Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша


Бояумен құю құралы мен командасы



бет36/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

Бояумен құю құралы мен командасы
Үлкен аймақтарды бояуды кисть құралымен орындау оңай жұмыс емес. Photoshop программасында бояуды құятын арнайы команда бар. Ол таңдалынған немесе ерекшеленген аймақ үшін қолданылады.
Edit (Редакциялау) мәзірінің Fill (Бояумен құю) командасын таңдағанда сұхбат терезесі шығады. Ашылған Use (Пайдалану) тізімде бояу түрін таңдаңыз — Background (Фондық түс), Foreground (Жұмыс түсі), 50% Gray (50% күлгін). Black (Қара), White (Ақ) немесе Pattern (Өрнек). Өрнек — бұл бір бейненің үзіндісі, оны программа бірнеше рет қайталау арқылы ерекшеленген аймақты толтырады.
3.10. Диаргаммалар құру
Диаграммалар әр түрлі сандық ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді. Диаграммаларды шартты екі топқа бөлуге болады:
индикаторлар
күрделі диаграммалар және графиктер
Delphi ортасында индикаторларды құру үшін ProgressBar және Gauge компоненттері қолданылады. ProgressBar компоненті компоненттер палитрасының Win32 бетпарағында, ал Gauge компонентті – Samples бетпарағында орналасқан.
Диаграммалар құру үшін Chart компоненті арналған. әр диаграмма үшін түрін, атуын, осьтер параметрлерін берілгендер көзін және т.б. параметрлерді орнатуға болады.
4. Бөлім. DELPHI-ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
4.1. Холст

Windows қосымшалары экранға немесе принтерге графикалық бейнелерді шығаруды GDI (Grafics Devices Interface) функциялары көмегімен жүзеге асырады.


Қосымшаның құрылғы драйверімен әрекеттестігі GDI функциялары қолданатын бейненің контексті деп аталатын арнайы берілгендер құрылымы арқылы жүзеге асады. Бейненің контексті шығару құрылғысының негізгі сипаттамаларынан және сурет салу саймандарынан тұрады. Бейненің контекстіне келесі саймандар жатады: шрифт, қалам (перо), қылқалам (кисть).
Delphi қасиеті программистке экранға графикалық бейнелерді шығаратын программаларды жасауға мүмкіндік береді.
Delphi ортасында графикалық құралдарды қолдануды жеңілдету үшін арнайы класстар бар. Олар:
TCanvas – бейненің контексті үшін
TFont – шрифт үшін
Tpen – қалам үшін
Tbrush – қылқалам үшін
TPicture – бейнелер үшін контейнер
TGraphic – графикалық объектілер үшін базалық класс
TBitmap – растрлік бейне
TIcon – шартбелгі (значок)
TMetaFile – метафайл
Осы кластарға байланысты объектілер барлық көрінетін элементтер үшін автоматты түрде құрылып, программада - canvas, font, pen және brush қасиеттері арқылы жүзеге асырылады.
Tcanvas класы әртүрлі құралдармен – қалам, қылқалам, шрифт – сурет салынатын кенепті құруға мүмкіндік береді. Tcanvas класының объектілері барлық көрінетін компонентер үшін автоматты түрде құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет