ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша



бет1/9
Дата24.05.2018
өлшемі2,16 Mb.
#40706
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ



МСЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘК

ПОӘК 042-18.2.1. 004/3-2013



«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Баспа №

жыл



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша

«Мемлекеттік жергілікті басқару» (5В051000) мамандығы үшін
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2013


МАЗМҰНЫ
1.Голоссарий

2.Дәрістер

3. Тәжірибелік-лабораториялық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмысы



1.ГЛОССАРИЙ
Акциз – тауардың бағасына енгізілген және сатып алушы төлейтін жалпы мемлекеттік жанама салық.

Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама ролін атқаратын ,кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.

Ақша-несие саясаты – экономиканың тұрақты дамуын ақша айналымы мен несие нарығын реттеу арқылы қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы.

«Арзан ақша» саясаты – айналымдағы ақша массасын арттыру саясаты.

Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік қатынастарды, тауар өндірушілер қатынасын білдіреді.

Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.

Бағалы қағаздар- иеленушісіне мүліктік құқық және дивиденд ,процент түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар.

Бәсеке – тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық , тауарларды өндіру мен ткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда табу.

Бюджет - мемлекеттің(қаланың ,ауданның,мекеменің ), отбасының немесе жеке адамдардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі.

Брокер – бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.

Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.

Валюта - белгілі бір елдің заңмен белгіленген ақша өлшемі (АҚШ-та - доллар, Қазақстанда - теңге)

Венчурлық фирма – «тәуекел» технологияны өндіріске енгізу үшін қрылатын «тәуекел» кәсіпорны. «Тәуекел» технологияға біршама тәуекелге баруға тура келетін өнертапқыштар, пайдалы үлгілер т.б. жаңалықтар жатады.

Дәстүрлі экономика – сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер

Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.

Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.

Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.

Депозит – банкте сақталатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың салымдары

Дефляция - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы ақша айналымын тұрақтандыру әдісі.

Жекешелендіру - мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

Жалақы – қызметкерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай немесе заттай нысанындағы төлемдерінің жиынтығы. Түрлері: атаулы жалақы – қызметкерлер белгілі бір кезеңде алатын төлемдерінің абсолюттік сомасы; Нақты ж. – атаулы емес жалақының осы деңгейде алынуы мүмкін қызметтің саны, ең төмен деңгейдегі жалақы – кәсіпорындарда жалақыны есептеу мен жоспарлау кезінде негізгі және қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.

Жер кадастры – белгілі бір жерде алынатын салықты, төлемді есептеу үшін сол жердің сапасын, құндылығы мен тиімділігін анықтау әдісі. Жер бағасы кадастр арқылы белгіленеді.

Импорт – тауарларды , капиталдарды бағалы қағаздарды көрсетілетін қызметтерді жұмыс күшін басқа да материалдық құндылықтарды елдің ішкі рыногін өткізу үшін шетелден әкелу.

Инвестор – инвестициялық жобаларға меншікті қаражатымен қарыз қаражатын салушы бағалы қағаздарды өз атына және өз есебінен сатып алушы заңды және жеке тұлға.

Инфляция – айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, валютаның сатып алу жарамдылығының құлдырауы.

Капитал - тауар өндiру мен қызметтер көрсетуге пайдалану үшiн жасалынған ресурстар.

«Қымбат ақша» саясаты – елдегі ақша массасының өсуін қысқарту немесе шектеу.

Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.

Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату – сатып алу әрекеттері жүретін мекеме.

Құнсыздану - бағалар деңгейінің өсуі әсерінен ақшаның құнсыздану процесі.

Саяси іскерлік цикл – заң шығарушы биліктің сайлау науқаны кезінде салықтарды азайту және мемлекеттік шығындарды арттыру арқылы, ал сайлаудан кейін салықтарды жоғарылату және мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы экономиканы тұрақсыздандыруға деген бейімділігі.

Табыс саясаты – үкіметтің номиналды жеке табыстарға және тауарлар мен қызметтердің бағаларына, сол арқылы жеке нақты табыстарға әсер саясаты.

Өнеркәсіптік саясат – экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында өнеркәсіпті ұйымдастыру мен оның құрылымын қалыптастыруд үшін үкіметтің тікелей қатысуымен жасалатын саясат.

Өсіп келе жатқан экономика – жеке ішкі инвестициялар нөлге тең болатын (яғни жеке ішкі инвестициялардың жалпы көлемі амортизациялық төлемдердің жиынтығынан артық) экономика.

Фискалдық саясат – үкіметтік органдардың мемлекеттік шығындарды және салық салуды өзгерту бойынша қабылдайтын шаралары.

Экономикалық (іскерлік) цикл – бірнеше жыл аралығында экономикалық белсенділік деңгейінің өсуі мен құлдырауы.

Экономиканы мемлекеттік реттеу- макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын қызметі

Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.

2.ДӘРІСТЕР
1 Дәріс. Экономиканы мемлекеттік реттеу теориялық аспектілері
Дәріс мазмұны
1.Экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік экономикалық саясат туралы түсінік

2. ЭМР мәні, ғылыми және әдістемелік сұрақтары.

3.Мемлекеттік реттеу мәні және оның объективті қажеттілігі

4.Экономиканың мемлекеттік реттеу міндеттері

1. XIX ғасырдың ортасына дейін экономикалық ілім танымалы ағылшын ғалымдарының барлық шаруашылық жағдайлары ақикаты заңдылыққа байланысты өзгереді деген тұжырымына негізделіп, А.Смиттің шаруашылық барысын мемлекеттік реттеу кажет| екендігін ескертуіне карамай, меншікті иелену, шешім кабылдаулардағы тәуелсіздік өзгермеді.

Экономикалык ілім мен саясаттың арасын айкындауға талаптанып Джон Н. Кейнс (атақты Джон М. Кейнстың әкесі) «Саяси экономика» пәнінің мәні мен тәсілі деген кітабында халық шаруашылығы туралы ілімді үшке бөледі.

Біріншісі экономикалык ілім (теория), онда экономикалық заңдылықтар мен олардың байланысын талдайды;

екіншісі - экономикалық саясаттың шеберлігі мен әлеуметтік әрекеті, сол арқылы шаруашылық пен әлеумсттік жағдайларға әсер ету;

үшіншісі - лайықтап қолдану саясаты (басқару тосілі). Кейінгісі ілімді өндірісте қалай пайдалануды қарастырады, ал саясат ғылымға негізделеді.

Экономикалық саясат дегеніміз үлттық экономиканың қалпын, келелі мәселелерін, шешу жолдарын ұсынуды көрсететін білім. Әрбір шаруашылықпен шүғылданушы өзінін экономикалык саясатын жоспарлап, жүргізеді. Мысалы, зейнеткер өз жиғанын мемлекеттік кұнды қағазға салады, шаруа жылыжай (теплица) салады. Дүниежүзілік банк мемлекеттерге қарыз беруді шешеді.

Экономикалық саясаттың негізгі бөлігін мемлекеттік экономикалық саясат (МЭС) кұрайды. Ол жоғарғы (макро) және төменгі (микро) деңгейдегі шаруашылық барысына максатты әсер ету. Оған әлеуметтік, қорғаныс, сыртқы жағдай, экология тағы басқалары жатады.



Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) (немесе экономикалық саясат) - арнайы әрекет, демек көлемі мөлшерлі, әрқилы. Мысалы, қоғам игілігін туғызу, тек дүниемен қамтамасыз ету емес. кең көлемді қамтиды. Ол жеке бастың бақытты болуы. жайлылық. жүмысына разылық, түрмысына ризашылығы. Қазіргі заманда әлеуметтік - экономикалық жағдайларға ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, каржыландыруға. әлеуметтік қамсыздандыруға, ағарту жұмысына, ортаны қорғауға мемлекеттін араласпауы мүмкін емес. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында ЭМР және МЭС пара-пар.

ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) дегеніміз күқықтық үкімет орындары мен қоғамдық ұйымдардың қалыптастқан әлеуметтік-экономикалық жүйенің түрақтануы мен өзгерістерге тиімделуіне арналған құқықтық, орындаушылық, бақылау сиякты әрекеттерінің үлгілі жүйесі.

Салалық, жалпышаруашылықтық күйзелістер, жалпылай жұмыссыздық, ақша айналымын бұзу, дүниежүзілік нарықтағы ;келелстіктің шиеленісуі жалпымемлекеттік экономикалық саясатты кажет етеді.

Шаруашылық механизм-бұл экономикалық заңдылықтардың негізінде қоғамдық ұдайы өндіру процесін ретеудің формасы және құралдардың жиынтығы. Шаруашылық механизмнің дағдарысы ұзақ мерзімді сипатта болады және ол экономиканы реттеу модельдерін жетілдіруді талап етеді. Қазіргі заманғы шаруашылық механизмнің негізгі нарықтық бәсекелесті реттеу құрайды. Оның тарихы тауар өндірісінен бастап оның ұйымдастырушылық функциясын тауарға өндірушілер мен тұтұнушылардың еркіндігін және сапасына қатысы іске асырылады. Олар нарықтық бағаның құрылуы бойынша шаруашылық механизм жұмысын ақырғы нәтижесін білдіреді. Бұл механизм белгілі бағытта қоғамдық өндірістің реттеуші функциясын орындай алады. Монополияның пайда болады. Бәсекелес нарықты механизмінің қалыпты қызмет жасау процесін бұзады. Алайда, бірыңғай шаруашылық механизмінің қалыптасуына әкелетін экономикалық күрделілігі келесі 2 звенодан тұрады:

1.1873 жылдан бастап, 1929 ж уақыт аралығында әрекет етеді.

2.1929-1933 ж. аралығы (Ұлы дағдарысы)

2. Экономиканы реттеу дегеніміз жалпы мемлекеттік түрғыдағы Экономикада (макроэкономика) біртұтас табыс псн шығынды салыстырудағы үкіметтің шаралары. Мемлекеттің экономикалық саясаты (МЭС) үш бағытты қамтиды

1. Ел байлығын (жер, қазба, қуат көздері, тасымалдау, жүмысшы күші т.б.) тиімді пайдалану.

2. шаруашылық (өндірістің түрақтылығы, тиімділігі, кәсіпкер, кәсіпорын, салалардың дамуы) пен әлеуметтік (халықтың өсуі, өмір деңгейінің жоғарылауы, саяси тұрақтылық т.б.) мәселелер.

3. сыртқы экономикалық саясат (халықаралық, мемлекетаралық ) қарым-қатынас, дүниежүзілік түрақты ақша-тауар қатынасының жүйесін пайдалану т.б.).

МЭС жүйелі іске асыру: қалыптасқан жағдайды талдау, мүмкіндікті бағдарлау (табиғи-экономикалық, күш-қуат, зиялылық), болашақтағы сыртқы экономикалық қатынас, халықаралық экономикалық саясаттың өзгеруін болжау. Қазақстанның экономиканы мемлекеттік реттеудегі ғылыми ағымы:

1. экономиканың жоспарлы және нарықтық тәсілдерін жүйелі пайдалану.

2. мемлекеттің араласуы (ауқымды мәселелерді шешу, т.б.).

3. жалпы экономикалық жағдайдың тиімділігін арттыру.

4. шетелдік салымдар (иностранная инвестиция), оны негізінен ғылымды дамытуға, жаңа өндіріс әдістерін енгізуге пайдалану.

5. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік аймағына енуі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары (принципы):


  1. Негізгі бөлігін оқшаулау (алғашқыларын анықгау).

  2. Халық шаруашылығын басқару жүйесіндегі теңдестік пе сәйкестендіру.

  3. Шешетін мәселелердің әдістері мен жолдарын тандау.

  4. Жалпы экономикалық шешімдердегі жан-жақтылық.

ЭМР шараларын жүзеге асыру жолдары:

  1. Бағдарлау, үзак мерзімді маңызды жоспарлау.

  2. Қаржы-қаражаттың реттелуі.

  3. Салықпен реттеу.

  4. Ақша-қарыз арқылы реттеу.

  5. Бағамен реттеу.

  6. Кеден, баж салығымен реттеу.

  7. Мөлшерлі тариф белгілеу.

  8. Әкімшілік, құқықтық рұқсат беру (лицензия) арқылы реттеу.

  9. Нарықтық реттеу.


3. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз әлеуметтік шаруашылық жағдайына, оның ұымды теңдік пен жоғары деңгейдегі экономикалық тұрақтылығын қолдау үшін мемлекет негізгі экономикалық-әкімшілік және ұйымдастыру-құқықт тұрғыда араласу түрлері.

Оның қажеттілігін тарихи деректер дәлелдейді. Өткен кезеңдердегі (1929-1933 жж., 1948-1949 жж, 1973-1975 жж., 1980-1982 жж.) терең күйзелістерден шығу мемлекеттердің экономикаға араласуымен қамтамасыз етілген.

Нарықтық экономиканың асқан білгірі, Нобель сыйлығының иегері Д. Леонтьев ұлттық экономиканың құбылу теңіздегі желкенмен теңестірген. Желкен жылжу үшін жел керек ол қажеттілік. Тұтқа - мемлекеттік реттеу, онсыз жел оны қүзға соғып күл-талқанын шығарады.

Тімді экономиканың шведтік түрін шығарушы, ірі мам Клас Эклунд ретке келтірілмейтін нарық жоқ, болған емес, он мемлкеттік реттеу қажет деген қорытынды жасаған. 1929-1939 жж. күйзелістерден шығудың жалғыз жолы қор тарту деген ағылшынның түлғалы экономисі Дж. М. Кейнс (1883-1946 жж.)- Кейнстің көзқарасы жоспарлы және нарықтық экономиканың үйлесуінің қажеттілігіне иландырады. Оны тиімділігі әр елдердің табиғи-тарихи, әлеуметтік-модениет, табиғат, экономика, ұлт, халық құрамы, орналасу жағдайына байланысты түсіну үшін әрқилы экономикалық сөздердің (атаулардың) іргетасын білу қажет.

Қоғам игілігі (общественное благо)- халықтың мұқтажын қамтамасыз ететін, заңды құқығын қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау, түбегейлі ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, нәтижесін пайдалану, біріңғай қуат, тасымалдау, байланыс жүйелерін құрып, пайдалану, жалпы мемлекеттік табиғатты корғау тиімділігі, төтенше жағдайлардан алдын-ала ескерту сияқтыларды мемлекеттік деңгейде шешіп басқару. Сыртқы әсер (внешние эффекты) - кәсіпорын мен тұтынушылардың өнім өндіріп, қызмет көрсетуінен тигізетін

ықпалы. Мысалы, өндірушінің мақсаты сұранысты қанағаттандырып, көп пайда табу. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ұқыпты пайдаланып, сақтау сияқтылар көлеңкеде қалуы мүмкін. Мұндайда сыртқы кері әсер туады. Өндірістен тыс шығын (трансакционные издержки) - карым-қатынасты шешу, оны орындауға байланысты шығындар. Оны мемлекет өзіне алуы мүмкін, немесе мекеме, косіпорынды көндіреді. Әлеуметтік шығындар (социальные затраты) - әлеуметтік жағдайға байланысты қиыншылықтардын туындауы, шиеленісуі мемлекеттің араласуын қажет етеді. Мысалы, жұмыссыздықтың өсуі, ақшаның құнсыздануы тұрмысы төмен қауымға қосымша қарастыруды (жалпы табысты бөлуді) мәжбүр етеді. Сол сияқты еңбек құқығын жүзеге асыру, халықаралық экономикалық қатынаста ұлт мүддесін қорғауда әлеуметтік шығындар жүмсаумен байланысты.

ЭМР қажеттілігі әртүрлі себептермен байланысты:

1. Мемлекеттік және нарықтық реттеулердін мақсатынын, бірлігі. Мысалы, мемлекет жалпы экономикалық деңгейді (макроэкономика) дамуын көздейді, оның ішінде түбегейлі ғылымның (фундаментальные науки). Оның жетістігін пайдаланып өнім өндірушілер пайда тауып, экономикасын нығайтады, онда нарықтық қатынастарды қолданады. Екеуінің ортақ нәтижесі ел экономикасын нығайту, халықтың әл-ауқатын жақсарту.

2. Сыртқы әсердің тасада қалмауын ойластыру. Ол үшін орталықтандырылған қаржы есебінен табиғатты қорғау арналған жұмыстар жүргізіледі, әкімшілік-қүқықтық шектеулер қойылады, табиғатты қорғауға ынталандырады.

3. Өндірістен тыс шығындарды азайту үшін сауда -алмастырумен шүғылданушылар үкіметтің араласуын пайдаланады.

4. Әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары жүргізу. Мүнда әртүрлі иландыру, мәжбүрлік сияқты әдістер қолданып табысты бөлу жүзеге асырылады. Мысалы қайырымдылық жасау (өз бетімен иланып көмектесу), салық салудьң үлесін көбейту (пайдасын қоғаммен бөлісуге мәжбү ету), тағы басқалары.

Нарықтық экономика өзінің реттелетін және өзінің дамитын күрделі. Нарық жағдайындағы тұтынушылар нені? қанша? қашан? қайда? шешім қабылдайды. Негізгі құралдары: баға-сұраныс-ұсыныс-бәсекелестік құралдары. Мемлекет нарықтық реттеуді жетекші орын алады. Мемлекет монополияға қарсы шараларды жасау шағын және орта бизнеске қолдау көрсету. Экономикалық тұрақтылықты макроэкономикалық тепе-теңдікті және экономиканы дамытуға көтермелеулігін қамтамасыз ету. Мемлекеттің нарықтық экономиканың ролі оның функциялары арқылы анықталады: Қазіргі мемлекеттің экономикалық функциялары:



1)Мемлекеттің басты мәселесі елдің экономикалық дамуының стратегиялық жасасу. Мемлекет осындай стратегиялық жасауынан бастамасы болып және оны нақты іске асыруы үшін жауапкершілік алады.

2)Экономиканы тұрақтандыру және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру. Бюджеттік, ақша несиелік, фискалдық саясат шаралары арқылы мемлекеттік дағдарысты өндіріс құралдарын болдырмауы инфляцияның төмендетуін көздейді.

3)Жұмыссыздық бұл тек күрделі мәселе ғана емес, сонымен қатар тұтынушының сұраным мен салық түсімдерін төмендетуге жәрдемақыға кететін шығындардың өсуі.

4)Бағаны реттеу. Бұл функцияның мәні зор, бағаның құрылуы және динамикасы экономика жағдайын өзгертеді.

5)Шаруашылық субъектінің құқықтық базасын қамтамасыз ету.

6)Нарық шеше алмайтын әлеуметтік-экономикалық мәселерді шешу (монополияға қарсы саясат жүргізу).
4.Экономиканы реттеудің міндеттері:

1)Экономиканы дамуында нарықтық механизмді тиімді қолдану мәселелерін зерттеу.

2)Экономикалық процестердеде мемлекеттің араласуын максималды және минималды шараларды анықтау.

3)Әртүрлі экономикалық жағдайларға МЭР-дің әдістері мен құралдарын анықтау.

4)Мемлекет арқылы экономикалық реттеу мәселелерін зерттеу.

5)Экономикалық дамудағы экономикалық саясаттың мәселелерін зерттеу.
Реттеу негізі

1. Реттеуді талдау 2.Ғылыми болжам жасау 3.Артықшылықтады қамтамасыз ету

Реттеу концепциясы

принциптер әдістер

СӨЖ: 1)Экономикаға мемлекеттік ықпалдың өзгеруінің тенденциялары қандай?

2) Экономикада мемлекеттің роліне жаңа технологиялар қалай ықпал етеді?



2.Дәріс. ЭМР-ге әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері

Дәріс мазмұны

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттіліктерін анықтайтын факторлар.

2. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері. ЭМР құралдары.

3. Экономикаға әсер ететін тура және жанама әдістер.

4. Мемлекеттің экономикалық мақсаттары

ЭМР басты максаты экономикалық, әлеуметтік тұрактылық, ел ішіндегі құрамды нығайту, жетілдіру, оны өзгерістерге бейімдеу. Одан басқа да өзара байланыстағы нақтылы мақсаттар бар, олар бірігіп, "мақсаттардың еменін" ("дерево целей") күрайды. Оның тарауы:

  • экономикалық дамуды тегістеу;

  • акша айналымын түрақтандыру;

  • бәсекелестікті көтеру;

  • мемлекеттік жүйені нығайту, бейімделуі;

  • халықшаруашылығының қүрамын жетілдіру,

  • жүмыспен қамтамасыз етуді қолдау;

  • әлеуметтік әлем;

  • коршаған ортаны қорғау.

Максат өлшемді (жүмыссыздықты қысқарту), сапалы (білімді жоғарлату), әртүрлі мерзімді (жақын арадағы, қысқа, орта,үзақ мерзімді) болады.

Мақсаттардың топтары:

  1. Жағдайды сақтауға арналған (жүмыспен қамтуды қолдау, ақша айналымын түрақтандыру, қалыс қалғандарды тарту, т.б.).

  2. Өскелеңді ынталандыру (жоғарғы өндіріс әдісі, ғылыми үсыныс,елсізді қоныстандыру).

3. Жаңа әдіс, жүмыс түрін енгізу (жалға беру, жаңа қуат көздерін орнату, берілген қүнды қағаздармен сайлауға қатысуға рүқсат ету).

4. Жанама әсер етушілер (ғылыми-зерттеу орындарын ашу, орталықтар күру, кәсіпкерлерге көмек, шет елдегі үлттық көрмелер).

5. Оңды нәтиже беретін қалыптаскан күрылымға үйлесиейтін қысқа мерзімді шаралар.

Бір - біріне қатынасына байланысты мақсаттар ұласқан (гармоничные), мысалы экономиканың өсуін ынталандыру жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасайды, қайшы, мысалы, ақшаның қүнсыздануымен күрес жүмыссыздықтың өсуіне және керісінше эсер етеді, ығыстыратын, мысалы қорды жинақтап, орталықтандыру, біріккен үйымдар (картели) ашуды қолдау тәуелсіз бәсекелестікті ығыстырады, болып бөлінеді.

Мақсатты орындау қосымша әсер әкелуі мүмкін (оңды, кері). Мысалы, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-ондірістік жацалықтар өндірген өнімнің бағасын арзандатып, өмір деңгейін жогарылатады. Сонымен қоса кері әсері бар, ол жүмыссыздық, қалаға көшу, ондағы жүмысшы күшін арзандату. Оңды тағы әсері сырттан сатып алуды азайтып, шет елге өнім шығару.

ЭМР даму кезеңдері.



Бірінші кезеңде нарықтық экономиканы енгізуге мемлеке жалпы жағдай туғызады. Атап айтсақ, тәртіп орнату, шекзран күзету, қорғау, кедендік төлемдер сияқтыларды заңдандырып тәртіп бүзушыларды жазалайды.

Екіншіден әлеуметтік қайшылықтар, экономикалық күйзелістер шиеленіскенде мемлекет шаруашылық жағдайына араласады. Мысалы, әскери, саяси, экономикалық мақсатта қызмет көрсететін қүрылыстар салу, яғни өзен, теңіз қатынастарын салу, байланыс тораптары және басқалар. Мүндайда жеке менші қаржыларын ынталандырып өскери тапсырмалар береді.

Үшіншіде қаржы иелерінің дамуына жеңілдіктер беріліп, еңбек, салық, сауда, әлеуметтік жағдайларды қамтитын зандар жасалынып аяқталады. Шикізат пен қызмет атқаратын қүрылымдар (инфраструктура) мемелекет меншігіне сатып алынып, қосымша жаңадан салынады. Шаруашылықты реттеуде тәжірибе ретінде ақша-қарыз және қаржы шаралары қолданылады. Орталық каржы орны қарыз қайтарудағы үстеме өтемді (учетная ставка) өзгертіп саясатын жүргізеді. Ел ішінде үкімет қзрыз беретін ірі орынға айналып, халықарапық қарыз беруші болады. Сыртқа тауар, каржы шығаруды ынталандыру саясаты жүргізіледі.

Дамыған елдер үлттық табыстың мүдддесі үшін дүниежү3ін, аймақтық және экономикалық ықпалдылыққа бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет