Жаңа файл құру File-New (Файл-жаңа) командасын орындағанда экранда пайда болған сухбат терезсінде жаңа файл параметрлерін енгізу қажет.
1. Бейне мүмкіншілігі (бейне мүмкіндігі 72 пикс. – үнсіз келісім бойынша) және түс режимдері:
2. Биттік (битовый – тек қара және ақ түс).
3. Сұр түс градациясы (градации серого – сұр түстің 256 түрі).
4. RGB, CMYK, Lab – барлық түстер жиыны.
Жаңа құжатты құру үшін New (Создать) командасын File (Файл) менюінен таңдап алу қажет. Осы әрекетті орындағаннан соң экранға New (Создание документа) диалогтық терезесі шығады. Осы беттің жоғарғы жағында Сіздің құжатыңыздың атауын беруге болады.
СУРЕТ-3.9 ҚҰЖАТТЫҢ АТАУЫ
Image Size (Размер изображения) тобының параметрі бейненің өлшемін (биіктігі мен ені) пиксельмен, дюйммен, сантиметрмен, бағанмен анықтайды.
Баспа кезінде және монитор экранында көру кезінде дюймдағы нүктелердің санын мүмкіндік анықтайды.. Мүмкіндік бейненің сапасын анықтайды. Өте жоғары мүмкіндік бейненің жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ үлкен көлемді жадыны талап етеді. Компьютердің мониторының мүмкіндігі 72 dpi-ға тең. Бейненің мүмкіндігі ретінде бейненің қайда қолданылуына байланысты алынады. Егер Сіз экранда ғана жұмыс жасайтын болсаңыз, онда Resolution (Разрешение) өрісін ғана енгізу жеткілікті. Сонымен қатар RGBColor (Модель RGB) опциясынан Mode (Режим) өрісін де алуға болады.Бұл түстік үлгі мониторда қолданылады.
Contents (Содержимое) тобында White (Белый) қосушыны орналастыруға болады. Осы әрекетпен Сіз ақ түсті орната аласыз.
Photoshop-та бірнеше терезелерді бір уақытта ашуға болады. Бірақ олардың кейбіреулері белсенді болып тұрмайды.
Құжаттың өлшемін құрып болғаннан соң, оның түсін Image, Canvas Size (Изображение, Размер полотна) командалары арқылы өзгертуге болады.