Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет60/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

ұзақ мерзімді жоспар

10-сынып:





Тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

1-тарау.
Тіл және алаш идесы

Тыңдалым және айтылым

10.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

Оқылым

10.2.2.1 - ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);
10. 2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Жазылым

10.3.4.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);
10.3.7.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

10.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

2-тарау.
Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет



Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.3.3-тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау

Оқылым

10.2.3.1 – көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

Жазылым

10.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу);
10.3.4.1- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)

Әдеби тіл нормалары

10.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

2-тоқсан

3-тарау.
Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі
(интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Оқылым

10.2.3.1 – көпшілікке арналған интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10. 2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Жазылым

10.3.2.1 -
ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып,интервьюжазу;
10.3.6.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

10. 4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4-тарау.
Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.3.1 – көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10. 2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

Жазылым

10.3.2.1 - ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу;
10.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.7.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

10.4.3.1 - белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп,талғаммен қолдана білу

3- тоқсан

5-тарау.
Білім. Ғылым. Инновация.

Тыңдалым және айтылым

10.1.3.3-тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау;
10.1.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Оқылым

10.2.3.1 – көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

Жазылым

10.3.6.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
10.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)

Әдеби тіл нормалары

10.4.3.1 - белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп,талғаммен қолдана білу

6-тарау.
Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік

Тыңдалым және айтылым

10.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

Оқылым

10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10. 2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

Жазылым

10.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.4.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, аргументативті эссе)

Әдеби тіл нормалары

10. 4.4.1- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

7-тарау.
Қылмыс және заң

Тыңдалым және айтылым

10.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;
10.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10. 2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

Жазылым

10.3.2.1 - ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;
10.3.3.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.4.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Әдеби тіл нормалары

10. 4.4.1- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

4-тоқсан

8-тарау.
Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер

Тыңдалым және айтылым

10.1.1.1 -мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.1.3.3-тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау

Оқылым

10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Жазылым

10.3.2.1 - ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақалажазу;
10.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу).

Әдеби тіл нормалары

10.4.5.1- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

9-тарау.
Сөз мәдениеті және шешендік өнер

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.5.1- мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
10. 2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Жазылым

10.3.6.1- әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
10.3.7.1- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

10.4.5.1- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

11-сынып:





Тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

1-бөлім.
Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.

Оқылым

11.2.2.1 - таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
11.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;
11.2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу

Жазылым

11.3.4.1 - қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);
11.3.7.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

Әдеби тіл нормалары

11.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

2-бөлім.
Жастар мәдениеті және мәселесі.



Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.3.3- тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру

Оқылым

11.2.3.1 – таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

11.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
11.3.6.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

11.4.1.1-мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

2 - тоқсан

3-бөлім.
Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі
(интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.2.1 - таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

Жазылым

11.3.2.1 -таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;
11.3.3.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау

Әдеби тіл нормалары

11.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4- бөлім.
Әлемді өзгерткен өнертабыстар

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.3.3- тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажырата білу

Оқылым

11.2.3.1 – таза ғылыми стильдегі мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

11.3.1.1 - жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар);
11.3.2.1 -.таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу

Әдеби тіл нормалары

11.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу(образды-эстетикалық)

3- тоқсан



5-бөлім. Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

Оқылым

11.2.3.1 – таза ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;
11. 2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

Жазылым

11.3.4.1 - қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
11.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Әдеби тіл нормалары

11.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу(образды-эстетикалық)

6-бөлім. Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі
(бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.3.1 – таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Жазылым

11.3.2.1 -таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация, рецензия жазу;
11.3.6.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

11.4.4.1- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

7-бөлім.
Табиғат және экология

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.

Оқылым

11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11. 2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

Жазылым

11.3.3.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.6.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

11.4.4.1- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

4- тоқсан

8-бөлім.
Жаңа әлемдегі театр мен киноматография

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью,бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.3.1 – таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11. 2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

Жазылым

11.3.2.1 -таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу;
11.3.7.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

Әдеби тіл нормалары

11.4.5.1- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

9-бөлім:
Еңбек нарығы және сұраныс

Тыңдалым және айтылым

11.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
11.1.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

Оқылым

11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу

Жазылым

11.3.1.1 - жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар);
11.3.4.1 - қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе).

Әдеби тіл нормалары

11.4.5.1- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
81-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет