Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады



бет226/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

44. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.

45. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады (төмендетілген оқу жүктемесімен).


46. Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бөлім білім алушылардың зерттеу жұмысымен аяқталады. Ұзақ мерзімді жоспарда зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.

3.Параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)


1) 10-сынып:



Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқыту мақсаттары



1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшелік
тері



Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері



«Өркениет» түсінігі

10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;
10.1.1.2 «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

Өркениеттер
дің жіктелуі



Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік

10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;
10.1.2.3 өркениеттің индустриалды түрінің ерекшеліктерін түсіндіру

Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі

10.1.2.4 өркениеттің постиндус триалды дамуының ерекшеліктерін түсіндіру;
10.1.2.5 ақпараттық технологиялар дың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау

Әлем өркениеттері
нің тарихы

Ежелгі әлем өркениеті

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;
10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау;
10.1.3.2 ежелгі өркениеттердің дамуына діни сенімдердің әсерін анықтау;
10.1.3.3 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу

Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;
10.1.3.2 ежелгі өркениеттердің дамуына діни наным-сенімдердің әсерін анықтау;
10.1.3.4 жергілікті өркениеттердің ерекшеліктерін, оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау;
10.1.3.5 аймақтардың өркениеттік ерекшеліктер трансформациясының себептерін анықтау

Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

10.1.3.6 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.3.7 әлемдік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру;
10.1.3.8 әлемдік діндер ілімдерін дегі жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау;
10.1.3.9 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау;
10.1.3.10 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау

Өркениеттер
дің өзара әрекеттесуі



Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы

10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау;
10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау

Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы

10.1.4.3 өркениеттерді жақындас тыру факторы ретінде дипломатияның маңызын анықтау;
10.1.4.4 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау

Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы

10.1.4.5 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру;
10.1.4.6 отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселелердің себеп-салдарлық байланысын анықтау;
10.1.4.7 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстар дың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау

Мәдениеттер диалогі

10.1.4.8 әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау;
10.1.4.9 жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалау

Зерттеу жұмысы

Әлемдік тарих тұрғысындағы өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпал ету тәсілдері

2-тоқсан

Этника
лық және әлеумет
тік процес
тер



Антропогенез және этногенез

Адамның шығу тегі теориялары

10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Этностардың пайда болуытуралы теориялар

10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолдану;
10.2.1.3 этногенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау;
10.2.1.4 Л. Н. Гумилевтің этностардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми көзқарастарының ерекшеліктерін зерттеу

Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта

10.2.1. 5 әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру;
10.2.1.6 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау;
10.2.1.7 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени әртүрлілікті сақтаудың маңыздылы ғын негіздеу

Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар



Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары



10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік»терминдерін қолдану;
10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстар дың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау;
10.2.2.3 тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын бағалау

Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері

10.2.2.4 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдар- дың рөлін талдау;
10.2.2.5 қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін бағалау;
10.2.2.6 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу

Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары

Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі

10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін «социогенез», «формациялық әдіс», «өркениеттік әдіс» ұғымдарын қолдану;
10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары

10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру;
10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу

Зерттеу жұмысы

Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер

3 - тоқсан

Мемлекет, соғыс және револю
циялар тарихы
нан

Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер



Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары

10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолдану;
10.3.1.2 мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктерін түсіндіру үшін мемлекеттің пайда болу теорияларын салыстыру

Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін

10.3.1.3 тарих контекстінде мемлекеттік құрылыс формасының өзгеруінің заңдылықтарын анықтау және талдау;
10.3.1.4 мемлекеттердің тарихи формаларына тән белгілерін анықтай отырып, салыстыру

Саяси режимдердің типтері

10.3.1.5 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру;
10.3.1.6 тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау

Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар



Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы

10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек -парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру;
10.3.2.2 антика дәуірінде империялардың пайда болуының себептері мен салдарларын талдау;
10.3.2.3 эллинизмді таратуда А. Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау

Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде

10.3.2.4 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау;
10.3.2.5 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау

Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары

10.3.2.6 дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау;
10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының салдарларын салыстыру

Еуразия картасының өзгеруіне
Шыңғысхан жорықтарының ықпалы

10.3.2.8 моңғол шапқыншылығы ның Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау;
10.3.2.9 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау

Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері

10.3.2.10 наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату;
10.3.2.11 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау

ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері

10.3.2.12 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру;
10.3.2.3 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау;
10.3.2.14 дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын талдау

Революция
лар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде



Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы

10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау;
10.3.3.2 буржуазиялық революция лардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру;
10.3.3.3 революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау

Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалдыәдісі ретінде

10.3.3.3 революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау;
10.3.3.4 социалисттік революция ның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу;
10.3.3.5 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау;
10.3.3.6 социалисттік революция лардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру

Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары

10.3.3.7 Шығыс Еуропадағы «барқыт» революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау;
10.3.3.8 «араб көктемі» және «түрлі-түсті революциялардың» ішкі және сыртқы факторларын анықтау;
10.3.3.9 қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасау

Зерттеу жұмысы

Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешудің тәсілдері

4 - тоқсан

Мәде
ниеттің
дамуы

Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары



Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі

10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіру;
10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау

Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы

10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік терін анықтау;
10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру;

Өнер – қоғам дамуының бейнесі



Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері

10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракцианизм», «модернизм», «постмодернизм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрессионизм», «гиперреализм», «хайтек» терминдерін қолдану;
10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау;
10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау

Зманауи өнердің даму тенденциялары

10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау;
10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау

Қазіргі қоғамның рухани-адамгер
шілік құндылық
тары



Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы

10.4.3.1 деректерді талдау негізінде адамзаттың рухани-моральдық құндылықтарының қалыптасу қайнар көздерін анықтау

Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі

10.4.3.2 дәйекті қорытындыларды жасай отырып, қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеруінің мысалдарын зерттеу;
10.4.3.3 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау

Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі

10.4.3.4 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру;
10.4.3.5 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау;
10.4.3.6 болашақтағы адамның моральдық бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын болжау

Зерттеу жұмысы

Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтардың бейнесі ретінде

2) 11-сынып:





Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқыту мақсаттары



1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшеліктері



Экономика
лық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық



Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

11.1.1.1 мемлекеттердің экономика лық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану;
11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу

Дәстүрлі (аграрлық) экономика

11.1.1.3 әртүрлі мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау;
11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру

Нарықтық экономика

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру;
11.1.1.5 әртүрлі елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау

Жоспарлы (социалистік) экономика

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру;
11.1.1.6 әртүрлі мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау

Экономиканың аралас түрі

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру;
11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу

Мемлекеттің экономика лық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері



Табиғи-географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы

11.1.2.1 мемлекеттер мен аймақтар дың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи-географиялық фактордың рөлін негіздеу



Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары

11.1.2.2 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің әртүрлі амалдарын зерттеу;
11.1.2.3 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау

Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі



Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі

11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау;
11. 1. 3. 2 әртүрлі алғышарттардың негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу

Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары



1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау;
11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтар дың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау;
11.1.3.5 дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудің ықтимал жолдарын болжау

Зерттеу жұмысы

Әлемдік тәжірибені талдау негізінде Қазақстанның шектеуші табиғи-географиялық факторларға төтеп берудің перспективалары

2-тоқсан

Саяси-құқық
тық процес
тер



Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекет түсінігі

11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін «құқықтық мемлекет» ұғымын қолдану;
11.2.1.2 құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғышарттарын зерттеу

Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі

11.2.1.3 әртүрлі мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау;
11.2.1.4 әртүрлі мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекет принципте рініңжүзеге асу ерекшеліктерін салыстыру;
11.2.1.5 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу

Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы

11.2.1.6 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін «азаматтық қоғам» ұғымын қолдану;
11.2.1.7 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының тарихи байланысын анықтау

Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар

11.2.1.8 азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін анықтау;
11.2.1.9 әртүрлі мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау

Әлемнің қазіргі саяси жүйесі



Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі



11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау;
11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау

Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі



11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін «постбиполярлық жүйе», «көпвекторлы саясат», «бір полярлы әлем» ұғымдарын қолдану;
11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденция
ларын сипаттау

Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі



Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер

11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «сепаратизм», «терроризм», «фундаментализм», «экстремизм», «миграция», «босқын» терминдерін қолдану;
11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық терроризмнің таралу себептері мен салдарларын анықтау;
11.2.3.3 халықаралық қауіпсіздік жүйесінің дамуының ықтимал нұсқаларын болжау




Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері

11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау;
11.2.3.4 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау;
11.2.3.5 қауіпсіз әлем дамуының ықтимал жолдарын болжау

Зерттеу жұмысы

XXI ғасырдағы әлем: халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері

3 - тоқсан

Қоғам
дық-саяси ойдың дамуы



Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы



Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары

11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін «либерализм», «ұлтшылдық», «социал-демокра тия», «марксизм», «экзистенциализм», прагматизм», «позитивизм» түсініктерін қолдану;
11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау;
11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу

ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер



М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы



11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде «гандизм» ұғымын түсіндіру;
11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау;
11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау

Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы

11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолдану;
11.3.2.5 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау

Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші

11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.2.5 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азамат- тық позициясының маңыздылығын бағалау;
11.3.2.6 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «апартеид» ұғымын қолдану

ХХ ғасыр дағы –
ХХI ғасыр дың басын дағы көрнекті саясаткер-реформатор
лар



Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалар дың маңыздылығын бағалау;
11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «этатизм», «зайырлы мемлекет» ұғымдарын қолдану;
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытын- дылар жасау

Франклин Делано Рузвельт және оның «жаңа бағыты»

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі
Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау

Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін «голлизм» ұғымын қолдану;
11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу

Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін «қытайлық ерекшелігі бар социализм» ұғымын қолдану;
11.3.3.8 ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдау

Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: «үшінші әлемнен бірінші әлемге»

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау
11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы «экономикалық ғажайып» факторларын тұжырымдау;
11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизация
сының ерекшеліктерін салыстыру

Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау;
11.3.3.12 «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларыың мысалында мемлекет дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігін дәлелдеу;
11.3.3.13 Қазақстан Республикасы ның Тұңғыш Президентінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ұсыну өзектілігін негіздеу

Зерттеу жұмысы

Тарихтағы тұлғаның ролі

4 тоқсан

Білім мен ғылым
ның дамуы



Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде



Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері

11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу;
11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау

Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін



11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау;
11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау;
11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру

Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні

11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу;
11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университет тердің рөлін талдау;
11.4.1.8 тарихи даму контекстінде жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды анықтау;
11.4.1.9 заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау

Ғылыми-техникалық прогресс



Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері

11.4.2.1 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолдану;
11. 4. 2. 2 - әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
11.4.2.3 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау;

Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары

11.4.2.4 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін «ғылыми-техникалық прогресс» ұғымын қолдану;
11.4.2.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу;
11.4.2.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ықтимал жолдарын болжау

Қазіргі заманғы ғылыми технология
лар



Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар

11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу;
11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау




Қазіргі ғылымның перспективті салалары

11.4.3.3 робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттеу;
11.4.3.4 ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдану;
11.4.3.5 жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау;
11.4.3.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру

Зерттеу жұмысы

Жаһандану жағдайындағы ғылым мен техниканың перспективті салалары

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
112-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет