық және рухани мәдениет үлгілері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлар ешуақытта өз бетімен бөлек дамымайды. Өркениеттің қай сатысында болмасын рухани жіне материалдық мәдениет ұдайы бірін-бірі толықтырып отырады. Бірақ кейде өркениет мықтап дамығанда оның адамзат қоғамына әкелетін түрлі зияндарынан бастап, ұлт тілі мен мәдениетіне төндірген қаупі де болады. Мәселен, аз ұлттың жойылуы, аты-жөнінің өзгеруі, рухани мәдениеттің сақталмауы, ары қарай жасалмауы т.б.
Қазақ халқанаң ұлттық ерекшеліктерін итанып білу үшін кейбір факторларды ескеру керек. Олар: мотивациялық және танымдық. Қазақ еліндегі дала заңдарының ерекше ықпалымен қалыптасқан рухани мәдениеттің бертін келе дәстүр жалғастығы биігіне көтерілуі және оның өміршең боп сақталуы тек тілге ғана қатысты. Демек, мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген. Енденше тіл арқылы мәдениеттану – ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Фразеологизмдер ұттық тілдің қандай ерекшеліктерін көрсетеді?
Абай фразеологиясын зерттеген ғалым?
Көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері?
Фразеологиялық материалдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп
деректер төркінінің бірі.
Фразеологиялық материлдардың мәдени деректер түсінігіне жататын
қазақ тіліндегі ұлан-ғайыр паремиологиялық қор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. –
А.: Санат, 1993.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғалым, 1977.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы – А., 2005.
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері
– А.,1998.
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.
9 Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай
№15 Дәріс тақырыбы: Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
Жоспар:
Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қлданысы
мәселелерінің зерттеуі.
Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның көп стильдігі.
Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық
баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы.
Көркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасы.
Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.
Мазмұны: Тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы –
тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тірестер, қанатты сөздер.
Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, көпшілікке арналған лекция, әңгімелерде мол пайдаланады.
Мысалы, Жел үп етсе болғаны, қалың қамыстай тары сыбдыр қағып, сыбыр сала жөнеледі (Ғ.Мұстафин) тәрізділер көркем әдебиет стиліне тән. Шаруаларға тары өндіру туралы жасаған баяндамада солай сөйлеу ерсі болар еді. Бірақ баяндама, лекция, әңгіме тілін жандандыру үшін әдеби тілде бар кестелі сөздерді иайдаланудың ешқандай ерсілігі жоқ, қайта олар ұтымды сөздің аса керекті элементтері болады. Олар мыналар:
Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың «бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқа-қысқа нақыл сөзге айналып, тілде сақталып қалады.
Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан, сөйлеген сөзде пайдалана беру керек-ақ. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей, мақал-мәтел сөзіңе әр береді.
Қазақ мақал-мәтелдерінің бәрі бірдей ұстамды емес: біздің қазіргі идеологиямызға жанасымды, тәрбиелік мәні мәні зор өнегелілері бар да, ескі
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
өмірдің кертарпалары шығарған ұстамсыздары да бар. Оларды таңдап, талғап орынды жерінде пайдалану керек. Осы талаптар тұрғысынан кейбір өткір нақылдары керісінше, не аздап өзгеріс енгізіп, қазіргі өмірге жанасымы етіп пайдалануға да болады. Орасша «Один в поле не воин» - «И один в поле не воин» деп өзгертіп айтқанындай, С. Мұқанов «Құрылыс жырында»:
«Құм жиылып тас болып,
Достарыңызбен бөлісу: |