Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет112/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2. Оқу пәнінің маңыздылығы оның әлем тілдерінің бірі болуымен, ғылым, білім және туризм тілі болып табылатындығымен анықталады.
Француз тілін білу:

  1. әртүрлі өмірлік жағдайда кездесетін қарым-қатынаста білім алушылардың сенімін арттырады;

  2. Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары білім алу мүмкіндігін береді;

  3. Қазақстанда және шетелде кәсіптік білімді жалғастыруға мүмкіндік береді;

  4. француз тілінде таратылатын жаңалықтар мен ақпаратқа білім алушылардың қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді;

  5. француз тіліндегі әдеби шығармалардың аутенттілік мәтініне білім алушылардың қол жеткізуіне мүмкіндік береді;

  6. білім алушыларға Қазақстанды ел ішінде және одан тыс жерлерде таныстыруға мүмкіндік береді;

  7. мектепте алған білімдері, дағдылары және оқыту стратегияларына сүйене отырып, өмір бойы білім алуға мүмкіндік береді.

3. «Француз тілі» оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушылардың тіл дағдыларын дамыту бойынша тіл қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытуға бағытталған. Негізгі орта білімді (10-11-сыныптар) аяқтаған кезде білім алушылар Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру біліктілігіне сәйкес (Common European Framework of Reference, CEFR/Комон Еуроен Фрамуорк оф Реферанс, СИЕФАР) тілдік В1 деңгейін меңгерулері қажет.Әрбір пәндік бағдарлама үш тілде білім беруді қарастырады. Бұл оқу және сыныптан тыс іс-шаралар үш тілде (қазақ, орыс және француз) жүргізілетінін білдіреді. Әрбір пән көптілді оқыту ортасын құруға үлес қосатындықтан, Пәндік бағдарлама үш тілде білім беру саясатын жүзеге асырады.
2-тарау. «Француз тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет