Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.
Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.
Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?
Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?
[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?
Практикалық сабақта және білім алушылардың оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар
1. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары
1.Массасы 0,8062г металл оксидінен 0,4864г металл алынған болса, оның эквивалентінің молярлық массасы нешеге тең. Жауабы 12,16г/моль.
2.Массасы 0,3200г мыстан 0,6770г мыс хлориді түзілген болса, мыс эквивалентінің молярлық массасын және мыстың тотығу дәрежесін анықтау керек. Мэ (СІ) = 35,5г/моль. Жауабы 31,78г/моль, 2.
3.Егер массасы 0,1108г мырыш қышқылдан 38,08мл (қ.ж.) сутегін ығыстыратын болса, оның эквивалентінің молярлық массасы қанша?
Жауабы 32,6г/моль .
4.Көміртегінің сутегімен бинарлы қосылысында көміртегінің массалық үлесі 75% болса, оның эквивалентінің молярлық массасы және валентілігі қанша болады? Жауабы 3г/моль, ІІІ .
5.Темір(ІІІ) эквивалентінің молярлы массасы қанша болады, егер оның салыстырмалы атомдық массасы 55,8 болса . Жауабы 18,6г/моль.
6.Егер металдың бірдей мөлшері 0,20г оттегімен және 3,17г галогенмен әрекеттесетін болса, галоген эквивалентінің молярлы массасы нешеге тең болады? Жауабы 127г/моль.
7.Егер металл 3,24г оксид 3,48г және 3,72г сульфид түзетін болса, металл және күкірт эквивалентінің молярлы массасы қанша болады?
Жауабы 108г/моль, 16г/моль.
8.Егер қ.ж. 8,34г екі валентті металды 0,68 л оттегі тотықтыратын болса, металдың атомдық массасы қанша болады? Жауабы 137,4г/моль, Ва.
9.Егер 1,00г металл 8,89г броммен және 1,78г күкіртпен әрекеттесетін болса, күкірттің эквивалентінің молярлық массасы 16,0г/моль , сонда металл мен бромның эквивалентінің массасы қанша болады?
Жауабы 9,0г/моль; 79,9г/моль.
10.16,8г металды еріту үшін 14,7г күкірт қышқылы қажет болса, металл эквивалентінің молярлық массасын және бөлінген сутегі көлемін анықтау керек Жауабы 56г/моль, 3,36 л.
11.1,80г металл оксидін тотықсыздандыру үшін 883 мл қ.ж. сутегі жұмсалатын болса, оксидтің және металдың эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек Жауабы 24,2г/моль, 16,2г/моль.
12.2,45г қышқылды бейтараптау үшін 2,00г натрий гидроксиді жұмсалса, қышқылдың эквиваленттінің молярлық массасы қанша болады?
Жауабы 49,0г/моль.
13.0,376г алюминий қышқылмен әрекеттескенде 0,468 л сутегін ығыстырады (қ.ж.). Егер алюминий эквивалентінің молярлы массасы 9г/моль болса, бөленген сутегінің эквивалент көлемі қанша болады? Жауабы 11,2 л/моль.
14.Егер ион алмасу реакциясы мына теңдеулер бойынша жүрсе: Fe2(SO4)3+2NaOH=2FeOHSO4+2H2O KAI(SO4)2+4KOH =KAIO2 + 2 K2 SO4 + 2 H2O;
Cu(0H)CI + H2S = CuS + HCI + H2O
KHSO4 + BaCI2 = BaSO4 + KCI + HCI қосылыстар эквивалентердің молярлы массалары нешеге тең?
15.Мына реакциялардағы күкірт қышқылы эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек: Zn+H2SO4сұйыт. = ZnSO4 + H2 2HBr + H2SO4 конц. = Br2 + SO2 + 2 H2O 8HI + H2SO4 конц. = 2I2 + H2S + 4 H2O
16.Қышқыл ортада 1 моль а) K2Cr2O7 ; б) KMnO4 тотықсыздануы үшін неше эквивалент КІ қажет?
17.10% (массасы бойынша) КІО3 ( = 1,052 г/мл) ерітіндісінің нормальды концентрациясы қанша болады, егер ол бос йодқа дейін тотықсызданатын болса?
18.Егер элемент 8,87% сутегісі бар гидрид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 0,35г/моль.
19.Егер элемент 31,58% оттегісі бар оксид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 17,3г/моль.
20.Элементтің эквивалентінің молярлы массасы 24,99г/моль болса, а) осы элементтің гидридінде неше процент сутегі бар екенін; б)массасы 4,95г оксидін тотықсыздандыру үшін қанша грамм сутегі қажет екенін есептеу керек.
Жауабы а.3,88%; б.0,1512г.
Мына заттардың 1г NH3 пен 1г N2 қайсысында молекула саны көп?
21.Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы неше грамм? Жауабы 1,0610-22 г.
22.1,00 мл сутегіде қ.ж. неше молекула болады? Жауабы: 2,691019.
23.271021 газдар молекуласы қ.ж. қандай көлем алады? Жауабы 1 л.
24.Кез келген газдың 1 м3 қ.ж. неше моль болады? Жауабы 44,6 моль.
25.1,5 кг мырыш тұз қышқылында ерігенде (17С және 102,4 кПа )қандай көлем сутегі бөлінеді? Жауабы 0,54 м3 .
26.2,5г металл карбонаты азот қышқылымен әрекеттескенде 4,1г осы металдың нитраты түзілген.Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 20г/моль.
27.Элементтің түзілген газтәріздес қосылыстарының сутегі бойынша тығыздықтары 8, 15, 22, 29. Элементтің осы қосылыстардағы массалық үлестері сәйкесінше 75,0; 80,0; 81,81; 82,76%. Элементтің атын айтып, салыстырмалы атомдық массасын анықтау керек.
28.Қ.ж. 0,25л газ массасы 0,1898г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасын және осы газдың бір молекуласының орташа массасын анықтау керек. Жауабы 17; 2,810-23 г.
29.1,3г металл гидроксидінен 2,85г оның сульфаты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы: 9,0г/моль.
30.2,7г металл оксидінен 6,3г оның нитраты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 32,5г/моль.
31.Эквивалентінің молярлы массасы 29,65г/моль, меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,218 Дж/мольК болса, металдың атомының молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 118,6.
32.40г металл қышқылдан 180С және 1,013105 Па қысымда 14,6 л сутегіні ығыстыратын болса және оның меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,39 Дж/мольК болса, оның атомының молярлық массасы қанша болады?
Жауабы 65,4г/моль.
Достарыңызбен бөлісу: |