Оқу-әдістемелік және тәрбие


Бауыр тінінің морфологиясы



бет34/82
Дата31.10.2022
өлшемі1,99 Mb.
#155865
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Бауыр тінінің морфологиясы
Жуық шамамен бауыр торшаларының 80%-ын гепатоциттер және 15%-ын эндотелиальдық торшалар, ал олардың 40%-ын купфер торшалары құрайды. Гепатоциттердiң бiр бөлiгiндегi бетi синусоидтық қанмен өзгерiске түскен капилляр жанасады, ал екiншi бөлiгi өт каналдары арқылы өт қапшығымен жалғасады. Бауыр арқылы минутына 1,2 л қан ағылады, оның 70%-ы қақпалы вена арқылы асқорыту трактiсiнен түседi. Бауырдың әрбiр торшасында 400-ге жуық митохондриялар болады және олар тотықтырғыш және гидролиттiк ферменттерге (липаза, амилаза, фосфорилаза, каталаза, цитохромоксидаза, дегидрогеназа және т.б.) бай болады.
Бауырдағы улы заттардың залалсыздану жүйесі.
Гормондарды, дәрі-дәрмекті залалсыздандыру 2 сатыдан тұрады.

  1. Тотықтыру.

  2. Қосақталу реакциясына түсу.

Кейде бұл екі сатыны бірге де қарастырады, яғни гидроксилдену, метилдену, ацетилдену қосақталу реакцияларын жүргізу арқылы заттарды залалсыз дандырады.
Тотықтыру. Бұл реакция көбінесе микросомада жүреді.
Мұнда молекулалық оттегі мен пентозофосфаттық түзілетін НАДФН Н қолданылады.
Қосақталу реакциялары: УДФ – глюкурон қышқылымен, 3-фосфоаденозин-5-фосфосульфатпен ФАФС, глицинмен жүруі мүмкін.
Аммиак - өте улы зат. Ол әсіресе, жүйке ұлпалары үшін өте қауіпті. Ол ағзада жиналған кезде, жүйке жұйесінің қозуы байқалады. Сол ұшін ағзаларда аммиакты залалсыздандыру механизмдері бар. Аммиакты залалсыздандырудың негізгі жолы – ол мочевинаның синтезі.
Өткен ғасырдың өзінде-ақ, орыс ғалымдары М. В. Ненцкий және С. С. Салазкин бауырда аммиак пен көмірқышқылына мочевинаның тұзілетінін анықтады.
Кребс пен Гензин-Лейт мочевинаның синтезі циклді процесс екенін дәлелдеді және бұл процесстер каталиттік рөльді орнитін атқаратынын анықтады.
Бауыр заттар алмасуында ағзада орталық орынды алады. Бауырдың ферменттік аппаратының ерекшеліктері және басқа органдармен анатомиялық байланысы бұкілдерлік заттар алмасуында қатысып отырады және ағзадағы қанның маңызды компоненттерінің тұрақтылығын сақтап тұрады әрі қамтамасыз етіп отырады, бауыр келесі биохимиялық қызметтерді атқарады:

  • реттеуші – гомеостатикалық;

  • мочевина түзуші;

  • өт түзуші;

  • экскреторлық;

  • залалсыздандырушы.

Мочевина – ағза үшін зиянсыз зат. Ағзадағы оның негізгі тұзілетін жері – бауыр болып келеді. Бауырда мочевина түзілуіне қатысатын ферменттердің бәрі бар.

  • Адам ағзасында 4,5-5,0 г темір бар. Қан гемоглобинінде бұл мөлшерден 60-70%, миоглобин – 3,5%, ферритин – 20%, трансферритин – 0,18% кездеседі.

  • Ағзадағы темірдің мөлшері негізінен сіңірілудің интенсивті тұрде жұруінен реттеліп отырады.

  • Ішектелген ол тағаммен бірге тұсіріліп отырады. Оның артық мөлшері сіңірілмейді. Анемия ауруларында ағзаның темірге деген сұранысы қатты артады, әрі темірдің жетіспеушілігі байқалады.

  • Ішекте ол ақуыздар комплексінен босаған кезде, бейорганикалық 2 валентті ион Fe2+ түрінде болады, әрі сіңіріледі. Гемоглобиннің ыдырауы бауырда жүреді.

  • Гемоглобин ыдыраған кезде вердоглобин, биливердин пигменттері түзіледі.

  • Биливердин ферментативті жолмен бауырда билирубинге дейін тотықсызданады. Билирубин адам және жануарлар ұшін негізгі өт пигменті болып табылады. Оның қандағы мөлшерінің артуы сары ауруларға алып келеді. Билирубиннің қандағы мөлшерінің қатты артуы қанның қатты улануына әкеп соғады.

  • Тікелей емес билирубин глюкурон қышқылымен байланысып, қан ағысымен бауырға тұскен кезде, залалсыздандырылады.

  • Бұл процесстер ерекше фермент УДФ – глюкуронозилтрансфераза және УДФ – глюкурон қышқылы (глюкурон қышқылының доноры) қатысады. ¤тте әрдайым тікелей билирубин болады. Әсіресе қандағы олардың (тікелей емес және тікелей билирубин) мөлшерімен қатынасы тез өзгерсе, мұндай жағдай бауырдың, көк бауырдың, жұлын ұлпасының қан ауруларының және т.б. пайда болуына әкеліп соғады.

9 дәріс


Тақырыбы: Электролиттердің алмасуының бұзылуын зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет