Өндірістік гимнастиканың кешендерінің топтамасы:
Отырып жұмыс істейтіндер үшін:
Бастапқы қалыптан – орындықта отырып және оған қолдарымен сүйеніп аяқтың ұшына тұру, созылып, қолдар жан-жақтарға және жоғары – дем алу, түсіру – дем шығару. (3 – 4р.)
Бастапқы қалыптан – орындықтың қасында тұрып, қолдар орындықтың арқасында, оң аяқты артқа тастап, қолдарды жан-жақтарға ажырату – дем алу, бастапқы қалыпқа қайту – демді шығару (3 – 4р).
Бастапқы қалыптан – орындықтың қасында тұрып, қолдар орындықтың арқасында, оң аяқты алшақ қойып, сол қолды бастан жоғары көтеріп, оң жаққа иілу – дем алу, бастапқы қалыпқа қайту – демді шығару.
Бастапқы қалып – орындыққа арқамен тұру, қолдарды денені жағалай қою , аяқтар бірге, қолдарды жоғары көтеру – дем алу, еңкейіп, қолдарды төмен және артқа түсіру, оларды орындыққа дейін жеткізу – демді шығару (3 – 4р.).
Бастапқы қалып – негізгі тұрыс орындықтың артында тұру, орындықтың арқасына қолдарды созып ұстап отыру– демді шығару, тұрып – дем алу (4 – 5р.).
Бастапқы қалып – орындыққа арқасына арқаны қаратып, қолдар алдыда.
1 – денені оңға бұру, қолдарды орындықтың арқасына тигізу – демді шығару;
2 – бастапқы қалып – 3,4 дем алу – тура сол басқа жаққа, (әр бір жаққа 5-6 р.).
Бастапқы қалып – орындықтың шетіне отырып, қолдармен орындыққа тірелу. «Қайшы» жоғарыға – төменге. Тыныс алу еркін (6 – 8р.)
Бастапқы қалып, орындыққа отырып, оған сүйеніп, аяқ алдыға жазу.
1 – қолдар жан-жаққа және жоғары – дем алу
2 – бастапқы қалып – демді шығару (3 – 4р.)
3–4 – сол жақпен дәл сондай. (3 – 4)
Бастапқы қалып – орындыққа қырымен тұру, сол қол орындықтың арқасында.
1 – оң аяқты шет жаққа апару, оң қолды алдыға көтеру –дем алу.
2 – бастапқы қалып қайту – демді шығару;
3–4 – тура солай сол жақ аяқ-қолмен (3 – 4 реттен).
Достарыңызбен бөлісу: |