ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша



бет2/11
Дата18.06.2017
өлшемі2,41 Mb.
#19436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1)Мемлекеттің басты мәселесі елдің экономикалық дамуының стратегиялық жасасу. Мемлекет осындай стратегиялық жасауынан бастамасы болып және оны нақты іске асыруы үшін жауапкершілік алады.

2)Экономиканы тұрақтандыру және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру. Бюджеттік, ақша несиелік, фискалдық саясат шаралары арқылы мемлекеттік дағдарысты өндіріс құралдарын болдырмауы инфляцияның төмендетуін көздейді.

3)Жұмыссыздық бұл тек күрделі мәселе ғана емес, сонымен қатар тұтынушының сұраным мен салық түсімдерін төмендетуге жәрдемақыға кететін шығындардың өсуі.

4)Бағаны реттеу. Бұл функцияның мәні зор, бағаның құрылуы және динамикасы экономика жағдайын өзгертеді.

5)Шаруашылық субъектінің құқықтық базасын қамтамасыз ету.

6)Нарық шеше алмайтын әлеуметтік-экономикалық мәселерді шешу (монополияға қарсы саясат жүргізу).
4.Экономиканы реттеудің міндеттері:

1)Экономиканы дамуында нарықтық механизмді тиімді қолдану мәселелерін зерттеу.

2)Экономикалық процестердеде мемлекеттің араласуын максималды және минималды шараларды анықтау.

3)Әртүрлі экономикалық жағдайларға МЭР-дің әдістері мен құралдарын анықтау.

4)Мемлекет арқылы экономикалық реттеу мәселелерін зерттеу.

5)Экономикалық дамудағы экономикалық саясаттың мәселелерін зерттеу.
Реттеу негізі

1. Реттеуді талдау 2.Ғылыми болжам жасау 3.Артықшылықтарды қамтамасыз ету

Реттеу концепциясы

принциптер әдістер

СӨЖ: 1)Экономикаға мемлекеттік ықпалдың өзгеруінің тенденциялары қандай?

2) Экономикада мемлекеттің роліне жаңа технологиялар қалай ықпал етеді?



2.Дәріс. ЭМР-ге әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері

Дәріс мазмұны

1. Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау.

2. Мақсаттарды анықтау, бәсекелес және бірін бірі қолдаушы мақсаттар. Әлеуметтік- экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау.

Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері. ЭМР құралдары.



3. Экономикаға әсер ететін тура және жанама әдістер.

4. Мемлекеттің экономикалық мақсаттары
ЭМР басты максаты экономикалық, әлеуметтік тұрактылық, ел ішіндегі құрамды нығайту, жетілдіру, оны өзгерістерге бейімдеу. Одан басқа да өзара байланыстағы нақтылы мақсаттар бар, олар бірігіп, "мақсаттардың еменін" ("дерево целей") қүрайды. Оның тарауы:

  • экономикалық дамуды тегістеу;

  • акша айналымын түрақтандыру;

  • бәсекелестікті көтеру;

  • мемлекеттік жүйені нығайту, бейімделуі;

  • халықшаруашылығының қүрамын жетілдіру,

  • жүмыспен қамтамасыз етуді қолдау;

  • әлеуметтік әлем;

  • коршаған ортаны қорғау.

Максат өлшемді (жүмыссыздықты қысқарту), сапалы (білімді жоғарлату), әртүрлі мерзімді (жақын арадағы, қысқа, орта,үзақ мерзімді) болады.

Мақсаттардың топтары:

  1. Жағдайды сақтауға арналған (жүмыспен қамтуды қолдау, ақша айналымын түрақтандыру, қалыс қалғандарды тарту, т.б.).

  2. Өскелеңді ынталандыру (жоғарғы өндіріс әдісі, ғылыми үсыныс,елсізді қоныстандыру).

3. Жаңа әдіс, жүмыс түрін енгізу (жалға беру, жаңа қуат көздерін орнату, берілген қүнды қағаздармен сайлауға қатысуға рүқсат ету).

4. Жанама әсер етушілер (ғылыми-зерттеу орындарын ашу, орталықтар күру, кәсіпкерлерге көмек, шет елдегі ұлттық көрмелер).

5. Оңды нәтиже беретін қалыптасқан құрылымға үйлесиейтін қысқа мерзімді шаралар.

Бір - біріне қатынасына байланысты мақсаттар ұласқан (гармоничные), мысалы экономиканың өсуін ынталандыру жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасайды, қайшы, мысалы, ақшаның қүнсыздануымен күрес жүмыссыздықтың өсуіне және керісінше эсер етеді, ығыстыратын, мысалы қорды жинақтап, орталықтандыру, біріккен үйымдар (картели) ашуды қолдау тәуелсіз бәсекелестікті ығыстырады, болып бөлінеді.

Мақсатты орындау қосымша әсер әкелуі мүмкін (оңды, кері). Мысалы, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-ондірістік жаңалықтар өндірген өнімнің бағасын арзандатып, өмір деңгейін жоғарылатады. Сонымен қоса кері әсері бар, ол жұмыссыздық, қалаға көшу, ондағы жұмысшы күшін арзандату. Оңды тағы әсері сырттан сатып алуды азайтып, шет елге өнім шығару.

ЭР-ң өзара байланысты болатын мақсаттың кезеңдері бар. Негізгі орталық мақсаттары экономикалық дамуды оның әлеуметтік салаларын қоса алғанда және қоғамдық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жағымды жағдай қалыптастыру болып табылады Қалған барлық мақсаттар осы екі мақсаттан шығады. Бірақ , олардың уақыт өтуіне әртүрлі факторларға байланысты өзгереді және өзара тығыз қарым-қатынаста бола тұрып, өзара алмасады.

Батыста көптеген ғылыми және оқу басылымдырында мемлекеттік реттеудің 4 негізгі мақсаттарға бөлінеді:

1) Жұмыссыздықты төмендету



2) Бағалар тұрақтылығы

3) Ішкі өнімнің өсу қарқынын қамтамасыз ету

4) Сыртқы экономикалық тұрақтылығы

МР-ң осы негізгі мақсатын әртүрлі 2-ші деңгейдегі мақсаттар шығады. Оларға

• табыс артуына және бәсекенің дамуына жағымды жағымды институтционалды жағдайларды жасау.

• Экономикалық өсуді ынталандыру,

• экономикалық циклді реттеу.

• Әлем нарықтарында ұлттық өндірушілердің жоғары бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету

• Сыртқы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

ЭМР даму кезеңдері.



Бірінші кезеңде нарықтық экономиканы енгізуге мемлеке жалпы жағдай туғызады. Атап айтсақ, тәртіп орнату, шекзран күзету, қорғау, кедендік төлемдер сияқтыларды заңдандырып тәртіп бүзушыларды жазалайды.

Екіншіден әлеуметтік қайшылықтар, экономикалық күйзелістер шиеленіскенде мемлекет шаруашылық жағдайына араласады. Мысалы, әскери, саяси, экономикалық мақсатта қызмет көрсететін қүрылыстар салу, яғни өзен, теңіз қатынастарын салу, байланыс тораптары және басқалар. Мүндайда жеке менші қаржыларын ынталандырып өскери тапсырмалар береді.

Үшіншіде қаржы иелерінің дамуына жеңілдіктер беріліп, еңбек, салық, сауда, әлеуметтік жағдайларды қамтитын зандар жасалынып аяқталады. Шикізат пен қызмет атқаратын қүрылымдар (инфраструктура) мемелекет меншігіне сатып алынып, қосымша жаңадан салынады. Шаруашылықты реттеуде тәжірибе ретінде ақша-қарыз және қаржы шаралары қолданылады. Орталық каржы орны қарыз қайтарудағы үстеме өтемді (учетная ставка) өзгертіп саясатын жүргізеді. Ел ішінде үкімет қзрыз беретін ірі орынға айналып, халықарапық қарыз беруші болады. Сыртқа тауар, каржы шығаруды ынталандыру саясаты жүргізіледі.

Дамыған елдер үлттық табыстың мүдддесі үшін дүниежү3ін, аймақтық және экономикалық ықпалдылыққа бөледі.



Төртінші кезеңде бір-бірімен байланысынсыз күйзеліске қарсы құрылымдарға бағытталған шаралар жүргізіліп, жүмыспен қамту, бағағаағаға әсер етуге талпынады. Мемлекет каржы жинақтап, орталықтандыруды қолдайды. Тікелей байланыс, кәсіпкерлер одағы, ғысқандар жиыны арқылы біріккендер үкімет іиііндегі саясатқа күшті ықпал жасайды. Олар мемлекеттік тапсырмалдар мен құрылыстар арқылы байып, бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы күйге келтірген.

Бесінші кезең Еуропадағы төңкеріс, Ресейдегі төңкерістің жеңісі соғыстан кейінгі тоқырау, 1929-1931 жылдардағы ұлы күйзеліспен сипатталады. Бүл жағдай жогары деңгейдегі жалпы экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілінімен ойландырады. Дж. М. Кейнс ЭМС белсенді араласу бағытын жасайды. Нарықтық қатынастың тарауына шектеу қою туралы қадамдар жасалады.

Алтыншы кезеңдегі МЭС негізгі табыстық жаңарып, молайып, жинақталуын ынталандыруга бағытталған, сыртқа шығаруды қолдайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ЭМР шаралары жасалады. Мемлекет негізгі қорларды кысқа мерзімде жарамсызға жатқызу арқылы қор салудағы өзін-өзі қаржыландыру саясатын жүргізеді. МЭС шаралары әркилы, жиі, бірақ бәтуасыз. ЭМР ілімдері мен тәжірибелерінде Кейнс, босаңшылық (либерализм) ағымдарына қарсы күрес жүргізіледі.

Әскери - өндірістік кешендер қүрылады. Шаруашылык басқарудағы мемелекеттік орындар , әскери басшылық, қару-жарак өндірушілер, екі жақты пайдаланылатын өнімдер, ғылыми-қүрастыру орталықтары біріктіріледі.

Социалистік қүрылым мемлекетаралық қатынастағы қосылымдар жасайды, мысалы, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ). Онда еңбекті бөлу орталықтандырылған нүсқау, жоспарлау негізінде жүргізіледі.



Батыс Еуропаның экономикалық ынтымақтастығыны алғашқы қадамдары жасалады.

Жетінші кезеңде соғыстан кейінгі үзақ мерзімде экономиканың көтерілуі дамыған елдердің экономикасында жаңа келелі мәселелер туғызады. ЭМР ойлаушылары мен іске асырушылары оның шешімін сала, аймақтық орта мерзімді бағдарлар жасаудан таппақшы болады. Дамыған елдердің кейбіреулерінде улершде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жеңілдікпен сату, халыққа тарату сияқты түрлері жүргізіледі. Сегізінші кезеңде ЭМР ілімдері мен тәжірибесінде ақша айналымын қадағалау (монетаризм) ағымы әйгілі болады.

Тоғызыншы кезеңде Батыс Еуропа , Солтүстік Америка, Шығыс Азияда халықаралық экономикалық қатынастардың нәтижелі дамуына байланысты ЭМР міндеттері Үлттық орындарга беріледі. Дүниежүзілік қатынастарда Дүниежүзілік каржы орны, ССБК (салым, сауда басты келісімі) (ГАТТ - генеральное соглашениение по тарифам и торговле), тағы басқа халықаралық ұйымдар шешуші маңыз атқарады.

Әлеуметтік-экономикалық даму сферасында мемлекеттік реттеудің  объектісі  ретінде меншіктің  жаңа формаларын орайластыруды қалыптастыру процесі қарастырылады. Меншік қатынастарын жаңғыртумен қатар елде әртүрлі  меншік иелерінің өзара әрекетінің институционалдық жүйесін құру процесі  жүргені белгілі. Бұл  жердегі  әңгіме шаруашылық субъектілерінің  әрекет ережесі, мемлекеттік және мемлекеттік  емес құрылымдарды (институттарды) орнықтыру  негізінде рыноктық өзара әрекеттесу процесіне қосылған барлық сфералар мен субъектілердің қалыпты қызметін қамтамасыз етуде болып отыр.

          Қазақстан – 2030 даму стратегиясы бойынша –  бұл әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар құқықтық мемлекетті қалыптастыру болып табылады. Ендеше, аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің  негізгі функцияларын атап өтейік:


  • Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздер қалыптастырады мемлекет жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекетін кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды талдап жасайды және қабылдайды; азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

  • Экономиканы тұрақтандырады; Үкімет бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалай саясатты қолдану арқылы өндірістің құлдырауын тоқтатады, инфляцияны тежейді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға деңгейі мен ұлттық валюта бағамын орнықтырады.

  • Макроэкономикалық және құрылымдық тепе-теңдікті қолдайды; аталмыш тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай рыноктық механизмді қалыптастырады.

  • Даму стратегиясын талдап қабылдайды, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық стратегияны жүзеге асыру мақсаттары мен мұраттарын қамтамасыз етуді қосқандағы экономиканың қалыпты қызметі үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасайды.

  • Ресурстарды үйлесімді бөледі, мемлекет жеке сектордың қызығушылығын туғызбайтын тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін өндіруді ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланысты, транспортты дамыту шараларын қарастырады, қорғанысқа, ғылымға қажетті шығындарды анықтайды, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларын қалыптастырып, жүзеге асырады т.с.с.

  • Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кемшіліктерді қамтамасыз етеді, мемлекет минималды еңбекақыға, қарттыққа байланысты зейнетақыға, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға кепілдіктер береді.

  • Шетелдегі ұлттық бизнесті қолдайды; мемлекет әлемдік шаруашылықта отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық бизнес қызметін үйлестіреді.

  • Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; мемлекет тұрақсыздық қауіп-қатерлері мен факторларына қарсы шаралар қолданады.



3.Дәріс. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы
Дәріс мазмұны
1. Мемлекет нарықтық субъектісі ретіндегі ерекшеліктері

2. Мемлекеттің экономикалық іс-әрекетінің негізгі бағыттары

3. Шағын бизнесті мемлекеттік реттеу әдістері және түрлері


1.Мемлекет ерекше нарықтық субъектісі ретінде 3 белгісімен сипатталады:

- реттеуші-экономикада болатын өзгерістер әрқашан экономиканың реттеу құралдарының өзгерістерін тең болуын көздейді.

- мемлекет кірістерінің нарықтық емес шығу тегі. Мемлекет экономикалық емес іс-әрекет жүргізу арқылы табысты табу және бұны мемлекеттің пайдалануына бөледі. (мемлекеттік бюджет және салық).

- мемлекеттің императивтік статусы-барлық мемлекеттік емес субъектілерге қойылатын талаптар міндетті түрде жүзеге асырылуы қажет.

Экономиканы негізгі реттеудің негізгі белгілері:

1) Мемлекет әлеуметтік қажетті салаларды қаржыландыруы қажет, себебі бұл жеке бизнесті қызықтырмайды және пайда әкелмейді.

2) Мемлекеттік кәсіпкерлік жеке бизнес пен бәсекелеспей оның дамуына ықпал жасау керек.

3) Қаржы-несие және салық саясаты экономикалық өсумен әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етуі керек.

4) Мемлекет жалпы шаруашылық дағдарысты шешуду халықаралық экономикалық қатынастар процесінде салыстыру қажет.

Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсатттары:

1) Нарық процесінде кездесетін әртүрлі жағымсыз жақтарды минилизациялау;

2) Құқықтық, қаржылық, әлеуметтік, алғышарттарды жасау;

3) Нарықтық қоғамда жағдайы нашар әлеуметтік топтарды қарау.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру мемлекет әртүрлі құралдармен пайдаланылады. Бұлар мемлекеттің экономикаға араласуының максималды және минималды шекаралары. Максималды шекарасысы ақша айналысын ұйымдастыру, қоғамдық тауарды ұсыну және сыртқы эффекті зардаптарын азайту. Минималды шекарасына жататын тыбысты қайта бөлу, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, монополия және инфляция, аймақтық саясатты жүргізу. Басты зерттеулері дамыту, дүниежүзілік экономикадағы ұлттық мүддесін қорғау.



Экономистердің назарын аудартуға тиісті ең маңызды проблемалардьң бірі - бұл Қазақстан Республикасында нарық дамуының кейбір стратегиялық ерекшеліктерін қайта қарауды талап ететін шаруашылық жүргізудің нарық жағдайына көшу арқылы ел экономикасын дағдарыстан шығару. Атап айтқанда, экономиканың дамуындағы қателіктер мен күрделенген шиеленіс-тердің болуы жаңа жағдайлардағы нарықгы басқару істерінің жолға қойылмауынан деп түсінуге болады.

Экономикаға мемлекеттің қатысуын функциялар арқылы байқалады:

1) Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық міндеттемелерін құру, мемлекет кәспкерлер қызметтерін, азаматтардың құқығын және міндеттерін анықтайтын заңдарды дамытады және қабылдайды.

2) Экономикалық тұрақтануы үкімет бюджеттік-салық саясатын және несие-ақша саясаты өндірістің құлдырауын жеңу үшін, инфляцияны төмендету баға мен ұлттық валютаның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданады.

3) Ресурстарды бөлудің әлеуметтік құралдары.

Мемлекет жеке сектор айналыспайтын туарларды, қызмет көрсетуді өндірістерін ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланыстың, көліктің дамуына жағдай жасайды және ғылымға шығыдарды айқындайды және т.б.

4) Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік кепілді қамтамсыз ету. Соның ішінде минималды жалақы, зейнетақы, мүгедектерге, жұмыссыздарға жәрдемақы, әртүрлі көмектер.

5) Халықаралық-экономикалық қатынастардың дамуы.


Қазір уақыт экономистерге жаңа, ең жоғары талаптарды қояды. Нарықты дұрыс басқару үшін не кажет екенін аныктау қажет. Біздің пікірімізше, бұл үшін мәселелердің үш блогын шешу керек.

  • ел нарығыньң тұжырымдамасын жасау;

  • нарықты басқарудың негізгі бағыттары мен экономикалық теориясын тандап алу;

  • нарықтың ұйымдық-экономикалық тетігін, оның критерийін анықтау.

Болашақта прогрессивтік қоғам құру үшін не істеу керек?

Ең алдымен өзгерістердің теориялық түғырнамасын әзірлеу қажет. Егемендікке қол жеткізуге байланысты экономикалық жағдайдың өзгеруі, жаңа нарықтық жүйелердің қалыптасуын талап етеді, олар өздерінің кеңею жэне экономикалық күрылым-дарының қалыптасу есебінен көптеген қайшылыктарды шешу тэсілдерін табады. Мұның салдарынан «мемлекет-нарық» жүйесінде қатьшастардың эволюциясы болады, мемлекеттің нарық атқарымын мемлекеттік реттеу үлгілері өзгереді.

Нарық экономикалық реформалар жағдайында пайда болды жэне дамиды, сондықтан экономикада пайда болғанның барлығы да нарық диалекгакасының эсер етуімен пайда болады жэне дамиды. Алайда оның даму деңгейі, мазмүны мен теориялык-эдіснамалық қағидалары нақты сәтпен анықталады, мысалы, 1992-2002 жылдардағы сияқты нарықтың экономикалық өсуі мен карқынды дамуын атап өтуге болады.

Республикада нарық жүйесін қалыптастырған кезде өзіндік ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Қазақстан нарығының дамуы үш кезеңге бөлінеді:



1. 1991—1993 жылдары. Нарық жүйесінің негізгі қүралдарын қалыптастыру. Ең күшті соққы халыққа нарықтық баға бірнеше есе өсіп, жалақы, зейнетақы, жэрдемақы бірнеше айға кешіктірілгенде тиді; акша реформасы өтті — қаржы қарыздары, есепке алу, баспа-бас айырбастар енгізілді, төленбеген төлемдер пайда болды, жеткізу-шілер тек өзінің меншікті өнімдерімен есеп айырысты. Мұның нәтижесінде республикада баспа-бас айырбастау ұлесі 45%-ға жетті.

2. 1994-1998 жылдары. Үкімет нарық механизмдерінің элементтеріне қатысты тіркелген бағам енгізді, меншіктің дамуынының жаңа нысандарын құрды. Нарық нысандарының қарқынды дамуы меншік иелерінің жаңа таптарыньщ құрылуына, жеке меншіктің нығаюына әкелді. Мұнда баға өсуінің қарқыны айтарлықтай төмендеді.

3. 1998-2006 жылдары. Нарық жеке меншіктің кеңею жағдайьшда дамыды.

Мемлекеттік және жеке меншіктің арақатынасы республика бойынша 1:5, ал ТМД елдері бойьшша тұтас алғаңда 1:3. Нарықтың қалыптасуыңда шешуші рөлді шетелдік инвестициялар атқарды. Нарықтың молықтырылған кезеңі болды, нарықта іс жүзінде наннан бастап автомобильге дейін бәрін сатып алуға болатындай мұмкіндік туды. Алайда нәтижесінде ауыл шаруашылығьшың құлдырауы болып өтті.



Қазақстанның азық-түлік нарығының даму ерекшеліктері:

  • «талыксытпалы ем» жүргізу;

  • өнімді қайта өңдеу үшін жеткілікті қуаттардың болмауы: нәтижесінде енімнің 50%-ы қайта өндеуге шетелге тасылады;

  • баланстандыруды кұрделендіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бір жақты мамандануы - нарық жағдайларында болатын мұндай жағдай нарық үдерісіндегі тежейтін факторлардың бірі;

  • аграрлық нарықтың дамуына мүмкіңдік жасайтын шетелдік инвестицияларды жүргізу. Елдің иңвестициялық нарық жағдайы оның экономикалық дамуының, бірлескен кәсіпорындардың тендігі мен өзара тиімділігінің ең маңызды индикаторы болып табылады. Республикада нарық элементтерін енгізу шетел капитальш пайдалану тиімділігін арттырды және шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанды бұрынғыдан да тартымды ете түсті;

  • нарық жағдайында шаруашылық жүргізудің осы за-манғы технология әдістерін жақсы меңгерген жоғары біліктімамандардың болмауы; 1991 жылға дейін мамандарды даярлау тек бір мамандыктың шеңберінде жүргенін атап өтейік. Бүгінгі күні нарық нарықтық ойлау қабілеті бар әмбебап мамандарды талап етеді. Көптеген жас мамандар нарықка даяр болмай шықты, олардың нарықтық тэжірибесі жоқ, олар нарық үдерісінен шет қалған;

  • коммунициалдық модернизм элементтерінің болуы;

  • мүлдем жаңа нарықтық қатынастарды тудыратын ТМД елдерімен бірігу. Қазақстан Республикасы бірігу (интеграциялык) арқылы нарықты багындыруға тырысады. Бүл қазақстандық нарықта шетелдік компаниялардың (Түркия, АҚШ, Қытай, Жапония) өнімдерін қайта өңдеу үшін жағдай жасайды жэне бәсекелестік есебінен нарық қызметтерінің тек құнын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге азық-түліктік жағьшан қауіпсіздік тудырады.

Аймақтық ерекшеліктері:

  • шетелден әкелінген азық-түліктің молығуы;

  • арзан еңбек ресурстарының артылуы (қазіргі кезде өндіріс үдерісінде кызмет істемейтін еңбек етуге қабілеттілердің саны 655 мың адамды құрайды);

  • Ресей Федерациясы және Қытаймен шекаралас орналасуы әрі олардың байланыстар белсенділігі. Ғасырлық тарихы бар компаниялар жүмыс істейтіндіктен бүгінде әлемдік рыноктың аясы тарылды, ал Қазақстанға әлі де болса халықаралық деңгейде өзін-өзі танытуын жеңіп алу міндеті түр;

  • революциялық жолмен жүзеге асатын меншік пен шаруашылық жүргізудің алуан түрін қалыптастыру, яғни ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қайта құру, ал ол әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан ұйымдық құруды бұзбай-ақ эволюциялық жолмен өтті. Демек, нарық жаһандану үшін қажетті стратегиялық жағдайды құра отырып, өзі экономикалык дамудың объективмақсаттарының бірі бола бастайды, біртұтас республикалық экономиканың калыптасуына және оның тиімділігін арттыруға еркіндік туғызады.

Осы замандағы ғылымда нарық мәселесі мен мемлекет рөлін түсінудің жалпы ғылыми түжырымдамасы қандай? - деген сұрақ туындайды. Заманға сай білімнің маңызды және ең қиын проблемаларының арасынан ең алдымен «экономика», «нарық» жэне «мемлекет» сиякты категориялар арақатынасы жөніндегі мәселе алдымызда түрады. Қазіргі уақытта алуан түрлі тәсілдемелердің көптігіне қарамастан, бұл мәселе жеткілікті зерделенбеген болып қала береді. Ал «нарық» үғымына қатысты эңгіме ететін болсақ, онда оны не «экономика» үғымымен тендестіреді, не жалпы алғанда ғылыми зерттеу тақырыбына енгізбейді. Әзірге қарастырылып отырған жүйелік қатынаста нарық пен мемлекеттің орны айқын анықталған жоқ. Белгілі бір шамада олардың арасында қандай да бір байланыс бар. Алайда мұнда нарықтың меншікті динамикасы болатынын және өзінің ерекше объектілерін болжайтынын ескерген жөн. Бүл теориялық-әдіснамалық кеңістікгі толтыру үшін не ұсынуға болады? Бұл проблемалар бойынша қиындықтар ең алдымен экономикадағы «нарық» ұғымын бір мәңді ұғындырмаудан және мемлекет эволюциясын зерттеген кезде олардың айқын қолданбауынан пайда болады.

Нарық зерттеу пәні ретінде аса және көп мәнді күрделі құбыдыс ретінде байқалады. Оны зерделеу күрделілігі сол, ол болашақта тұтастықта бола түрып, сонымен бірге қандай да бір орнықты түрақты шама бола алмайды жэне түрақты түрде өзгерістерге ұшырайды.

Қазақстанда нарық мәселесі бойынша зерттеулер салыстырмалы түрде жуырда басталды жэне оған деген қызығушылық ұдайы өсуде. Отандық экономикалық әдебиетте зерттелген проблема бойынша кейбір жарияланымдар пайда болды, алайда олардағы барлық берілген анықтамалар оны бір жақты мағынасында түсіндіреді. Бүл жүмыстарда «мемлекет», «нарық» үғым-дарының мэні және олардың өндіріс категорияларымен байланысы қарастырылған.



Бұл аспектіде, біздің пікірімізше, үш мәселені айырып көрсетуге болады:

  1. Біртұтас нарық неге қажет?

  1. Неге нарықтың дамуын басқару қызметін мемлекет атқаруға тиіс?

  2. Нарық республиканың экономикалық қатьшастар жүйесінде қандай орын алады?

Нарық экономикалық жүйе ретіңде кез келген формацияға оңай үйлеседі. Оның басты кемшілігі - бұл басқарудың біртұтас пәрменді жүйесінің болмауы, сондықтан мемлекеттің нарықпен экономикалық өзара байланысы орнатылмайды. Біртұтас республикалық нарықтың дамуын тежейтін факторы болып, сондай-ақ әрі ішкі, эрі халықаралық операциялар үдерісін жүргізуді реттейтін жоғары заңдар актілерінің болмауы есептеледі. Қазіргі кезде бұл проблемамен айналысатын біртұтас орган жоқ. Сонымен бірге есеп жүргізу жағдайында іріктеп алуға білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Мұндай жағдайда Қазақстан біртұтас нарық жүмыс істеп жатқан дамыған елдердің тэжірибесі мен эдістерін пайдалануға тиіс. Оның аймақтық жэне салалық белгілері бойынша алшақтығы республика экономикасын тым артта қалдырды. Тауар өндірушілермен тығыз байланыстың болмауьшан нарық басымды жағдайға ие болмады. Басқаша айтқанда, өндіргіш куштер барлық қатысушылардың үйлестірілуін, іс-қимылдарының келісілуін талап етеді.

Мемлекет пен нарық арасындағы қатынастар жиынтығы күрделі және жан-жақты жүйені білдіреді. Бір жағынан, бүкіл жасалған өнім мемлекеттің қарауына түспейді, оның бөлінуін нарық аныктайды және республика алдында тұрған саяси міндеттерге байланысты өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір дербестілігі мен өз жүмысының залалсыздығы үшін олардьщ жауапкерітлігіне қарамастан нарық үдерісі әрбір кәсіпорында материалдық және еңбек ресурстарымен, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттармен кепілдендіріледі.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, республиканың экономикалық дамуындағы нарық рөлін зерделеудің осы заманғы әдіснамалық негіздері объективтілік, өзара байланыс, жүйелілік сияқты танымның маңызды қағидаларына негізделуге тиіс, Осы мақсатпен біз «экономика-нарық-мемлекет» кұрылымының өзара іс-қимыл тетігінің жалпы сипаттамасын бердік, олардың жүйелік мэні ашылды жэне ерекшеліктері анықталды.

Біздің қоғамдық өмірде нарықтық орта құрылды, ол бізді экономиканың қызмет етуінің нарықтық тетіктеріне үлкен еркіндік бере отырып, нарықтың экономикадағы орнын қайта қарауға мәжбүр етті. Бұл үшін ұйымдық жэне экономикалық жағдайлар жасау қажет. Мемлекеттік тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта аз іс жасалған жоқ. Дағдарыстық құбылыстардан өтіп, экономикалық түрақтылық пен әлеуметтік дамуға қол жеткізілді. Қазіргі кезде нарықтық үдерісті басқарудың жаңа формаларын, үлгілерін, технологияларын, үйымдастыру әдістерін белсенді іздестіру жүргізілуде. Бүгінгі күні жоғары және тез өзгеретін талаптар тек техника мен технологияға ғана емес, сонымен бірге ең алдымен нарыққа да қойылады. Нарық пен экономика жүйесі арасында сәйкессіздік айтарлықтай күшейе түседі, өйткені нарықта барлық экономикалық мүдделер біліне бастайды, мұнда олардың өзара байланысы байқалады, нарық адамдарды біріктендіретіндіктен олардың қарама-қарсы тұруы бәсендейді.
2. Мемлекеттік реттеу нарықтық экономиканы басқарудың жанама түрі ретінде белгіленеді. Әр мемлекетте оның саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жүйесінен белгілі бір дәрежеде мемлекеттік органдар түрінде экономикасы мемлекетпен реттеледі.

Экономикасы орталықтандырылған экономиканы реттеуге мемлекеттің қатысуы жиірек көрінеді. Олар басқарушылық жоспарлар, қатар заңдар, табиғи, еңбек, қаржылық, материалды ресурстарға қожалық ету.

Мемлекетті бюджетті бөлуге табылады. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде мемлекеттің экономпаиканы реттеуі жанама мінезде және кәсіпорындыр мен кәсіпкерлер қызметіне қатысуы азырақ болады.

Олар заңдылық реттеу, салықтық жүйе, міндетті төлемдер және аударымдар, мемлекеттік инвестициялар, субсидиялар, жеңілдіктер, мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар іске асыру арқылы мемлекет экологияға әсер етеді.

Мемлекеттік реттеудің басты мақсаты, мемлекеттің қоғамның мүддесін сақтау. Мемлекет экономикалық бостандық жағдайынды әлеуметтік топтау, саналар, монополиялар, кәсіпкерлер және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзылмауын қадағалайды. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу, келер ұрпаққа жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау, табиғаттың жойылуына жол бермеуге бағытталған.

. Мемлекеттің экономикаға араласуы заңмен реттелген және логикалық жүйеге сәйкес келуі арқылы шаруашылықтың дамуына белсенді әсер етуімен түсіндіріледі және реттейтін әртүрлі және өзара байланысты кешендерді қосады. Мемлекеттің экономикаға ықпалы функционалды тиімділіктің негізгі тәртібін сақтауға бағытталған. Қазіргі нарықтық шаруашылықты өкімет экономикалық (жанама) және әкімшілік (тура) әдістерімен ықпал етеді. Экономикалық әдістердің өзгермелі мағыналары бар. Олар: нарықты функционалдау механизміне жеткілікті жұмыс енеді әрі мемлекетке экономикалық үдерістерді әсер етуге рұқсат береді. Сондықтан мемлекеттің орналасуы туралы белгілі бір дәрежеде экономикалық және әкімшілік әдістермен шектеу шарты.

Тікелей мемлекеттік реттеу мемлекет үшін маңызы зор. Қоғамдық қауіптілік, экономика және қоғам үшін маңызы зор объектілер, кәсіпорындар және ұйымдарға бағытталады. Олар әскери, қорғаныс, энергия, ұлттық мұражайлар, денсаулықты сақтау, қоршаған ортаны ластау және қорғау т.б.

Әкімшілік басқару мемлекет меншігіндегі объектілер мен мемлекеттік ұйымдарға жүргізіледі. Мемлекет объектілерге қатысты мынадай құқықтарға ие:

• олардың қызмет етуі мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізілуін талап ете алады

• басшыларын жалдап, тағайындап және ауыстыра алады.

• Объектілерді құру және жою, сатып алу және сату, оның табысын бөлуге, үйлесіне үміткер бола алады

• өзінің объект басқаруда өкілдікті мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар мен құрылымдарға табыстай алады.

• басты басқару құқығын өзіне қабылдай отырып, мемлекет тиімді жағдайда белгілі бір кезең аралығында сенімгерлік басқаруды енгізу.

• тікелей мемлекеттік басқаруындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тексеру және бақылау.

1) Тікелей мемлекеттік басқару объектілеріне мыналар жатады:

А) мемлекеттік бағдарламалар

В) мемлекеттік ұйымдар

С) мемлекеттік бюджет қаржылары

Д) мемлекеттік акция пакеттері

Е) аса маңызды объектілер мен ресурстар ( қарулы күштер, пайда қазбалары, ұлттық қорлар, тарихи ескерткіштер және т.б.)

2) Әкімшілік мемлекеттік басқару субъектілері

А) мемлекеттің, биліктің атқарушы органдары

В) заң шығарушы және сот органдары

Экономикалық әдістер. Экономикалық басқару субъектілерге кәсіпорынға, компанияларға, кәсіпкерлерге, ұйымдарға, мемлекеттің бекітілген ережелер, нормалар, шектеулер арқылы ықпал етуі және ол бұл ережелердің мүлтіксіз орындалуы мемлекет тарапынан талап етіледі.

Экономикалық немесе жанама мемлекеттік реттеу ретінде ақшалай-несиелік инструменттер. Ақшалай-несиелік инструменттер 2 түрге бөлінеді:

1) Ақшалай эммисиясы, ірі қаржылық ставкасын орнату, Орталық банкте қаржылық инструментінің, резервті қорының минималды көлемін орнату және де бағалы бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізу. (бағалы қағаздар нарығында)

2) Экспортты, импортты квоталар, лицензиялар, кедендік баж салықтар, салықтық тағайындамалар, салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер.

Мемлекеттің экономикаға араласуы мүмкін бағаның тең жайылған болып:

1) нарық экономикасы субъект (ойыншықтарын) жасап шығару

2) мемлекеттік секторды жасау және оны басқару

3) табыстарды қайта бөлу

4) экономикалық дамуын қарастыру

5) табиғи монополияны басқару, монополиялармен күресу

6) бағалар мен еңбекақыны қадағалау

7) есеп ставкасын қадағалау

8) эммисиялық қызметті жүргізу

9) салықтарды қадағалау

10) фирмалар мен комп-ң сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру

ЭМР-ң негізгі формаларын қарастырсақ оның мұндай әсер етуінің бір аспектісінде баға қалыптастыруын біле аламыз.


Тура әдістер

Жанама әдістер

1) Бағалық субсидиялар

2) Акциздер

3) Қосылған құнға салық салу

4) Салықтан босату

5) Экспорттық субсидиялар


1) Сыртқы саудадағы үлесі

2) Кедендік баж салығы

3) Эмиссия

4) Реқаржылық

5) Кейбір салықтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет