Негізгі әдебиеттер: 5, 22, 23, 24, 25
Қосымша әдебиеттер: 7, 16, 17, 18
Тақырып № 6.Оқыту әдістері, тәсілдері (4 сағат)
Оқыту процесінде әдістер мен тәсілдер ұғымы.
«Дүниетануды» оқытудағы ауызша әдістер.
Оқытудың көрнекілі әдістері.
«Дүниетануды» оқытудағы практикалық әдістері.
1.Оқыту процесінде әдістер мен тәсілдер ұғымы.
Мектептегі оқыту процесінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін орнату мен сабақ үшін материалдар таңдар алуда оқытудың әдістерінің маңызы өте зор. Әдіс дегеніміз грек тілінен аударғанда бір нәрсеге жетудың жолын білдіреді. Қызметтіқ басқа түрлеріне қарағанда оқыту әдісінің ең негізі ерекшелігі ретінде оқытушының оқыту қызметі мен оқушының оқу қызметін улестіретін екі жақты процессті оқыту көрініс береді. Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған мәселелерді ескере отырып, оқытудағы әдістер ұғымын мынадай негізде анықтап беруге болады. Оқытудың әдістері дегеніміз білімді жоғары турде меңгеруге, белгілі бір дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға, оқушылардың танымдың белсендігін, дербестігі мен творчестволық мумкіндіктерін дамытуға бағытталған оқытушы мен оқушының бір бірімен өзар байланысты қызметінің тәсілдері. Егер де оқушы мен оқытушының оқу қызметтерінің тәсілдері бір бірімен өзара байланысты болса және оқу процесінің белгілі бір кезеңіндегі оқу, тәрбиелік және дамытушы мәселелерді шешуге бағытталған болса, онда белгіленген әдіс алға қойылған маселелерді шешеді деп ұйғарамыз.
Оқыту әдістерін жіктеудің әртурлі тәсілдері бар. Олар:
білімнің негізгі бастамалары бойынша.
ойлаудың логикалық формалары бойынша.
таным қызметін ұйымдастыру бойынша.
белгілердің жиынтығы боынша.
Оқушылардың жас ерекшелігі мен «Дүниетану»курсындағы мазмұнның ерекшелігін есепке алған 1ші және 4ші сыныптар үшін арналған әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін оқытушының қызметі мен оқушының танымдық қызметін оқытатын білімдерің негізгі бастамалары бойынша жіктеледі. Білімдердің басты негізіне оқулық пен бағдарламаның мазмұнымен анықталатын сөз немесе практикалық қызмет жатады. Білімдерді меңгеріп ұйғару оқытушы мен оқушының қызметінің сипатымен тығыз байланысты. Егер де білімдерді меңгеріп, жеткізу сөз арқылы, көрсету арқылы және практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асырылған жағдайда оқыту әдістері ауызша, көрнекілік және практикалық негізге топталады. Оқытудың ауызша әдістерін қолдану кезіндегі білімдерің басты негізі ретінде мұғалімнің сөзі көрініс береді. Мұғалім пікірлесудің, әнгімелесудің процесі кезінде немесе сәйкес ақпаратты тусіндіруде және бұған әртүрлі көрнекі оқу қуралдарын пайдалану процесі кезінде белгілі бір білімдердің жүйесін бере алады. Ал оқушылар бұларды үйғарып мұкият тыңдап есте сақтау кезінде меңгере бастайды. Мұғалімнің оқыту қызметі оқушыларға білімді сөзбен жеткізу. Ауызша әдістер көрнекі және практикалық әдістермен тығыз байланысты. Мысалы: демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу кезінде оқытушы оқушыларға бул тәжірибеге қалай дайындалғандығы жайында және осы тәжірибені қарастырып, бақылау кезінде басты назарды неге аудару керектігі жайында әнгімелейді. Практикалық әдістерді қолдану сонымен бірге ауызша және көрнекілік әдістермен өзара байланыста болады. Лабораториялық практикалық жұмыстарды орындауға дайындық, оларды орындаудың барысы мен ондағы нәтижелерді көркемдеу алдын ала жоспарланып қойылады, яғни жұмысты қалай орындау жайында, тәжірибе мен байқауды қалай жүргізу керектігі жөнінде оқушылармен алдын ала әнгіме жүргізіледі. Бүкіл практикалық әдістерді қолдану кезінде өздігінен дербес жұмыс істеу өте маңызды, өйткені мұндай жұмыстың процесі негізінде оқушылар творчестволық сипаттағы әртурлі мәселелерді орындай алады. Мұғалімнің сөзі мұндай кезде оқушыларды жұмысты орындатуға дайындық ушін нұсқаудың мақсатында қолданылады. Мұғалім обьектілерді сипаттайды, оларды қалай қолдану керектігін көрсетеді, алдыңғы сабақтарда орындалған практикалық жұмыстардың, «Бақылау күнделіктерінің» үлгілерін және тәжірибенің нәтіжелерін көрсетеді. Көрнекі әдістерді қолдану кезінде білімнің басты негізі болып демонстрациялық объектілерді бақылап қабылдау, тәжірибелер мен бейне көрнекілік оқу құралдарын бақылап, қабылдау табылады. Оқушылар білімді қарастырылатын және бақыланатын объектілерді қабылдаудың процесінде меңгереді, оқытушы бақылау жүргізудің жоспарын анықтап, бақыланып, қабылданған объектілерді ұғыну үшін оқушылардың алдына сұрақтар қояды, осының негізінде оқушылардың ойлау логикасы дамиды. Оқушылар бақылау жүргізгеннен соң объектінің белгілерін сипаттап, осының негізінде тұжырымдар жасайды. Практикалық әдістерді қолдану кезінде бақылау, тәжірибе жүргізудің жолымен, табиғаттың объектілері мен әртүрлі аспаптарын оқыту бойынша әртүрлі практикалық жүмыстарды орындау арқылы білімдер дербес түрде меңгеріледі. Балалар табиғатты ондағы нәрселер мен объектілерді бақылаудан және қабылдаудан бастап зерттей бастайды. Мақсатқа бағытталған бақылау тек қана оқытушының басқарушы және бағыттаушы рай арқылы ғана жүзеге асырылады, ал бақыланатын объектілерді әрі қарай тереңдетін қарастыру оқушының әрі қарайғы белсенді танымдың әрекеті процесінде ғана мүмкін болмақ.
2. «Дүниетануды» оқытудағы ауызша әдістер.
Оқытушының сөзі әрқашан негізгі мәнгі ие және оқу-тәрбиелік жұмыста маңызды роль ойнайды. Мұғалімнің нәсібі маманданған тілі ұйымдастырушылық, танымдық, тәрбиелік және дамытушы функцияларды атқарады.Ауызша әдістерге оқытушының тек қана сөзі мен тілі жатпайды сонымен бірге оқушының да тілі мен сөзі жатады, өйткені бұлар бір бірімен тыгыз байланысты. Ауызша әдістер белгілі бір процессті немесе суретті бейнелеуге қажет кезінде ғана қолданылады. Мұғалім сабаққа даярланар кезінде өзіне қажетті материялды таңдап алады және сөз бен тілдің көмегімен материялдың мазмұнын оқушыларға қалай жеткізу керек екендігін анықтайды, сонымен бірге оқушылардың мұқият тындауын қамтамасыз ететін материялдардың қажеттілігіне назар аударады. Ауызша әдістердің теріс және оң жақтары бар. Ауызша әдістерді қолдану кезіндегі ең негізі қиындық ол оқушылардың ұйымдасу деңгейі болып табылады 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың сабаққа қойылатын назары 3-5 минут аралығында ғана белсенді болып, кейін ол әлсіреп, олардың назары сабақтан тыс қалып қоюы мүмкін. Сондықтан оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамытатын әдістемелік тәсілдерді ойластырып және сабаққа сай көрнекі қуралдарды алдын ала дайындап алу қажет.
3.Оқытудың көрнекілі әдістері.
Көрнекі қуралдар оқу процесінде әртурлі дидактикалық мақсатта қолданылады, яғни оқыту қуралы ретінде, ауызша әдістердің танымдық мумкіндіктерін кушейтудегі әдістемелік тәсілдер ретінде және алда турған практикалық жумыстардың міндеттерін уйғарудағы улгі ретінде қолданылады оқытудың көрнекілі әдістері оқушылардың обьектілер мен нәрселерді қарастыруы, бақылауы және қабылдауы процесі кезінде немесе сезім органдарының көмегімен сол объектілер жөнінде белгілі бір ақпараттарға ие болған кезде ғана әдістер функциясын атқара алады. Материалдар жалпы және жеке белгілерді тауып, салыстыру жолымен уғынылады, және осының негізінде белгілі бір білімдер қалыптасады. Оқытудың көрнекі әдістері олардың қолдану процесінде жаңа білімдерге ие болу мақсатымен көрнекі қуралдарды қолданумен сипатталады. Көрнекілі әдістерді қолдану кезінде білімдердің басты негізі ретінде белгілі бір дидактикалық мақсатта біріктірілген динамикалық және статикал ық образдардың жуйесі қызмет етеді. «Дүние танудың» көптеген сабақтарында әртурлі суреттер мен таблицаларды, натуральды обьектілер көрсетіледі, сонымен бірге басқа да көрнемдік динамикалық және статикалық көрнекі құралдар да көрсетіледі. Көрнекі әдістерді қолдану кезіндегі әрбір жағдайда, қабылдау мен уғынудағы белсенділікті дамыту қарастырылады, сондықтан оқушылардың алдына нақты танымдың тапсырмалар қойылады. Мұнда қалай бақылау керек, нені қарастыру керек, нені көрсете білу керек және нені меңгеру керек жайында айтылады. Көрнекі әдістерді қолдану сәтті болуы ушін, мына бір шарттар өте қажет, олар белгілі бір обьектінің немесе процесстің мақсатқа лайық қарастырылуын және оның басты белгілері мен ерекшеліктері ойңын көрсетуге қол жеткіздіру керек.
4. Дүниетануды» оқытудағы практикалық әдістері.
Оқытудың практикалық әдістері, олардың қолдануы кезінде білімді меңгеру процесіне оқушылардың әртурлі әрекеттері енетіндігімен сипатталады. «Дүние тануды» оқыту кезіндегі практикалық әдістер кең қолданылады өйткені бұл табиғаттың қубылыстары мен обьектілерін жоғары деңгейде оқытуға мумкіндік тудырады. Белгілі бір практикалық тапсырмаларды орындау кезінде оқытушы оқушылардың алдына осы тапсырманың қурылысын ашу мәселесін де қояды. Мұнда тапсырма мәселені ретінде қойылуы өте маңызды. Мұны шешу процесінде оқушылар өздерінің практикалық және ой әрекеттерін іске қосып, білімдерін қолдануы қажет. Практикалық кызмет процесінде меңгерілген білімдер өқу процесін белсенді етіп, оқушылардың дербестігі мен творчествосын дамытады. Жаңа білімдерді белсенді практикалық және ой әрекеті процесінде меңгеруге қажет болғанда оқытудың практикалық әдістері қолданылады. Оқыту процесінде практикалық әдістерді қолдану тек қана жаңа білімдерді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге жаңа білімді меңгеру үшін практикалық іскерліктерді қалыптасуға мүмкіндік тудырады. Практикалық әдістерге байқау, лабораториялық жұмыстар жургізу, объектілерді бейнелеп, анықтау бойынша жұмыс жүргізу, табиғатты тану құралдарымен жұмыс істеу, тірі табиғат бұрыштарында және оқу-тәжірибелік орындарда практикалық жумыстар жүргізу жатады.
БАЙҚАУ – дегеніміз табиғат құбылыстары мен объектілерін мақсатқа сәйкес қабылдау, осының негізінде жалпы және жеке белгілерді көрсетіп, заңдылықтар орнатылып және белгілі бір тұжырымдамалар жасалынады. Ұйымдастыру формасы бойынша, байқауды индивидуальдық, топтың және фронтальды деп бөлеміз. Байқау оқу тәрбиелік міндеттерге сай жүргізіліп, ұйымдастырылуы керек. Сондықтан оқытушы оқушыларды байқауға алдын -ала дайындап, олар үшін байқаудын жүйелілігі жайлы тапсырмалар құру керек. Байқаулар қысқа мерзімді және узақ мерзімді болады. Қысқа мерзімді байқау көбінесе топсаяхат уақытында, тірі табиғат бұрышында, сабақтарда жүргізіледі. Ал узақ мерзімді байқаулар сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Байқаудың барлық түрлері әртүрлі практикалық жұмыстар мен тәжірибелермен тығыз байланысты.
ТӘЖІРИБЕ – дегеніміз арнай жасанды түрде қалыптасқан жағдайларда табиғат процесстерін немесе обьектілерді зерттеу тәсілі болып табылады, сонымен бірге обьектіге немесе процесске тигізілетін сыртқы жерлердің көптеген жинағынан бір ғана, алдын ала белгіленген факторды айқындау. «Дүниетану» сабақтарында тәжірибелер оқытушының басшылығымен жүргізіледі. Оқытушы тәжиребеге қажетті обьектілер мен жабдықтарды таңдап алып, топтық немесе индивидуальды сипаттағы жұмыстың формасын анықтап алады. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақта тәжиребе жүргізер алдында, оқушыларға белгілі бір тапсырмалар беріп, мәселелі жағдай тудырады. Оқытушы тақтаға тақырыпты, тәжірибенің мақсатын, жүргізу жоспарын және нәтижелерді белгілеудің жоспарын жазып қояды. Тәжірибе жоспарымен танысу барысында жауапты тәжірибенің нәтижесі ғана беретіндігі жайлы гипотеза көрініс береді. Тәжірибелерді жүргізу және дайындау сонымен бірге олардың нәтижесін ұйғару дегеніміз оқушылардың тек практикалық қана емес, және творчествалық қызметі болып табылады. Тәжірибелік жұмыстар жүргізе отырып, оқушылар әртурлі аспаптар мен жабдықтармен танысады, бұлармен жұмыс істеу іскерліктері қалыптасады. Тәжірибенің мазмұны мен мақсаты оқулықтар бойынша немесе басқа да әдебиеттер бойынша оқытылады, мұны оқытушы дайындайды. Жүргізілеттін тәжірибенің жүйелілігі анықталады, мұнда оқушыларды құралдармен, обьектілермен және қауіпсіздік техникаларымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру өте маңызды. Лабораториялық жұмыстар жүргізу кезінде оқушылар тікелей аспаптармен, жабдықтармен жұмыс істейді, «Бақылау күнделіктерін» толтырып, нәтижелерді белгіліп отырады. Мұның бәрі оқушыны дербес әрекет етуге үйретеді. Тәжірибелерді бақыланатын объектілермен салыстыра отырып жүргізу керек. Әрбір оқу тәжірибелер объектілер мен құбылыстар арасындағы себеп салдарлы байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. Оқу процесінде тәжірибелерді қолдану оқушыларда ғылыми білімдер мен қажетті жалпы білімдік практикалық іскерліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«ПРАКТИКАЛЫҚ» және «ДЕРБЕС», «ӨЗІНДІК» жұмыс жүргізу ұғымдары оқушылардың білімді мегеруі жөніндегі практикалық және дербес, өзіндік қызметтерін ұйғарады. Балаларға өзіндік жұмыстар көп берілген сайын, олар білімді меңгеруге деген дағды мен қажет тілікке қол жеткізеді “сыныптан” сыныққа өтудегі практикалық жұмыстардың ұзақтығы артып, олар күрделене түспек. Алғашқы практикалық жұмыстар өңделген жоспар үлгі бойынша жүргізіледі, кейін мұндай жұмыстардың денгейін мұғалім жоғарылатып, оқұшыларға творчестволық сиппатағы тапсырмалар беріледі. Форма бойынша практикалық жұмыстар индивидуальды, топтық және фронтальды болып бөлінеді. Практикалық жұмыстар көбінесе табиғаттың шынайы, табиғи объектілерін танып, анықтау бойынша жүргізіледі. Мұндай мақсатта тірі өсімдіктер мен жануарлар, гербарийлер, ұрықтар мен жемістердің коллекциялары және пайдалы қазбалардың зиянкестердің, минеральды тыңайтқыштардың коллекциялары қолданылады. Практикалық жұмыстардың барлығына жалпы тән белгі оған белгілі бір жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың қатысуы. Осының негізінде білімдер мен практикалық іскерліктер қалыптасады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 8, 9, 11, 17, 18
Қосымша әдебиеттер: 1, 7, 16, 17, 18
Тақырып № 7. Оқыту нысандары, сабақ түрлері.
(4 сағат)
Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері
Сабақ- “Дүниетану” оқу жұмысын ұйымдастырудың басты түрі.
Табиғатты оқып білуге топсаяхат.
1.Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері
Оқыту түрлері-оны өткізудің әртүрлі жағдайына сай келетін (сыныпта, табиғатта және с.с.) мұғалім тәрбиелік оқыту барысында қолданатын, бұл оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
“Дүниетану” курсының мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты, оқу-тәрбие барысында шешілетін міндеттермен, мектептегі төменгі сыныптағылардың табиғатты оқып білудегі келесідей ұйымдастыру түрлерін ажыратады: сабақ, топсаяхат, сабақтан тыс үй тапсырмасы және сыныптан тыс жұмыс. Әр ұйымдастыру түріне белгілі ұйымдық және оқытуға тән мұғалім қызметі, өткізу әдісі және ұзақтығы, оқушылардың оқу жұмысын ерекше ұйымдастыру жекеше, топтасқан немесе ұжымдық.
Сабақ-қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың басты түрі.
Сабақтар белгілі бір жүйелілікпен қойылады, оқушылармен деректерді қабылдауын жоспарлылығын, жүйелілігің қамтамасыз етеді, “Дүниетану” курсының мағынасын қурайтын түсінікті таныстыру, қорыту, сонымен бірге жалпы оқулықтағыдай қалыптасуы мен дамуы сияқты, табиғат объектілерін байқаудағы арнайы білік пен дағды, олармен жәй тәжірибе орнату бар.
Мұғалім сабақта оқытудың ауызша, көрнекі, тәжірибе әдістемелерін қолданады, өсімдік пен жануарлар туралы, тірі және өлі табиғат туралы берік, сезініп білімнің қалыптасуына әртүрлі көрнекі құралдар қолданады.
Сонымен қатар, мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрінің негізі бола тұрып, қазіргі жағдайда оқушының тәжірибелік қызметінің кейбір түріне, табиғат объектісін олардың жаратылыс жағдайында оқып білуге байланысты тар болуда. Сондықтан қосымша оқыту түріне көп көңіл аударылуда топсаяхат, сабақтан тыс, үй жұмысына.
2.Сабақ- “Дүниетану” оқу жұмысын ұйымдастырудың басты түрі.
Сабақ бүкіл мектеп пәндері бойынша, сонымен бірге “Дүниетануда” да оқу жұмысының ұйымдастыру түрінің негізі болып табылады.
“Дүниетанудың” әр сабағы оқушыларды сай біліммен, білікпен және дағдымен қамтамасыз етуі керек және олардың арқасында белгілі бір тәрбиелік жұмысты шешуі тиіс. Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін және олардың көп емес өмір тәжірибелерін ескере отырып, балалар табиғаттың заттары және құбылыстарымен тікелей танысуға мүмкіндік беретін, әртүрлі әдістермен амалдар сабақта қолданылуы керек. “Дүниетану” сабағы әртүрлі көмекші, көрнекі құралдармен жақсы жабдықталуы тиіс.
Өлкетану приниптеріне сай “Дүниетану” сабағында жергілікті табиғи заттар кең қолданылуы керек.
“Дүниетанудың” әр сабағы бағдарламаның белгілі бір сұрағына арналады, көзқараспен Қарағанда да ол кейбір бітілген тұтастықты білдіреді. Сонымен қатар әр сабақ курстың тек бөлігі ғана болып табылады. Ол әрқашан өткен сабақтың жалғасы жіне келесінің тірегі.
Сабақтың дидактикалық мақсатының негізіне байланысты оның түрі белгіленеді. Педагогикада жалпылама қабылданған классификацияда сабақ түрі жоқ. “Дүниетанудан” мектептің бастапқы сыныптарында әдетте келесі түрмен оқытылады: аралас, немесе біріктірілген, сабақтар; пәндік және қорытатын.
Аралас немесе біріктірілген сабақ деп, білімді қайталау және жаңа материалды оқып білу жатыр, осы екі жағдай көрінетін орынды алады. Қайталаудағы сияқты жаңа материалды оқып білуде де әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады: сұхбат, мұғалімнің айтқаны, жаратынды объектімен жұмыс, әртүрлі дайын көрнекі көмек құрал, мақала оқу және олардың мазмұнымен жұмыс, дәптерге сурет пен жазу және сол сияқтлар. Жұмыстың сол немесе басқа түрін таңдау сабақтың мазмұнына байланысты.
Пәндік сабақ деп, балалар сыныпта оқу пәндерімен тікелеу жұмыс жасағанда және табиғаттын зат пен құбылысы туралы белгілі нақты мәлімет алғандығы айтылады. Бұл сабақтарда мұғалімнің бас- шылығымен оқушылар әртүрлі заттарды өзара салыстырады, осылай ортақ және ерекше белгілерін іздейді, бастыларын айқындайды, ал басқа кездері тәжірибе арқылы зат құрылысын оқып біледі және осы жұмыс негізінде олардың ортақ сипаттамасын құрады.
Бұдан басқа, пәндік сабақтар оқушыларды тәрбиелеуде төзімдімділік, табандылық, ұқыптылық, жұмыста мұқияттылық қалыптасуына үлкен мүмкіндіктерді ашады.
Пәндік сабақтарды өткізу мұғалімнен мұқият дайындықты талап етеді. Алдынала құралдар мен заттарды топ немесе жекелеген оқушылар санына қарай әзірлеу керек, әр пәнді оқып-білуге уақыт бегілеу керек. Егер тәжірибе қойлатын болса онда тек құрал жабдықтарды дайындап қана қоймай, тәжірибе ертерек жасалуы тиіс, олардың жағдайын, ұзақтағын анықтау керек, қажетті сақтық шараларын қабылдау керек.
Объектіні немесе құбылысты оқып білу пәндік сабақта жаппай немесе топтармен өткізілуі мүмкін. Төменгі сыныптарда көбіне жаппай жұмыс қолданылады.
Пәндік сабақта сұрастыруға уақыт бөлінбейді, бүкіл сабақ жаңа материалды оқып білуге арналады, оған қысқа кіріспе сұхбат жол салуы мүмкін. Белгілі орын жаңа білімді бекітуге жұмсалады. Пәндік сабақтың жеке бөлшектер арасындағы уақыт былайша жобамен бөлінеді: кіріспе сұхбат (2-3 мин.), жаңа материалды оқып білу (30 мин.), бекіту (10 мин.)
Пәндік сабақта жаңа оқу материалын оқып үйренуде дәйекті жағдайларды көрсетуге болады:
Оқушышылар зерттеу үшін белгісіз затпен тапсырма алады. Мұғалім бұл тапсырмаларды олардың мағынасына дәйектілігіне, оқушыларға жеткілікті көзқараста қарап ойлап береді. Тапсырманы талдауға дәйектілікпен жекелей немесе топпен, жоспар түрінде беру сәнді. Төменгі сыныптарда көбіне бірінші нұсқа қолданымды.
Оқушылар берілген тапсырмамен затты өзінше бақылайды, қажет жағдайда оны басқа заттармен салыстырады және белгілі бір шешімге келеді.
Оқушылармен алынған шешім, бүкіл сыныппен талқыналады. Бұл жерде, сол зат немесе құбылысты оқып үйрену барысындағыдай, көбіне салыстыруға келу пайдалы. Сонда оқушыларға бақылаудағы осы заттар құбылысы мен құрылысы түсінірек және анықтау бола бастайды. Кей кездері балалар қате немесе толық емес шешімдер береді. Мысалға,оқушылар қар мен мұз сипатымен танысу кезінде, әдетте мұзды ақ деп атайды. Мұғалім жауапты анықтау үшін қосымша тексеруге бақылауды және салыстырманы береді. Бұл мысалда оқытушы тапсырманы таныс ақ түсті заттарды қарау үшін береді, оларды мұзтүсімен салыстыруға. Бұл кезде қараудағы, өзінің пікірін сынау әдістемелік жағдайда өте құнды болып табылады.
Өткізілген талқылаудың мақсаты-өзіндік бақылау барасында алынған, басты шышдығындағы білім мазмұнын табу. Кейбір кездері бұл білімді мұғалім тікелей бақылау барысында алу мүмкін емес мәліметтермен толықтырады, бірақ пән сипаттамасына керек бастылар (бірақ бұндай толықтырулар пән сабағында ереже емес, төтенше болуы керек).
Қорытатын сабақтар жекелеген тақырып пен оқу пәнінің толықтай материалында құрылады. Мұғалім бұл сабақтарда оқушылармен материал тақырыбын немесе бүкіл пәнді қабылдауын тексереді, осы материалды бекітеді. Бірақ бұл қорытынды сабақтың басты мақсаты емес. Өткен материал белгілі жүйеге келтірілген болуы тиіс, сонымен қатар басты жоспар түсінігі белгіленуі тиіс, жәй байланыстары және табиғаттағы заңдылыктар жеткілікті ашылуы керек. Қорытатын сабақтар төменгі сыныптағы оқушылардың берік және өз еркімен білімді қабылдауына, сонымен қатар есінде сақтау, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға септігін тигізеді.
Қорытында сабақтарға, кез-келген басқа сабақ түріндегідей, жұмыстың әртүрлі әдіс пен амалын қолдану керек, бірақ тотенше орын бұл жерде сұхбатқа жатады. Әдістемені таңдап алу толықтай бағытталған қорытатын сабаққа байланысты.
Қорытатын сабақта келесі бөлімдерді белгілеуге болады:
Сыныпты жұмысқа ұйымдастыру (2-3 мин)- мұғалім сыныптың жұмысқа дайындығын тексереді, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады
Белгіленген сұрақтармен сұхбат (35 мин). Қорытатын сабаққа дайындық барысында мұқият ойланып сұрақтың тұжырымдау керек. Біріншіден, сұрақта белгілі шындығындағы материалдық белгісі болуы керек, басты тақырып түсінігін болудегі басты рольды атқаратын. Екіншіден оқып білген заттармен құбылыстың арасындағы байланыс пен өзара байланысты оқушылардың ашуына көмектесетін сұрақтарды кіргізу қажетті сұхбатқа. Үшіншіден, белгілі бірзат пен құбылыстың маңызды жақтарын анықтауға салыстыру сияқты амал ерекше орынды алады. Сондықтан балаларға белгілі деректерді салыстырып қарауға, салыстыру сұрақтары берілуі керек. Қажеттік мөлшеріне қарай, оқып білу кезінде тақырыпты оқушылар қолданған кейбір көрнекі көмекші құралды қолдануға болады.
Тақырып бойынша қорытындыны мұғалім жасайды (5 мин). Ол қандай материал және сыныппен немесе кейбір оқушылармен қалай қабылданғанын айтады: (Клепина З.А. 1975)
3.Табиғатты оқып білуге топсаяхат.
Топсаяхат – бул оқу сабағының ерекше түрі, мектептен тыс: далада, тоғайда, бақта және осындай сияқты ерекше жағдайда -µткізіледі. Топсаяхат қана баланың ақылың тірі белгілі тұсінікпен байытуға көп мүмкіндік береді.
Оқу жоспарымен қарастырылған топсаяхаттар, «Дүниетануды» оқып білуге бөлінген міндетті болып табылады және оқу барасының уақытында өтеді. Олардың мазмуны тікелей өткен сабақ материалын оқып білуге байланысты, ал топсаяхат барысында алынған көрсетелім түсінік, жаратылыс заттарымен жинақталғандар келесі сабақ тақырыптарында кең қолданылады. Топсаяхаттағы жумыстың басты түрі бақылау, адамға өте басты, ол қандай болмасын мамандықты тандамасын болашақта, сезім органдарының жан-жақты жетілуіне әсерін тигізеді. Топсаяхатта жекеліктің мынандай сапасы тәрбиеленеді, қызығушылық пен махаббат табиғатқа деген, қоршағандағы көркемдікті көре білуге, өзіндік жұмыс дағдысын шығара алуға.
Топсаяхат табиғатты заттар мен қубылыстар жаратылыс жағдайында қалуға тиіс, барлық осы кездері жургізіледі. Муғалімге әр топсаяхат үш этапқа бөлінеді: топсаяхатқа дайындық, сол жерде өткізу оны және топсаяхат материалын келесі сабақтарда қолдану. Топсаяхатқа дайындала отырып, муғалім оның мақсатын, міндеттерін, көлемін және материалдың мазмунын анықтайды, оның бағдарлама сурақтарының ортақ жүйедегі орнын анықтау қажет, сай келетін, әдебиеттерді алады. Сонымен бірге топсаяхат өткізілуі тиіс жермен танысу аса басты. Оны муғалімге топсаяхат жері таныс жағдайда да жасау керек. Таныстыру барысында жермен жүретін жолды белгілеу аялдама жерін, бақылайтын обьектіні белгілеу керек. Қай жерден және қандай ара қашықтықта объектіні қараудың жақсырақ қарау бөлшектеріне көңіл болу керек.
«Дүниетануда» топсаяхат кіріспе болып келеді (курс немесе тақырып бойынша), күнделекті материал тақырыбын оқып білу өлшемі бойынша) және қорытындылайтын (тақырып материалын оқып білуден кейінгі).
Кіріспе топсаяхатта оқушылар оқып білу материалы туралы ортақ ұғым алады, барлық тақырыпқа бақылау үшін тапсырма, қысқа мерзімді бақылау жумысын өткізеді. Кіріспе топсаяхатқа «Табиғаттағы көктемгі өзгерістер» тақырыбы туралы топсаяхат бола алады.
Күнделікті топсаяхат табиғаттың өзінде белгілі бір объект және қубылыспен танысуды жобалайды.
Қорытатын топсаяхат тақырыпты немесе оның болігін оқып үйренудің соңында және оқып үйренген материалды нақтылауға, жүйелеуге және қорытуға жобаланады. Олар оқушылар қоршаған табиғаттан, сыныпта және үйде оқулық бойынша оқып үйренгенді табу үшін және мұгаліммен қойылған сурақтарға жауап беретіндей болып қурылады.
Топсаяхаттың нәтижелігі оған дайындыққа байланысты.
Топсаяхатта келесі басты кездерді белгілеуге болады: кіріспе сұхбат (2-3 мин), оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы өзіндік жұмысы (25- мин.), балалар өзіндік жұмысының материалы бойынша сухбат (15 – мин.), топсаяхаттың нәтижесін шығару (2-3 мин). Сонымен, топсаяхат – мұғалім қызметінің оқытудағы өте көп еңбекті және күрделілікті қажет ететін түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |