Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба



бет3/141
Дата25.12.2021
өлшемі318,94 Kb.
#105024
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
Байланысты:
кадр менедж оәк

Курстың мақсаты – студенттерді кадрлық менеджмент ұғымы, тиімділігі, персоналды басқару нысаны, басқару стилі, ұйымның ішкі және сыртқы ортасымен таныстыру.

Курстың міндеті:

  • Студенттерге курстың өзекті мәселелерін оқыту;

  • Кадрларды басқару туралы түсініктерді оқыту;

  • Бұл білімдерді тәжірибелік жұмыстарда және күнделікті өмірде қолдана білу және нормативтик құқықтық актілерді дұрыс қолдана алу.

Осы пәнді оқу үшін жасалған бұл оқу құралы дәрістерден, термин сөздерден, практикалық сабақтардан, нұсқаулықтардан тұрады.

Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасына сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ПС (практикалық сабақтар). Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеруі үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі керек.

Семинар сабақтарында студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын, белсенді ой әрекет талап ететін тәсілдер мен әдістерді меңгеруі керек.

Студентке берілген өзіндік жұмыс арқылы үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.



Практикалық сабақтарына студент теориялық қорытындыларын, яғни теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, пайдалануға дағдыланады. Тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестендіріп дәлелдеуді үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет