Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет23/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

Объектілерді реттестіру
CorelDraw-да объектілерді реттестірудің мынадай түрлері бар: басқа объектіге 80 салыстырмалы реттестіру, бірінің үстінде бірі орналасқан объектілерде сурет бетіне шығу тізбесін өзгерту, топтасу және объектілерді біріктіру. Ол үшін қажетті командалардың бәрі Arrange (монтаж) мәзірінің ішінде орналасқан. Объектілердің тізбегін өзгертетін жеті команда бар:
Ол Arrange-Order (рет) командасы арқылы шақырылады. Бұл командалар: алдына шығару, артына шығару, алға, артқа, тізімді бастапқы қалпына келтіру, объект алдына, объектіден кейін объектілерді топтау және топталған объектілерді бастапқы қалпына келтіру.
Бірнеше объектілерді бір топқа біріктіру үшін, алдын ала ол объектілерді жоғарыда айтылған тәсілдердің бірімен белгілеу керек. Содан соң Arrange-Group (топтастыру) командасын орындау керек. Осы топталған объектіні қайтадан бастапқы қалпына келтіру үшін Ungroup (топты жою) командасын орындау қажет.
Топтастыру мен біріктіуден басқа екі немесе бірнеше объектілерден бір объекті немесе бірнеше жаңа объекілер алудың үш тәсілі бар. Бұлар: біріктіру, қиылыстыру және шегеріп тастау.
Біріктіру. Бұл операция орындағанда бірнеше объектілер бір контурмен қоршалып, араларындағы бастапқы объектілер контурлары жойылады да, бір объект болып шығады.
Қиылыстыру. Бұл операция нәтижесінде екі немесе бірнеше объектілердің қиылысуында пайда болған объект шығады.
Шегеріп тастау. Бұл операция орындалу барысында таңдалынған объектінің белгіленген объектімен кесілген бӛліктері жойылады.
Клондар және эффектілер клонын салу
CorelDraw-да клон деп өзінің көшірілген үлгісімен байланысын үзбейтін, объектілердің арнайы көшірмелерінің жиынын айтады. Үлгі объектіні клонның басқарушы объектісі деп атайды. Клонның негізгі қасиеті, оны редакциялауға болмайды. Клон элементін түрлендіруге: жылжытуға, бұруға, айнадағы кескінін алуға болады, бірақ оның боялу параметрлерін және контурлық сызықтарын өзгертуге болмайды.
Эффектер клонын салу. Эффектер клонын салу дегеніміз - бұрын құрылған құрама объектілердің эффектерін басқа объектіге көшіру түрі.
Қадамдап ауту. Қадамдап ауту CorelDraw-да құрама объект, алдыңғы басқару объектісі, соңғы басқару объектісі және реттелген аралық объектілер жиынынан тұрады. Аралық объектілер форматы, бастапқы объектінің соңғы объектіге өзгеруін түрленуіне баяулап жақындауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет