Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет161/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

3-тарау. «Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)
Параграф 1. «Химия» оқу пәнінің мазмұны

16. «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі (төмендетілген оқу жүктемесімен):


1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
17. Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиялық реакциялардың энергетикасы;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
18. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдар, иондар және молекулалар;
2) атом құрамы мен құрылысы;
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы;
4) химиялық байланыстың түрлері.
19. «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен периодтық жүйе;
2) заттар массасының сақталу заңы;
3) стандартты электрондық потенциалдар.
20. «Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) химиялық реакцияның жылдамдығы;
3) химиялық тепе-теңдік;
4) қышқылдар мен негіздер теориялары. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
21. «Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Жер химиясы;
2) көміртек және оның қосылыстары.
22. «Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.

23. «Химия» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:


1) «Атом құрылысы. Атом – күрделі бөлшек», радиоактивтілік, энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер, кванттық сандар және орбитальдар;
«Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару;
2) Периодтар мен топтардағы «Элементтер мен олардың қосылыстарының периодты өзгеруі», период және топ бойынша қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары, периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары;
3) «Химиялық байланыс». Ковалентті байланыс, ковалентті байланыс қасиеттері, гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3, электртерістілік және байланыс полярлығы, иондық байланыс, электронды жұптардың тебісу теориясы, металдық байланыс, сутекті байланыс, кристалдық торлар;
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) модельдерін құрастыру»;
4) «Стехиометрия». Химияның негізгі стехиометриялық заңдары, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса, зат мөлшері, стехиометриялық заңдар;
Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің проценттік шығымын есептеу»;
5) «Термодинамикаға кіріспе». Ішкі энергия және энтальпия, Гесс заңы, Гиббстің бос энергиясы, энтропия;
№ 1 практикалық жұмыс: «Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау»;
«Гесс заңы және оның салдарын қолдану» тақырыбына есептер шығару;
6) «Кинетика». Химиялық реакция жылдамдығы, концентрацияның реакция жылдамдығына әсері, қысымның химиялық реакция жылдамдығына әсері, температураның химиялық реакция жылдамдығына әсері, катализ;
«Әрекеттесуші массалар заңы» тақырыбына есептер шығару;
№ 2 практикалық жұмыс: «Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу»;
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу»;
7) «Химиялық тепе-теңдік». Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар, Ле-Шателье-Браун принципі, тепе-теңдік константасы, өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік;
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Әртүрлі факторлардың динамикалық тепе теңдік күйіне әсерін зерделеу»;
«Тепе-теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу». Өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік тақырыбына есептер шығару;
8) «Тотығу-тотықсыздану реакциялары». Электрохимиялық потенциалдар қатары, гальваникалық элементтер, электролиз;
№ 3 практикалық жұмыс: «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру»;
9) «17-топ элементтері». Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары, галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері, сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау, галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы;
10) «2 (ІІ)-топ элементтері». 2 (ІІ)-топ элементтерінің физикалық қасиеттері; 2 (ІІ)-топ элементтерінің химиялық қасиетттері; табиғи карбонаттар;
11) «Органикалық химияға кіріспе». Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы, функционалдық топтар, гомологтық қатар, алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы, изомерия түрлері, алкандар, алкандардың жану өнімдері, алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі, галогендеу;
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру»;
«Жану өнімдері және гомологиялық қатар бойынша заттардың молекулярлық формулаларын анықтау» тақырыбына есептер шығару
12) «Қанықпаған көмірсутектер». Алкендердің құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті, стереоизомерия; алкендердің, алкадиендердің, алкиндердің қосылу реакциялары, мұнайдың құрамы, мұнай өнімдерін өңдеу әдістері, табиғи газ және көмір, олардың өндірудегі негізгі өнімдер, полимеризация;
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция»;
13) «Галогеналкандар». Галогеналкандарды алу, Галогендердің нуклеофильді орынбасу реакциялары;
14) «Спирттер: біратомды, көпатомды спирттер». Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері, этил спиртін өнеркәсіптік өндіру, фенол, оның құрылысы мен қасиеттері;
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет