Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша


Tfont класының көмегімен кез келген графикалық құрылғы (экран, принтер, плоттер, және т.б.) үшін шрифт объектісі құрылады. Tpen



бет37/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

Tfont класының көмегімен кез келген графикалық құрылғы (экран, принтер, плоттер, және т.б.) үшін шрифт объектісі құрылады.
Tpen класының көмегімен сызықтарды сызуға арналған қалам объектісі құрылады.
Tbrush класының объектілер тұйық фигуралардың ішін толтыру қызметін атқарады.


4.2. Canvas объектісі

Программа графиканы объектінің (форма немесе Image компоненті) бетіне шығарады. Объектінің бетіне Сanvas қасиеті сәйкес келеді. Программа графиканы шығаратын беттерге Canvas қасиеті сәйкес. Canvas қасиеті—Tcanvas типті объект болады. Бұл типтің әдістері графикалық примитивтерді (нүктелерді, сызықтарды, шеңберлерді, тіктөртбұрыштарды және т.б.) шығаруды қамтамасыз етеді, ал қасиеттері шығарылатын графикалық примитивтердің сипаттамаларын: сызықтардың түсін, қалыңдығын және стилін, боялатын аймақтардың түсін және құю түрін, мәтіндік ақпарат шығарғандағы қаріптің сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.


Графикалық примитивтерді салу әдістері Canvas қасиетін сурет салуға болатын кейбір абстрактты холст деп қарастырады (canvas "бет", "сурет салу үшін арналған холст" деп аударылады). Холст жеке нүктелерден – пикселдерден – тұрады. Пикселдің орны оның көлденең (X) және тік (Y) координаталарымен анықталады. Жоғарғы сол жақтағы пикселдің координаталары (0, 0). Координаталар жоғарыдан төменге және солдан оңға қарай өзгереді. Холсттың оң жақ төменгі координаталар мәні холст көлеміне байланысты болады.
Холсттың көлемін бейне шығарылатын аймақтық (image) Height және width қасиеттері немесе форманың ClientHeight және Clientwidth қасиеттері арқылы анықтауға болады.


4.3. Қарындаш және қылқалам

Суретші өз жұмысында қарындаш пен қылқаламды қолданады. Холст бетінде графикалық примитивтерді салуды қамтамасыз ететін әдістер де қарындаш пен қылқаламды қолданады. Холстта графиканы шығару үшін қолданылатын қарындаш және қылқаламға Реn (қалам) және Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес. Олар сәйкесінше TРеn және Tbrush типті объектілер болады. Бұл объектілер қасиеттерінің мәндері шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.


Қарындаш. Қарындаш геометриялық фигуралардың (тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс, доға және т.б.) нүктелерін, сызықтарын және контурларын сызу үшін қолданылады. TРеn объектісінің қасиеттері 1 кестеде келтірілген.

TРЕN ОБЪЕКТІСІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ


КЕСТЕ-4.1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет