4, 5, 6 – Апта
7-12. Физикалық сапаларды дамыту. ЖДД. Футбол ойынының тәсілі. Оқу ойындары. Қозғалмалы ойындар. Қортынды нормативтерді тапсыру.
Физикалық сапаларды дамыту, ЖДД
Аяқты тізеден бүгіп, кеудеге тигізіп жоғары секіру.
Екі аяқпен орнында тұрып, кедергіден секіру – 4–6 төменгі кедергі, біреуі екіншісіне 80–100 см арақашықтығында орналасқан.
Екі аяқпен гимнастикалық орындықтан секіру.
4. Бүгілген екі аяқпен (80 см) биіктіктен секіру.
5. Жартылай отыру арқылы биіктіктен (60-70 см) секіру .
6. Екі аяқты бүгіп биіктіктен (30-40 см) секіру және қалпына келу, ары қарай 3–4 төмен кедергілерден секіру.
7. Секіру кезінде әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы биіктіктен (60-70см) екі аяқпен секіру және жеңіл жерге түсу.
8. Бет жақпен тіреке тұрып (гимнастикалық қабырға, ағашқа, бағанаға), қолдарымен қабырғаға тіреліп (білтекті) бет (иық) деңгейінде ұстау.
9. Ілініп тұрған заттарға екі аяқпен жартылай отырыған қалыптан секіру арқылы қол тигізу.
10. Терең адымдап жүру.
11. Бір аяқта отырып (екіншісі алда) – «пистолет» қалпы, гимнастикалық
орындықтың білтегіне сүйеніп, орыннан тез аяқтың ұшына көтерілу.
12. Жоғары көтерілген сүйенішке (гимнастикалық орындық) қырынан тұрып, бүгілген аяқ сүйеніште. Сүйеніштен бір аяқпен итеріліп, орнында тұрып жоғары секіру.
13. Гимнастикалық орындыққа бет жақпен тұрып, бір аяқ тізеде бүгіліп орындық үстінде қойылған, екіншісі тіреуші аяқ еденде (жерде). Бүгілген аяқты жазып жоғары қарай секіру және биіктікте аяқ орындарын ауыстыру.
14. Көптеген рет жоғарыға-алдыға секіру, бір аяқпен үшінші, сосын бесінші қадамнан иітеріліп екпінен жүгіру.
15. Скакалкамен екі аяқта кезектесіп, оң, сол аяқпен орнында тұрып, алдыға қарай қозғалумен секіру .
Дене сапасын дамыту үшін жеңіл атлетика элементтерімен қозғалмалы ойындары.
Қортынды нормативтерді қабылдау
1) жүгіру 100 м.;
2) жатқан қалыптан 1 мин. ішінде кеудені көтеру және түсіру, турникте тартылу (бірнеше рет);
3) орыннан ұзындыққа секіру;
4) жүгіру: қыздар – 1000 м, бозбалалар –3000 м
Футбол ойынының тәсілі. Оқу ойыны.
Дайындық бөлімі
Затсыз жалпы дамытушылық жаттығулар кешені
Көрсетілімнен кейін қабылдаудың келесі тәсілдері орындалады:
Жүргізу кезінде доптың тоқтатудын айла-қулық қозғалыстары; жылжымайтын доп бойынша соққы солға немесе оңға кетумен айла-қулық қозғалыстар; тура сол жүргізу кезінде сырғып бара жатқан доп бойынша; допты тартып алу; тура сол алға қарай қозғалумен. Қақпашысыз ойын.
Көрсетілімнен кейін келесі тәсілдері орындау:
Допты алу алға қарай жылжумен; тура сол домалатумен; жылжымайтын доп бойынша табанын ішкі жағынан ұру; тура сол алдына қарай сырғып келе жатқан допты ұру; алдына қарай сырғып келе жатқан допты табанын ішкі жағымен тоқтату.
Оқу ойыны.
Пресске жаттығу, тынысалуды босаңсыту және қалпына.
Достарыңызбен бөлісу: |