Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны
р/с
|
Тараулар мен тақырыптар атауы
|
Барлығы
|
Теория
|
Практика
|
1
|
Кіріспе Кадрлық менеджменттің негізгі түсінігі
|
2
|
2
|
-
|
2
|
Менеджмент ұғымы
|
2
|
2
|
-
|
3
|
Менеджмент түрлері
|
2
|
2
|
-
|
4
|
Басқаруды ұйымдастыру кондексті ретінде
|
2
|
-
|
2
|
5
|
Қазіргі заманғы менеджмент
|
2
|
2
|
-
|
6
|
Кадрлық менеджмент кәсіп ретінде
|
2
|
-
|
2
|
7
|
Кадрлық менеджменттің пәні, мәні және маңызы
|
2
|
2
|
-
|
8
|
Менеджменттің теориялық және әдіснамалық негіздері
|
2
|
-
|
2
|
9
|
Басқару әдістерінің жиынтығы
|
2
|
-
|
2
|
10
|
Басқарудың ұйымдастыру контексті және кадрларды басқару
|
2
|
-
|
2
|
11
|
Шетелдің басқару тәжірибесін зерделеу қажеттілігі
|
2
|
-
|
2
|
12
|
Қазақстан Республикасында басқарудың ерекшеліктері
|
2
|
-
|
2
|
13
|
Басқарудың ұйымдық-өкімдік әдістері және кадрлық құрамды қалыптастыру
|
2
|
-
|
2
|
14
|
Менеджер және оның функциялары
|
2
|
2
|
-
|
15
|
Басқарудың обьектілері. Басқарушылық қарым-қатынас
|
2
|
-
|
2
|
16
|
Өндірісті басқарудың қарым-қатынасының жүктелімі
|
2
|
-
|
2
|
17
|
Кадрлық қызмет және оның міндетттері
|
2
|
-
|
2
|
18
|
Ұйым түсінігі. Ұйымның ішкі ортасының элементтері
|
2
|
-
|
2
|
19
|
Формальды және формальды емес ұйымдар
|
2
|
-
|
2
|
20
|
Ұйымдағы басқару процесі
|
2
|
-
|
2
|
21
|
Ұйымды жоспарлау сатылары. Жағдаяттық есептер
|
2
|
-
|
2
|
22
|
Жоспарлау әдістері және кадрларды басқару
|
2
|
-
|
2
|
23
|
Қызметтің мақсаттары мен сатыларын талдау
|
2
|
-
|
2
|
24
|
Кадрларға қажетілікті жоспарлау негіздері
|
2
|
-
|
2
|
25
|
Басқарудың негізгі деңгейлері
|
2
|
-
|
2
|
26
|
Басқарудың обьектісі мен субьектісі
|
2
|
-
|
2
|
27
|
Басқару мектебінің әкімшілік өкілдері
|
|
-
|
2
|
28
|
Топпен басқару әдістері және кадрлардың жұмыс қабілеттілігін қолдау
|
2
|
2
|
-
|
29
|
Еңбек нормасы және өнімділікті көтеру
|
2
|
-
|
2
|
30
|
Кадрлық менеджменттіегі мотивация
|
2
|
2
|
-
|
31
|
Қазіргі заманғы мотивация
|
2
|
-
|
2
|
32
|
Басқарушылық қызметтегі мәдениет
|
|
-
|
2
|
33
|
Кадрлық менеджменттің тиімділігі
|
2
|
-
|
2
|
34
|
Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
35
|
Пән бойынша барлығы
|
66
|
16
|
50
|
ГЛОССАРИЙ
Әкімшілік мектеп — өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. Бұл мектептің негізгі ережелері А.Файольдің «жалпы және өндірістік басқару» жұмысында жасылған.
Басқару – ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану.
Басшы – басқару объектісіне (бағынышты ұжымға) ықпал жасаушы және жеке дара басшылық жағдайында оның қызметі үшін заң, жоғары тұрған орган, мемлекет немесе меншік иесе, алдында жауап беретін тұлға. Кәсіпорынды басқару жүйесінде Б-ның орны мен рөлі басшылықтың түріне байланысты.
Билік – қандайда бір құралдар: ерік, жігер, күш, бедел, құқық арқылы адамдардың мінез-құлқына белгілі-бір ықпал жасау тәсілі мен мүмкіндігі.
Басқарудың демократиялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллеектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.
Басқару кадрлары – басқаруға толық қатысатын және басқару аппаратын құрайтын кәсіби жұмысшылар.
Басқару объектісі — басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы)
Басқару құрылымы – басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.
Горизонталді еңбек бөлінісі — еңбектің фүнкциялар бойынша бөлінуі. Бұл ұйымның бөлімшелері арасында пайда болады
Еңбек ресурстарын басқару – кәсіпорын (ұйым, фирма( кадрларын таңдауға, орналастыруға, оқытуға, олардың қызметін бағалауға, ықпал жасау мақсатындағы нысаналы әрекет.
Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар.
Жетекшілік – басшылық, жекелеген адамдарға немесе топқа ықпал етіп, олардың күш-жігерін басқару мақсатына қол жеткізуге бағыттау қабілеті.
Жоспарлау – жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты. Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, реті тәптіштеледі.
Имидж – адамның бет-бейнесі, оның қоғамдағы беделі; фирманың тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі.
Мотивациялау (ынталандыру) —адамды қандай да бір мақсатқа (өзінің немесе ұйымның мақсатына) жетуге талпынатын іс әрекетін ояту.
Неоклассикалық мектеп — басқаруда адам факторларын тұлға арлық қатынастарға негіздей отырып оңтайландыруға бағытталған «адамзаттық қарым-қатынас» мектебі. Бұл мектептің өкілдері Э. Мэйо және М. Фоллет.
Өкілеттік беру (Делегирование) — Міндеттер мен өкілеттіліктерді орындау үшін жауапкершілікті мойнына алған адамдарға осы міндеттерді табыстау.
Стратегия — болашаққа есептелген мақсатқа жетудің жалпы жаспары.
Ұйымдастыру — бір топ адасмдардың іс әрекетін белгілі-бір мақсатқа жету үшін кординациялау
Ұйымдастыру техникалары – еңбек құралдары, байланыс құралдары, құрал жабдықтар
ДӘРІСТЕР
1 - Дәріс. Кадрлық менеджменттің негізгі түсінігі
Жоспары:
1. Менеджмент ұғымы
2. Кадрлық менеджмент негіздері
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағыу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай тұсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология ,өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инабациялау, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принцптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Европалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам. “Менеджер бұл жауынгер ” оған қателесуге болмайды. Өзінің жеке мүдесін фирма мүдесіне бағындыра білдіруге өзінің жанұясы фирманың гүлденуі үшін күресуі тиіс. Жапонияда менеджер мектебінің негізгі жапон корпорациларын болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орның жүздеген тыңдаушылар осы өсиет қайталайды. Менеджердің табиғатына Дракер осындай сипаттама береді. Оның пікірінше менеджер арнайы екі міндетті атқарады және ол міндеттер әскер кәсіпорын жұмыскерлерінде ешқайсында жоқ. 1. Қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндіріс құру.
Кезкелген шешімді қабылдау іс- әрекетке кіріскенде.
Барлық менеджмент үшін олардың қызмет орнына қарамастан ортақ қызмет болады.
А) Менеджер іскер кәсіпорын мақсатын орындайды.Сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады.
Ә) Менеджер ұйымдастырушы болуы қажет.
Б) Менеджер көтермелу шараларын қамтамасыз ететін тығыз байланыс орнатады.
В) Менеджер ұйым іс- әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді.
Г) Менеджер адамның қызмет жағынан кемелденіп, жоғарлатуын қамтамасыз етеді.
Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды. Менеджмент даму кезеңдерін теориялау және практикалау қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |