Мәтінді енгізу CorelDraw-да мәтінді басқа бетіне енгізуге немесе Text-Edit Text (мәтінді өзгерту) командасы бойынша ашылатын терезеде енгізуге болады. Edit Text сухбат терезесі ашылғанда автоматты түрде (көпқатарлы өріс) текст енгізетін аймақ ашылады, өзіндік курсорымен бірге. Бұл терезені ашу үшін Ctrl+Shift+T пернелерді бір мезгілде бассақта жеткілікті.
CorelDraw фигуралық мәтінмен қарапайым мәтінді баспа бетінде теріп жұмыс істей беруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алдын ала таңдалынған форматтау атрибуттары қолданылады.
Абзацтармен жұмыс істеу Абзацты форматтау атрибуттары Формат сухбат терезесінде тағайындалады. Бұл терезені Text-Format Text командасы арқылы шақыруға болады. Содан соң интервалдарды, мәтінді баспа бетінде тегістеп орналастыру, сөзді тасымалдау, табуляция 77 орнын (солға, оңға, басқа беті ортасына) таңдау, тізім жазу таңбаларын таңдау т.с.с. форматтау атрибуттары тағайындалады. Format Text терезесінде екі санаушы бар: Before Paragraph (абзац алдында) және After Paragraph (абзац соңында). Көп абзацты қарапайым мәтінмен жұмыс істегенде абзац алдында және абзац соңында атрибуттар вертикаль бойынша абзацтар арасындағы ара қашықтықты анықтайды. Мысалы, абзац алдында 100% кегл, және 0% абзац соңында болса, онда кегл 10 пунктен терілген болса, абзацтар арасындағы ара қашықтық 10 пунк болады. Ара қашықтықты 0,1% өсіншесі арқылы өзгертуге болады.
Мәтіндерді эксперттеу CorelDraw-да бейнедегі мәтінді алып және оны мәтіндік процессормен өңдеп, қайтадан CorelDraw-ға желіп қоюға болады.
Мәтінді бағандарға бөлу CorelDraw-да брошюра, жарнамалық парақ жасағанда мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру қажеттілігі туады. Ол үшін:
1. Мәтіннің екі абзацын Ctrl+Shift+Home пернелері арқылы белгілеу керек.
2. Text-Format Text терезесін шақыру керек. Ашылған сухбат терезесінде Columns қатпарын тышқанмен шерту керек.
3. Equal Column With (екі бірдей бағандар) белгілеу, Number On Colomns (бағандар саны)-2 енгіземіз. Үнсіз келісім бойынша CorelDraw бағандар еніне 4,25 дюйм береді, қажет болса ӛзгертуге болады.
4. Format Text терезесін жабу керек.
Экранда мәтін екі баған түрінде шығады. Бізге фигуралық мәтінді эллипстың жоғарғы жартысы бойында жазу керек болсын. Экранда эллипс сызамыз. Алматы экономикалық және статистикалық академиясы деп жазамыз. Екі объектіні де белгілейміз.
Text-Fit Text to Path (мәтінді қисық бойымен орналастыру) командасын таңдаймыз.
Фигуралық мәтінді контейнер ішіне орналастыру,ол үшін:
1. Мәтін тереміз
2. Контейнер дайындаймыз
3. Мәтінді белгілейміз
4. Effects-PowerClip-Place Lnside Container (Эффектілер- PowerClip-мәтінді контейнер ішіне орналастыру)
5. Экранға шыққан жуан бағыттауышпен контейнерге көрсетеміз