ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша



бет4/11
Дата18.06.2017
өлшемі2,41 Mb.
#19436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Салық салу принциптері

Қазіргі салық салудың принциптері:



    1. Салық төлеушінің мүмкіндігі немесе табыс деңгейі есепке алынып, салық ставкасының деңгейі анықталуы қажет;

    2. Табыстарға салық салу бір-ақ рет алынуы қажет;

    3. Салықты төлеу- бұл міндетті төлем болып табылады;

    4. Салық төлеушінің және салықты жинайтын экономикалық мекемелерге салық төлеу процедурасы мен жүйесі қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуы керек;

    5. Салық жүйесі икемді және өзгермелі қажеттіліктерге бейімделе алуы керек;

    6. Салық салу жүйесі ұлттық жиынтық өнімді қайта бөлуді қамтамасыздандыруы және мемлекеттің экономикалық саясатының тиімді құралы болуы қажет.

2001 жылы Қазақстанда Салық кодексін енгізу салық жүйесін реформалаудың жаңа сатысының бастауы болды, ол қазақстандық салық салудың халықаралық қағидаларын енгізуге көмектесті, елдің салық заңдылықтарын айқын, түсінікті және қарапайым етті.

Салық жүйесінің негізгі элементтері салық түрлері және оларды есептеу әдістері – салық ставкасы мен салық базасы болып табылады. Салықтың түрлері:

1. Корпоративтік табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Қосымша құн салығы

4. Акциздер

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы мен арнайы төлемдері

6. Әлеуметтік салық

7. Жер салығы

8. Транспорт құралдарына салынатын салық

9. Мүлік салығы

Салық жүйесінің экономикаға әсер етуінің маңызды құралы – салық жеңілдіктері. Олар АҚШ-та 100-ден аса болса, Ұлыбританияда – 80-ге жуық.

1.


6. Дәріс. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің негізгі механизмдері



Дәріс мазмұны
1. Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты

2. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық банктің әсері

3. Ұлттық банк қолданатын экономиканы реттеу құралдары

4. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу


1. Нарықтық экономика өзінің қалыпты дамуында спецификалық ақша нарығы қалыптасады.

. Ақша нарығы өзіне ақша сұранысы мен ұсынысының әсерлесуінен қамтамасыз ететін институттарға қосады. Мемлекеттік ақша бұл несие саясатында ақша айналымын және несиесін реттейтін. Ақша-бірыңғай эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.

Ақша несие саясаты-қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің маңызды тәсәлі. Нарықтық экономиканың өсуіне аса қолайлы жағдай жасау мақсаты болып табылады.

Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

а) экономиканың өсуі;

ө) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтаңдыру. Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

- банктерге және үкіметке несие беру;

- валюталық нарықтағы басқыншылық;

- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қарыз жолдарын пайдаланушы басты саты орталык қаржы орны. Одан басқа қаржы саласында қызмет атқаратын мемлекеттік күрылымдарға мемлекеттік қаржы орындары, арнайы корлар, қаржы министрлігі мен мекемелері жатады. Олар қарыз беруге қатысады, бірақ ақша айналымы мен жекенін қарызға беретІн қаражатының өзгерісін реттемейді. Олар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген қаржы, арнайы корлардағы жинақталған міндетті жарналар, өз қаржысы, тартқан қаржылардан жеңілдікпен бағытты қарыздар береді.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық банк-жалпы мемлекеттік орган, елдегі банкнот шығаруға эмиссиялық құқыққа ие елдегі жалғыз өнім құралы төлемдер мен қарыз қабылдауға міндетті.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:



  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;

  2. Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

  3. банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

  4. Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

  5. төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

  6. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

  7. Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

  8. қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;

  9. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі міндеті Республиканың ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету, банк несиеторлары мен салымшыларының мүдделерін қоғау болып табылады. Ұлттық банк сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентті болып табылады, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады. Ұлттық банк шетел валютасымен сатып алу сату және ауыстыру операцияларын жүргізетін коммерциялық банктер мен ұйымдарының қызыметіне қадағалауды жүзеге асырады және банктер қызыметін реттейтін пруденциалды нормотивтер белгілейді, яғни Ұлттық банк ақша-несие саласынан қызымет істеуіне толық жауапкершілік жүктейді және басқа елдерден орталық банктер және қаржы-несие мекемелеріне қатысты Қазақстан Республикасы мүддесін жақтайды.

Ұлттық банк банкнота мен валютаның керекті бөлігінің қажеттілігін, олардың жасалуын қамтамасыз етуді қолма қол ақша құралын жоюын және инкассациясын анықтайды. ҚР-да шығарылған банкноттар мен монеталардың атауы, құрамы, формасы және графигі болуы қажет. Банкноттар мен монеталар көрсетілген сипаттамалары баспада жарияланауы және ҚР-ның жоғарғы Кеңесінің валюта айырбастау құқығы бар. Ұлттық Банк ҚР-ның валютасының айырбасталғанын анықтағанда шетел мемлекетінің ақша бірлігіне қарап бекітеді. Қолма қол ақша айналымы банк кассасына тұрақты.

Екінші деңгейлі банктерге қолма қол ақша шоттары кореспонденциясындағы құрал жабдық қалдығының иемденуіне күш алады. Соған сәйкес операция кассадағы қолма-қол ақшаның лимиттік қалдығы белгіленеді. Сонымен қатар ақша айналымының көлемі банктердегі шоттар кореспонденциясындағы құралдардың болуына байланысты.

Ұлттық банк ақша базасының көлемі екінші деңгейлі банктердің құралдар көлемі арқылы олардың Ұлттық банк шоттар кореспонденциясының реттеледі. Сонымен қатар банктер ликвидтілігін реттеу құралдары арқылы реттеледі. Ақша айналысының қарқынды экономикада Ұлттық банктерді тура реттелмейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етіп және ақша айналысы қарқынының төмендегі тек қана тұрақты экономика кезінде болатын ұзақ мерзімде инвестициялық несие салымдары Ұлттық банкінің өуіне негізделіп және ақша массасының қолма-қол ақшаның үлесуінің өсуімен ұзақ мерзімді жинақтардың төлемінің төленбеуіне беріледі.


3.

Ұлттық банктің басты құралдары болатындар:

Қазақстан банктеріне Ұлттық банк несие мен сыиақы ставкасының деңгейі

Минималды міндетті резервтер Қ-ның ҰБ-не депозитті салу, сонымен қатар белгілі мерзім бой-ша дифференциялау.

- Мемлекеттік бағалы қағаздары ашық нарықта сатып алу операциялары

- Банктің несиелері

- Несиелік операцияларының тікелей төлемінің деңгейі және төлеміне тікелей сандық ставкалар. Ақша нарығындағы интервенция.

- Несие ставкасы

Қазақстанның ҰБ қайта қайталандырудың ресми ставкасын реттейді. Сонымен қатар басқа сыйақы мөлшерлемелері бойынша операцияларды жүргізеді. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жағдайына сұраныс пен ұсыныс бойынша инфляцияға байланысты реттеледі. Қазақстанның ҰБ-і сыйақылар ставкасының саясатын нарықтық ставкасына әсер ету үшін қолданады және де мемлекеттің ақша-несие саясатының шегеруін жүзеге асырады.

Қазақстанның Ұлттық банктің резервтік ашық нарықтағы операцияларда қазынашылық вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа мемлекеттік бағалы қағазаздарды сатып алу сатумен көрсетіледі және ақша массасын реттеу мақсатында қайталама нарықтар ақша массасын реттеу мақсат. ҰБ-н жүзеге асырылады. Қазақстанның ҰБ-і ресми сипатына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есептеп шығарады. Валюталық нарықтағы интервенция мен банк арқылы және биржалық нарықтары шетелдік валютаны сатып алу, сату операциялармен жүргізіледі.


4. Коммерциялық банктер қызметтерін реттеу 2 деңгейлі банктің ҰБ қарым қатынасы қолданылатын келесі принциптермен құрылады.

Банктердің қызметтерін мемлекеттік бақылау жасаудағы басты міндет - халықтың ақшалай салымдарының сақталуын, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын ынталандыру жөнінен кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру, сол сияқты жұмыссыздыққа қарсы күрес және халықтың осал топтарына қолдау көрсету болып табылады.

Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде келесідей шаралардың көмегімен атқарады:


  • күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу

  • банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;

  • банкiлердiң қызметiн тексеру;

  • банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;

  • банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;

  • банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың мақсаттары мынадай:

  • қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай қаржы жүйесіне деген сенімді қорғау;

  • қаржы қызметі саласында тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың лайықты деңгейін қамтамасыз ету. Қаржы қызметінің тұтынушысы қаржы ұйымының қызметін пайдаланатын және өз қаражаттарын қаржы тетіктеріне салатын жеке және заңды тұлға. Қаржы қызметі сақтандыру және банк нарығына, бағалы қағаздар нарығына, инвестициялық, жинақтаушы зейнетақы қорларына және өзге де қаржылық несиелік мекемелерге қатысушылардың қызметі;

  • қаржы-несие мекемелерінің арасындағы бәсекелестікке тең жағдай жасау.

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың міндеттері мыналар:

  • қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын қалыптастыру, қаржы ұйымдарын корпорациялық басқаруды жақсарту үшін ынталандыру тетіктерін жасау,

  • қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының мониторингі;

  • қаржылық нарығының тәуекелге неғұрлым бейім салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру.

  • Қаржы-несие мекемелерінің қызметін реттеу арқыл несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуына негізінен мемлекет ықпал етеді.

Қадағалау мен мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мынадай:

  • орталық банктің несие-қаржы мекемелеріне қатысты саясаты;

  • мемлекеттік барлық деңгейіндегі салық саясаты;

  • несиелік мекемелердің қызметіне мемлекеттік қатысуы;

  • несие жүйесіндегі әртүрлі мекемелердің қызметін заңңамалық реттеу.

Несиелік мекемелердің қызметтері өзара байланысты болғандықтан оларды барлық бағыттар бойынша мемлекет реттеп отырады. Белгілі бір кезеңдерде мемлекет қоғамның несиелік жүйесіне кейбір бағыттардың ықпал-әсерін күшейте алады.

Несие жүйесін мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына, орталық банк тетігінен өзге, мыналар жатады:



  • мемлекеттің салық саясаты, ол несиелік мекемелерде пайданың салық мөлшерлемесінің өзгеруін білдіреді. Оның ұлғаюы несиелік операциялар көлемінің азайюына және пайыздық мөлшерлемесінің

  • өсуіне әсер етсе, төмендеуі мұндай операциялардың кеңейюіне және пайыздық мөлшерлеменің кемуіне соқтырады;

  • несиелік мекемелердің қызметіне мемлекеттің қатысуы жекеменшік және аралас мекемелердің мемлекеттік мекемелерге айналуын, несиелік мекемелердің біршама акцияларды сатып алуы арқылы жарғылық капиталға үлестік қатысуынғ жаңа мемлекеттік мекемелердің құрылуын білдіреді және несие капиталының сұранымы мен ұсынысына, оның нарығының өлшемі мен несие пайызына ықпал етеді;

  • заңдарды, заңға тәуелді ережелерді тұжырымдау арқылы несиелік мекемелердің қызметін заңңамалық реттеу. Оларды парламент, орталық және жергілікті билік органдары шығарады.


Бағаны тікелей реттеудің негізгі нысандары: Бағаны мемлекеттік реттеу мемлекет органмен жүргізілетін және жекелеген тауарлар бағасының әрекет етуші деңгейімен экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтардыды білу үшін бағаның жалпы деңгейін сақтау немесе міндетті түрде бағытталған шаралар жүйесі ретінде жүргізіледі.

Бағаны реттеу дегеніміз – бағаға кез келген әсер ету емес (оол мемлекет органдарының қандай да бір щараларының нәтижесі болуы мүмкін), ал бағаға оның деңгейіне, жүйесіне және динамикасына мақсатты, сапалы түрде әсер етуі.



  • жалпы бағаны қалпында сақтау (экономикадағы төтенше күшті

инфляция кезінде қолданылады) және кейбір тауарлардың бағасын қалпында сақтау;

  • бекітілген баға мен тарифтерді белгілеу (бағаны белгілеу

субъектілері бекітілген бағаларды енгізген жағдайда өздерінің өнімдерін бекітілген бағадан аспайтын бағалар бойынша өткізуге міндетті);

  • белгілі бір уақыт кезеңіндегі бағаның өсу мүмкіндігінің шегін немесе

баға деңгейінің шегін белгілеу – мұндай реттеу шаралары тапшылық жағдайында өте маңызды, өйткені, бағаның еркін өсуі, ақыр аяғында өндірістің қысқаруына әкеледі;

  • пайдалылықтың шекті нормативін белгілеу;

  • жабдықтау – өткізу және сауда үстемелерінің шекті мөлшерін белгілеу

  • бағаның тепе – теңдігін белгілеу

Бағаны жанама реттеу – нарықта тауар ұсынысының кеңеюіне, нарық сұранысының көбеюіне, тұрғындардың табыстарын басқаруға, салықтарды реттеуге көмектесетін құралдар мен әдістердің жиынтығын қолданумен қамтамасыз етілетін бағаның өсуіне араласу.

Бағаны жанама реттеу шараларына мыналар жатады:



  • мемлекеттік сатып алу;

  • салық жүйесі;

  • ақша айналымы мен кредиттерді реттеу;

  • мемлекеттік инвестиция саясаты;

  • мемлекеттік шығындарды реттеу;

  • өтелім мөлшерін белгілеу

СӨЖ: 1) ҰБ реттеуші бөлігінің дамуындағы факторлар қандай?

2) Экономикалық дағдарыс жағдайында коммерциялық. банк неге қысқа мерзімді несиені береді.

7. Дәріс. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

Дәріс мазмұны

8. Дәріс. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

Дәріс мазмұны

1. Ғылыми-техникалық прогресс қазіргі дамудың факторы ретінде

2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттардың қалыптасуы

3. 2003-2015 ж. дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму бағыттары
1. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау 4 кезеңнен тұрады:

1-кезең: бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

2-кезең: бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

3-кезең: жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

4-кезең: экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл – жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы. ҒТ-қ және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланады.

Инновациялық 2 түрі бар: өнімділік, үдерістік.

Процестік инновация дегеніміз – жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

Теориялық талдау негізінде венчурлік қаржыландырудағы инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың  қалыптасқаны анықталды:

    біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);

    екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал  құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі  ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі, венчурлік бизнестің негізгі қозғаушы күші. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.

    Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл  шағын бизнестің инновациялық қызметтің  өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.

    Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге    негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың   индустрия  және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.

    Венчурлік кәсіпкерлікте көптеген ұйымдастырушылық формалары бар. Олардың ішінде «тәуелсіз», көбінесе инвестициялық қор капиталын  пайдаланатын ұсақ, инновациялық фирмалар; сыртқы венчурлік қор капиталы деп аталатын, өнеркәсіптік корпорациялардың үлестік негізде ұйымдастырылған енгізушілік фирмалар; ерікті венчурлі бөлімше ретіндегі кәсіпкерлік топтың негізі болып табылатын корпорацияның «ішкі венчурлі бөлімі» («спин офф»).

    Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі  зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.                                                                         

.            Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.    Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).       Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.  

Кесте 1. Инновациялық компанияның даму деңгейлері

     

    Деңгейлер

    Мазмұны



Бизнес идеясы (seed stage)

    Идеяны  жобалау және оны саудалау. Сонымен  қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау;



Бизнесті ашу (start-up stage)

    Жобаны  жүзеге асыру мақсатында жүйелі іс-әрекеттерді  жүзеге асыруды бастау;



Өсу деңгейі (expansion stage)

    жаңа  өндірістік қуаттылықты іске  қосу және персоналдар санының өсуі;



Кеңею деңгейі (mezzanine stage)

    нарықтың  бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы;



Өтімділік деңгейі (liquidity stage)

    бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы.

     

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, венчурлік бизнес ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Венчурлік бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:


  • жаңа жұмыс орындарын құрады;

  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;

  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді. 

  • ғылыми-техникалық базалардың негізін құрайды.

              Әлемдік тәжірибеде венчурлік қаржыландырудың  негізгі үш орталығы бар, олар: АҚШ, Канада, Европа мен Оңтүстік-Шығыс Азия. Осы мемлекеттер әлемдік венчурлік нарықты қаржыландырып, бақылап отыр. Көп инвесторлардың назарын даму перспективасы жөнінен Израиль, Индия, Австралия елдері қызықтырып отыр. Ал, мамандар көзқарасы бойынша Қытай әлі күнге дейін шешілмеген мәселе ретінде қалып отыр. Ал, Таяу Шығыс елдері (Израильден басқа), Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттері венчурлік инвесторларды қызықтыра алмай отыр.

         



Кесте 1.  Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

     №

    Критерийлер

    Ірі бизнес

    Шағын бизнес

    1

Өндіріс және қызмет көрсету саласы

    Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен, энергетика

    Өндіріс,  сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші

    2

Шығарылатын өнім сипаты бойынша

    Жалпылай  өндіріс

    Ұсақ  немесе жекелеген өндіріс

    3

Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы

    Инновациялық  ашылуларға өте ыңғайлы емес

    Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп

    4

Стратегияның  өзгеруі

    6-10 жыл

    0,5-1 жыл

    5

Қызмет ету  аясы

    Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер

    Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда

    6

Бәсекелік ортаны құруы

    Нарықтың  ауқымды үлесін қамту есебіне  бәсекенің шектелуі

    Бәсекелік ортаның күшейтеді

    7

К/о тіркеу және қалыптастыру

    Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы

    Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік  талаптар

    8

Жаңа жұмыс орындарын құру

    Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде  төмен

    Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады

    9

Жұмыс күшін  оңтайландыру мүмкіншілігі

    Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды

    Жұмысшылардың бірін-бірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде  іске асады

    10

Басқару құрылымы

    Аумақты, айбынды басқару

    Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі

   11

Басқару жүйесіндегі  мүдделерді ұйқастыра білу

    Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды

    Басқару жүйесінде қарама-қайшылық кездеспейді

 

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет