NewLayer- жаңабосқабатқұрады
NewMasterLayer- бұлжаңашаблонбетқұрайды.
Delete – ерекшеленген қабат, объект немесе объектілер тобын жояды.
Объектіні бір қабаттан екінші қабатқа ауыстыру немесе көшірмесін алу үшін терезе менюінің Move to Layer немесе Copy to Layer командаларын орындауға болады.
Объектілерді туралау және бекіту. Snap to Grid кнопкасы бойынша объектілерді тор бойынша туралау режимі іске қосылады. Тордың параметрлерін баптау үшін Tools >Options командасын орындап, Document Grid терезесінде баптауға болады. Freguency (жиілік, частота) – көлденеңінен және тігінен өлшем бірлігіне келетін тор сызықтарының жиілігін орнатады. Spacing(арақашықтық) – тордың қадамы. Show Grid (торды көрсету) – торды көрсету немесе алып тастау. Snap to Grid (торды бекіту) – торды сызықтарға бекіту. Show Grid as Lines ( тор сызықтарын пунктермен көрсету). Show Grid Dots (тор сызықтарын нүктемен көрсету)
Жоғары сапалы құжат құру үшін, жұмысты тез және жоғары деңгейде жүргізу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Күрделі құжаттардың макетін құру үшін келесі кеңестерді орындаған жөн.
-құжатты жоспарлау – яғни, бейне қай мақсатпен құрылады және соңғы нәтиже қандай болады екенін анықтау.
-эскиз құру – жұмыстың алдында қағазға графиканың және мәтін элементтерінің орналасуын көрсетіп алу.
-шаблон дауындау – бұл объектілерді туралауды жеңілдету.
-құжатты құру.
-алдын-ала қағазға шығарып, нәтижені көру.
-құжатты қағазға немесе плёнкаға шығару.
Макеттеу үрдісі Жоғарғы сапалы құжатты құру үшін міндетті түрде анықталған ережелерге сүйену керек. Құжаттың дұрыс құрылғандығы жұмыстың кәсіби деңгейде және жылдам жасалуына көмектеседі.
Күрделі құжаттарды макеттеудің ұсынылатын реті
Құжатты жобалау. Жобалаудың бірінші кезеңінде бейнелердің соңғы нәтижесі қандай болатындығын және түстердің алдын ала қандай болып таңдалатынын және файлмен алға қойған мақсаттың сәйкес болуы қажет.
Эскиздардың орындалуы. Жұмыстың жасалуы алдында қағазға қолдан бірнеше бейнелерді түсіріп алу керек. Оны және сонымен қатар CorelDRAW-дің жұмыс жасау аймағында жасауға болады. Осының көмегімен толық түстердің жианығн алуға болады.
Шаблонды дайындау. Құжаттың форматы және объектілердің алдын-ала орналасуы белгілі болса, онда бағыттауыштардың көмегімен шаблондарды құруға болады. Және ол объектілерді реттеуге көмектеседі.
Құжатты құру. Осы кезеңде құжаттың құрылуымен байланысты жұмыс жасалады. Егер толығымен құжатты баспаға шығару керек болса, онда типографияның мамандарымен кеңес құрып алған жөн болады. Жекеше алар болсақ, ол палитралардың түсіне және шрифтілердің қолданылуына байланысты болады.
Байқалатын баспаны таңдау. Құжатты құру кезінде мақсатты түрде байқалатын баспаны шығарып алу керек. Осы баспада көрсетілетін барлық кедергілер қағаздың бетінде көрсетіліп тұрады, сондықтан осындай тәжірибе алдағы қаталерді жібермеуге көмектеседі.
Баспа қағазына түпнұсқа-макетті шығару. Дизайнердің нақытылы жасаған түсті жұмысы баспаға шығарумен аяқталады. Оны сапасы оның тиражымен есептеледі. Баспаға шығарылатын құжатпен нақытылы түрде жинақылықты талап етеді. Баспа қағазындағы кейбір қателіктер қосымша жұмыс жасауды талап етеді, сәйкесінше шығынның шығуы да көтеріледі.