Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша


Show Grid (Отобразить сетку



бет35/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

Show Grid (Отобразить сетку) командасы View менюінде орналасқан, ол барлық бағыттауыштың торын көрсетеді.
Snap to (Привязать к) командасының тобы осы торға элментке жақынырақ орналастыруға мүмкіндік береді Элементтер жабысқан күйде торда болады.
Белгілеу құралдары.
Аймақтарды белгілеуге мүмкіндік беретін құралдарға – Тіктөртбұрышты аймақ, Эллипс типтес аймақ, Вертикальды және Горизонтальды қатарлар жатады. Екінші топтағы ерекшелеу құралдарына Лассо, Многоугольное және Магнитное лассо жатады. Лассо, Многоугольное лассо және Магнитное Лассо құралдары бейнелер бөліктерін олардың шекараларын сызып отырып ерекшелеуге мүмкіндік береді. CapsLock пернесін басып отырып ерекшелеу сапасын көтеруге болады. Құралдың - Сглаживание палитрасы – ерекшелеу шекарасын басаңдатады. Волшебная палочка құралы белгілі бір түс диапазонын ерекшелейді.
Ерекшеленген аймақ мөлшерін өзгерту. Ерекшеленген аймаққа жаңа бөліктер қосу үшін SHIFT пернесін басып тұрып қосымша аймақтарды ерекшелеу керек. Ерекшеленген аймақтың бөлігін бөліп алу үшін Alt пернесін басып тұрып қажетті аймақты ерекшелеу керек.
Сурет салу құралдары. Сызық құралы. Сызық түсін опциялар палитрасында тағайындауға болады. Сызық жуандығы пиксельмен беріледі. Егер сызықта бағыттауыш бар болса, онда "Старт және Соңғы" терезесінде жалау қою керек.
Қылқалам, Карандаш және Аэрограф құралдары. Қылқалам түрлі түсті жұмсақ жағулар салу үшін қолданылады. Опция палитрасындағы Непрозрачность мәні төмен болса, сурет түсі де мөлдір болады.
Карандаш құралы шеттері айқын штрихтер салу үшін қолданылады. Егер Опция палитрасында Автостирание – жалау қойсақ карандаш фон түсімен сурет салады.
Аэрограф құралы аэрозоль сияқты шашырататын эффектпен сурет салады.
Ластик, Пипетка және Образец цвета. Ластик құралы объектілерді редакциялауға арналған. Мөлдір қабатта обьектілерді өшіреді, ал мөлдір емес қабатта - фон түсімен сурет салады. Опция палитрасында ластиктің қандай құрал арқылы жұмыс істейтінін көрсетуге болады: Аэрограф, Кисть, Карандаш немесе Ластик. Егер Стирать в события опциясына жалау қойсақ, бейнені бастапқы қалпына келтіруге болады.
Кисть құралы
Сурет салу және бояумен құю құралдары бейнені өңдеу сатыларының бәрінде қолданылады. Сурет салу және бояумен құю құралдарын қолдану ерекшелеумен тығыз байланысты. Бұл құралдар ерекшеленген аймақтармен жұмыс істейді және оларды құру үшін де қолданылады.
Paintbrush (Кисть) құралын таңдап, курсорды бейнеге алып барсақ, курсор түрі өзгереді, көбінесе кисть құралының белгісіне ұқсайды. Енгізу өрісінің жоғары жағында, осы үлгінің параметрлері көрінеді: Diameter (Диаметр), Hardness (Қатаңдық), Spacing (Бос орын). Егер Spacing (Бос орын) іске қосылған болса, онда жүргізілетін сызықтардың ара қашықтықтары белгілі дегенді білдіреді. Параметрлерге байланысты сызық түрлері де өзгереді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет