Оқу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет5/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#40237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
2. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өз ара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы, Үйі мәз боп, қой сойды, сүйіншіге шапқанға (Абай) деген сөйлемдегі үйі деген сөз өзінің негізгі мағынасы – «баспана» дегенді емес, «бір үйдің адамдары, үй іші, жанұя» дегенді білдірсе, Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан (Абай) деген сөйлемде аяқ сөзі «ыдыс» дегенді емес, «сусын, сұйық» деген мағынаны білдіреді.
Егер таза класс деген мен тәртіпті класс деген сөз тіркестерін бір-бірімен салыстырсақ, соңғы сөз тіркесіндегі класс сөзінің «бір класта оқитын оқушылар» дегенді білдіретіні бірден аңғарылады. Сондай-ақ, орыс тіліндегі светлая аудитория – способная аудитория деген сөз тіркестерін салыстыру арқылы соңғы тіркестегі аудитория сөзінің «бір аудиторияда отырған адамдар» дегенді аңғаратынын байқаймыз. Орыс тіліндегі бумага, қазақ тіліндегі қағаз сөздері «жазу жазатын материал» дегенмен бірге «құжат» дегенді де білдіреді. Ал дастарқанды мақтан ету дегендегі дастарқан сөзінің
беретін мағынасы – «столға жабылған шүберек» емес, оның үстіндегі «тағам», «тағамның молдығы».
Кейбір ғалымдар орыс тіліндегі прием, выбор, перевод, набор тәрізді зат есімдерді (етістіктен жасалған) іс процесі мен қорытындының іргелестігі, шектестігінің негізінде пайда болған деп, бұларды да метонимияның бір түріне жатқызады (А.А.Реформатский. Введение в языковедение. М., 1967, с.81-82). Мұндай мысалдарды қазақ тілінен де кездестіруге болады. Мысалы, 1. Көрмегенге көсеу таң; 2. Бел шойырылып, бүйірге шаншу тиіп, ұйықтатты ма аяғым, жатқанымда (Сұлтанмахмұт) деген сөйлемдердегі көсеу, шаншу деген сөздер – іс-әрекеттің, қимылдың атаулары емес, заттардың атаулары. Бұлар іс-әрекет, қимыл атауларынан (етістіктен) зат атаулары (зат есімдер) болып қалыптасқан. Сондай-ақ, жамау, шашу, қашау, бөгеу, ою, қыстау, жабу, бояу деген сөздер де әрі қимыл, іс-әрекеттің атаулары, әрі іс-әрекеттің нәтижесі – зат атаулары болып саналады.
Кейбір заттар мен бұйымдар алғаш рет қай жерде өндірілсе, сол жердің атымен аталған. Кашемир Индиядағы қаланың атына байланысты аталса, тюль Орталық Франциядағы Туль деген қаланың атынан, каленкор Индиядағы Калькутта деген қаланың атынан алынған. Каракуль деген елтірі Бұхарадағы Каракуль деп аталатын алқаптың атымен аталған. Француз тіліндегі бұл елтірінің аты – astrancan – Астрахань қаласының атауынан пайда болған. Бастон деген матаның аты Америкадағы қаланың атымен аталған. Шампан деген атау Париж қаласының оңтүстігіндегі Шампань аталған провинциясының ескіше атауынан пайда болған.
Бірсыпыра заттардың кісі аттарымен байланысты аталу құбылысы да кездеседі. Мысалы, киімнің макинтош деген аты да киімнің осы түрін шығарған кісінің атынан алынған. Әскери киімнің аты – френч осы әскери форманы енгізген Форенч деген генералдың атымен аталған.
Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Егер бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы қолданылатын болса, онда сөз мағынасы кеңиді. Мысалы, кейде Семьяңда неше адам бар?деудің орнына басың нешеу? дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына (адам) қолданылып тұр. Кейде мал дегеннің орнына тұяқ (бөлшек ретінде) сөзі қолданылады. Мысалы, төрт-бес тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, басқа бір мағынаны - «мал» дегенді білдіреді.
Квас деген сөз алғашында жалпы «ашытылған азық-түлік» дегенді білдіріп, кең мағынада қолданылса, қазір синекдоха тәсілі бойынша мағынасы
тарылып, «сусынның арнаулы бір түрін» ғана білдіреді. Орыс тіліндегі «борода» - «сақал» дегенді ғана білдірмейді, сонымен бірге кейде «сақалды адам» деген мағынада да қолданылады. Мысалы, Эй, борода! а как проехать отсюда к Плюшкину (Гоголь).

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет