Перспектива. Көлеңке түсіру. CorelDraw графикалық редакторы негізінен жазықтықтағы бейнелерді салуға бағытталған. Сондықтанда бейнелеу жұмыстарында түсетін жарыққа байланысты көлемнің ӛзгеруі, түс қанықтылығы сияқты қасиеттер тек графикалық тәсілдермен жасалынады. Осы қасиеттерді алуға бағытталған, CorelDraw-да Көлеңке түсіру, Перспектива жасау сияқты құралдар бар. Сонымен қатар Перспективаны түрлендіруге де болады. Геометриялық перспективаның заңдылықтарын ерте заманның өзінде-ақ суретшілер тапқан болатын. Бейнеленетін объектінің өлшемін, адамның көзінен арақашықтығына пропорционалды кішірейту арқылы тереңдік алуға болады. Бір объектіге немесе объектілер тобына қолданылған перспективаны түрлендіру, перспективаның таңдалынған схемасы бойынша қисайту деген сөз.
Заттардың жазықтыққа түсетін көлеңкесін құру үшін көлеңке құратын арнайы құралдарды қолдануға болады. Тіктөртбұрыш үшін перспективаны түрлендіру кезеңдерін қарастырайық. Ол үшін CorelDraw-да арнайы құрал жоқ. Сондықтан бұл жұмысты объектіні белгілеуден бастаймыз. Содан соң Effects-Add Perspective (эффектілер- перспективаны қосу) командасын орындаймыз. Команда орындалып болған соң, объект бетінде қызыл түсті пунктир тор пайда болады. Осы кезде автоматты түрде Shape(форма) құралы таңдалынады. Ол тордың бұрыштарындағы түйіндерді жылжытып, объект формасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Мәтін құралы.
Бұл құрал мәтіндік объектілердің екі типін құру үшін қолданылады: Фигуралық мәтін - қысқа жазулар үшін , қарапайым мәтін - үлкен ауқымды мәтін үшін. Фигуралық мәтінге арнайы эффектердің кез келгенін қолдануға, қисық бойымен орналастыруға, кез келген түрлендірулерді қолдануға, оларды және редакциялауға болады.
Қарапайым текст
Фигуралық текст сияқты, қарапайым текстте көпдеңгейлі біріктірілген объект сияқты болып келеді. Фигуралық тексттен айырмашылығы, қарапайым текст баспаға басылатын бетте орналаспайды. CorelDraw-да кез-келген қарапайым текст ерекше объект - қарапайым мәтін торының ішінде орналасады. Осы торлар бір-бірімен жалғасып шынжыр құруы мүмкін . Қарапайым мәтінді құрудың алдында қарапайым мәтін торын құру жұмысын орындау керек.(18-сурет). Қарапайым текст абзацтардан тұрады. Бұл абзацта 76 32000 таңбаға дейін болуы мүмкін. Ал файлда 32000 абзацқа дейін болу мүмкіндігі бар.
Фигуралық мәтін.
игуралық мәтін көпдеңгейлі біріктірілген объект түрінде сипатталады. Фигуралық мәтіннің ұзындығы 3000 таңбадан аспауы керек. Әрбір таңба үшін бірнеше атрибуттар анықталған.
Гарнитура - дизайнерлер ойлап тапқан шрифтегі алфавит таңбасының суреті.Гарнитураның әрбір таңбасының өзіндік нөмірі бар. Кегл - деп мәтін таңбаларының биіктігін айтады. Кейде гарнитура мен кеглді бірге шрифт деп те атайды.
Сызып жазу (начертанием) - деп мәтіндегі таңба суретінің қалыңдығын өзгерту және көлбеу қисайту сияқты түрлендірулерді айтады.
Сонымен "Text" құралы CorelDraw-да бейнеге әртүрлі жазбалар енгізу үшін қолданылады. Егер басқа бетінің ұзын қабырғасы вертикаль бойынша орналасқан болса, онда Grid And Ruler Setup командасын орындап, Page қатпарын, содан соң Size командасын таңдап Landscape белгілесек, басқа бетін горизанталь бағытта орналастырамыз.
CorelDraw графикалық редакторында қара түсті бояуды құйып бояйтын тәртіпті тағайындайық. Ол үшін алдымен графика панелінде Fill құралдар панелін таңдап, Fill Cokor Dialog құралын таңдасақ, экранға Fountain Fill (Бір түспен бояу) сухбат терезесі шығады. (Төмендегі суретте CorelDraw- дың орыс тіліндегі терезесі көрсетілген). Осы терезедегі фигуралық мәтін, қарапайым мәтін екі объект типін де белгілесек, экранға Uniform Fill терезесі шығады. Осы терезеден қара квадратты таңдаймыз. Енді мәтін құралымен жұмыс істей беруге болады.