3.5. Объектінің формасын өзгерту. Контурды және құюды өңдеу. Перспектива. Экструзия
CorelDraw –да әрбір объектің екі негізгі атрибуты бар: Outline (контур), Fill (құю). Контур немесе абрис деп объектінің формасын анықтайтын сызықты атайды. Құю контурмен шектелген аймақтын түстік параметрлерін анықтайды. Құю тек тұйық объектілерде болады.
Контурдың параметрлерін баптау -Outline Penбатырмасы көмегімен ашылатын Outline Pen сұхбат терезесінде жүргізіледі.
СУРЕТ-3.4 КОНТУР ТЕРЕЗЕСІ
Контурдың параметрлері:
Color– контурдың түсі
Width – контур сызығының қалыңдығы
Style –контурдың стилі
Edit Style – сызықтар үшін меншікті стиль құру
Corners – бүгілген жерлердегі контурдың түрі
Line caps – сызықтар ұштарының түрі
Arrows – бағыттаушылар (стрелкалар)
Calligraphy – каллиграфия (қаламмен немесе қылқаламмен сызылған сызықты баптау)
Behind Fill - контур құюдың үстіне салынады ма екені анықталады. Контур құю үстінде болса, онда контурдың қалыңдығы екі есе кішірейеді
Scale with image - объектпен қоса масштабтау
Құюларды қолдану. Объектінің құю параметрлерін орнату үшін Fill палитрасы қолданылады.
1. Uniform Fill – біртүсті құю (однородная заливка).
2. FountainFillDialog– градиентті құю.
Градиентті құюдың параметрлері:
Type – градиенттік құюдың түрін анықтайды: Linear (сызықтық), Radial (радиальдық), conical (конустық), sguare (квадраттық).
Center Offat – градиент ортасының ауытқуы.
Angle – градиенттің бастапқы бұрышын анықтау.
Steps - (шар) қадам саны 256 max Edge pad – объектінің шетінен шегініс.
Түсті араластыру екі режимде жүргізіледі:
Two Color (екі түсті)
Custom (қолданушылық)