Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет30/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

Түс палитралары.
Бағдарламаның көптеген функциялары палитралар көмегімен орындалады. Палитралардың басқа сухбат терезелерінен айырмашылығы, үнемі экранда көрініп тұрады. Бұл жұмыс істеп отырған адамның бейнеден палитраға және керісінше ауысуын жеңілдетеді, команданы таңдау уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер палитра қажет болмаса, оны экраннан алып тастауға болады. Палитраларды бір топқа жинауға да болады, сонда олар экранда көп орын алмайды.


СУРЕТ-3.6 СТАНДАРТТЫ ПАЛИТРА

PhotoShop-та 15 стандартты палитра бар. Олардың көпшілігінің стандартты құрылғылары бар. (2-сурет). Палитра ішінде: батырмалар, үлгілер, жылжымалы батырмалар, енгізу алаңы болуы мүмкін. Жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан бағыттауышы бар батырма палитра мәзірін шақырады. Онда әртүрлі командалар бар, кейбіреулері палитраның төменгі жағына батырма түрінде орналасқан.


Палитраны экранға шақыру үшін және оны экраннан алып тастау үшін Window (Терезе) мәзірінің командаларын пайдаланамыз. Палитралар топқа бірігеді. Палитраны екпінді жасау үшін, оның белгісінде тышқан көрсеткішін шерту қажет. Топта бір ғана палитра ағымдағы болады. Қалғандарын көру үшін палитраны топтан шығару керек. Ол үшін, тышқан көрсеткішін палитра белгісіне апарып, курсорды жылжытамыз. Курсор артынан палитра сызбасы да жылжиды. Енді екі палитра экранда көрініп тұрады. (3.7- сурет).


СУРЕТ-3.7 ПАЛИТРА ТОПТАРЫН ЭКРАНҒА ШЫҒАРУ


3.9. Құрал-саймандар, интерфейс элементтері. Жаңа құжатты құру. Құралдар панелі мен атрибуттар панелі

Палитралардан басқа бағдарламаларда екі панель бар:


Toolbox (Құралдар) және Options (Параметрлер). Бейнені өңдеу көптеген іс-әрекеттердің жиынынан тұрады. Әрбір іс-әрекет үшін арнайы құрал қолданылады. Ол құралдар экранның сол жағында вертикал орналасқан. Toolbox (Құралдар) панелінде орналасқан. Әрбір құралға белгісі бар батырма сәйкес келеді, құралды таңдау үшін осы сәйкес батырманы шерту қажет.
Орындайтын функцияларына сәйкес құралдар топтарға біріктірілген. Панельде осы топтың бір ғана құралы көрініп, қалғандары жасырылып тұрады. Бұндай құралдың батырмасында кішкентай қара бағыттауыш бар. Жалған құралдарды таңдау үшін батырманы бір секундтай уақыт басып тұру керек, сонда қалған құралдар тізімі бос жанама мәзір ашылады. Тышқан батырмасын жіберіп, қажет құралды таңдауға болады.
Енді таңдалынған құрал панельде көрінеді де, қалғандары жасырылады. Құралдар панелінің төменгі жағында негізгі түстерді басқару батырмалары мен бағдарлама терезесінің түрін басқару батырмалары бар. Түрлі түсті квадраттар - бұл фондық және жұмыс істейтін түс түрлерінің үлгісі. Жұмыс істейтін түс үлгісі алдыңғы жақта орналасқан, фондық түс артында орналасқан. Екі түсті де таңдауға болады. Түстерді таңдамаған болсақ, қара мен ақ түс шығады. Екі түсті алмастыру үшін екі жақты бағыттауышты қолдануға болады.
Бас терезе режимдері тек қана ашылған құжат бар болғанда ғана жұмыс істейді. Толық экран режимі құжатты экранда қарау үшін қолданылады, бұл жағдайда ешқандай басқару элементтері жұмыс істемейді. Стандарттық режим жұмыс істеуге ыңғайлы. жиі қолданылады. Тәжірибелі компьютермен жұмыс істейтін адамдар аралық мәзірі бар толық экранды режимді қолданады. (3.8 сурет).

А Б



В Г
СУРЕТ-3.8. РЕЖИМДЕР БАТЫРМАЛАРЫ (А) ЖӘНЕ ОЛАРҒА СӘЙКЕС БАС ТЕРЕЗЕ ТҮРЛЕРІ: СТАНДАРТТЫ (Б), МӘЗІРІ БАР ТОЛЫҚ ЭКРАН (В), ТОЛЫҚ ЭКРАН (Г).


Бейне түсін басқаратын белгілер

1. Негізігі түс. Осы батырманы тышқан көрсеткішіне апарып шертіп түс палитрасын шақыруға болады.


2. Бұл батырмаға шерткенде түстер - бейне қара фон болып тағайындалады.
3. Түстерді өзгерту батырмалары. Түстердің орындарын ауыстырады.
4. Фондық түсті ауыстыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет