Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет21/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

Жаңа құжат құру.
CorelDRAW программасын іске қосқан кезде әрқашанда құжат терезесі ашылады. Егер программа файл белгісі арқылы ашылмаса ол жаңа документ болып ашылады. Жұмыс барысында жаңа құжат ашу керек болса File мәзіріндегі New (Новый документ) командасын таңдау керек. Нәтижесінде CorelDRAW программасының жаңа құжат, таза парақ ашылады.
Егер де жұмыс барысында саймандар тақтасында батырмаларды іздеу қиындық тудырса, онда тышқан көрсеткішін сол батырманың орналасқан жеріне қойып 1 - 2 секунд жібермей ұстап тұру керек. Сол кезде батырманың қасына көмекші меню шығады.
Құжаттарды ашу және жабу.
CorelDRAW құжаттарын ашу барысында Windows басқа стандартты программалар сияқты CorelDRAW файлының суреті бар құжаттарды тышқанмен шерту арқылы жүзеге асырылады немесе стандарты саймандар тақтасынан Open (Открыть) командасын орындау керек.Соңғы екі жағдай бойынша диалогтық терезе Open Drawing (Открыть документ) ашылады.Бұл диалогтық терезеде Windows қолданбалы программалардың барлық түрлері көрсетілген. Одан басқа да файлдар тізімінің оң жағында алдын ала көру алаңы Preview (Предварительный просмотр) болады ол жерде біздің ашайық деп отырған файлымыздың кескіні немесе суреті кішірейтілген түрде көрінеді.
(Предварительный просмотр).
Құжатты сақтау
CorelDRAW құжаттарын сақтау стандартты саймандар тақтасындағы Save (Сохранить) командасы арқылы жүзеге асады. Егер құжат бұрынырақ жадыға сақталмаса, экранға Save Drawing (Сохранить документ)диалогты терезе шығады.


CorelDraw графикалық редакторын жүктеу түрлері
CorelDRAW жүктеу Windows үшін стандартты басты меню көмегімен орындалады. Экранда программаны жүктегеннен кейін пайдаланушылық интерфейсінің негізгі элементтерімен CorelDRAW басты терезесі ашылады (сурет-3.1).





СУРЕТ-3.1 CORELDRAW ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ОРТАСЫ

Беттің параметрі мен өлшем бірлігін өзгерту


Жаңа құжат құрғаннан соң кейде баспа бетінің өлшемі бойынша қабылданған өзгерту қолданылады. Бұл операция атрибуттар панелінің элементтері көмегімен орындалады (сурет-3.2).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет