Түсіндірме сөздіктер. Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты-бір тілдің белгілі дәуірдегі жалпы халықтық стильдік әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік құрамның сан мөлшерін біршама анықтау.
Диалектологиялық сөздіктер.Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бұлардың көпшілігі фонетика мен грамматикадан гөрі лексика саласында жиірке ұшырасады.Ж.Досқараевтың Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты.