3.7 Мәтінмен жұмыс істеу. Мәтінді траектория бойымен орналастыру. Дайын суреттерді кірістіру. Деформация CorelDraw мәтіннің екі түрін қолдануға мүмкіндік береді.
Artistic text– фигуралықмәтін
Paragraph text– қарапайым мәтін
Фигуралық мәтін объект деп есептеледі. Сондықтан оған контурдың және құюдың жалпы қасиеттерін және арнайы эффектерді қолдануға болады. Фигуралық мәтіннің формасын (Shape инструменті көмегімен) өзгертуге болады.
Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады және оған мәтіндік процессорларда қолданылатың параметрлерін (өрістер, абзацтық шегіністер, тасымалдау және т.б.) орнатуға болады. Қажет болған жағдайда фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге және керісінше түрлендіруге болады.
Қарапайым және фигуралық мәтінді құру үшін: Text–инструментін қолдану керек.
Фигуралық мәтінді құру үшін: жұмыс аймағының кез-келген жерінен шертіп, мәтінді енгізу керек.
Қарапайым мәтінді құру үшін: рамка сызып, мәтінді енгізу керек.
Мәтінді өңдеу үшін қолданылатын сұхбат терезе Ctrl + Shift+T пернелер комбинациясымен шақырылады. Мәтіннің параметрлерін толық баптау үшін F-батырмасы көмегімен Formattext сұхбат терезесі шақырылады. Бұл терезенің 5 – бет парағы бар.
Character- cимволдар
Paragraph- абзацтар
Tabs - табуляция
Columns - колонкалар
Effects – маркерлердің түрі таңдалады. Сол маркердің көлемі, буквицаның түрі осы жерде таңдалады.
Мәтіндік блоктарды байланыстыру. Бұрынғы мәтіндік блокпен байланысқан жаңа блок құру үшін мәтіндік блоктың төменгі-ортанғы маркеріне шерту керек. Сонан соң мәтіндік блоктың рамкасын салу керек. Егер мәтін бірінші блокқа толық симасы маркер стрелка тәрізді болады.
3.8. Photoshop редакторы. Негізгі түсініктер. PhotoShop терезесі.
Редакторды іске қосқаннан кейін монитор экранында PhotoShop-тың негізгі терезесі пайда болады. (3.5сурет). Осы терезе бағдарлама интерфейсінің бірінші элементі болып табылады. Бұнда дизайнерлер мен суретшілер үшін қажетті құралдардың бәрі бар.
Бағдарлама ашылғанда басқа қосымша бағдарламалар сияқты автоматты түрде жаңа құжат құрылмайды, себебі PhotoShop негізінде бейнелерді құру үшін емес, оларды өңдеу үшін қолданылады.