Сөре және сөрелік қозғалыс.
Жүгіру аласа сөреден басталады, жүгіруде сөрелік аяқ тірегіш қолданылады. Кедергіден жүгіру аласа старттан, жай жүгіруге қарағанда көп қиын: кедергіден жүгіруші белгіленген ара қашықтықта / 13,72м. / ең жоғары жылдамдықпен жүгіріп, бірінші кедергігіні нәтижеліөтуі керек. Сөрелік қозғалыстың бірінші адымында кедергіден жүгіруші, жай жүгірушіге қарағанда ертерек көтеріледі: дистанцияның 8-10 метрінде, ол оңтайлы жүгіру қалпында болып, 1-ші кедергігіге нәтижелі шабуыл жасауға дайын болады.
2. Сөре және сөрелік қозғалыс техникасын үйрету.
Сөрелік қозғалыстың екі түрін атауға болады: біріншісі-7 адымда, екіншісі -8 адымда. 7 жүгіру адымын, көбінесе, бойы биік және күштері мығым спортшылар қолдынылады. Бұндай сөреде сермелетін аяқ алға қойылады. Алджыңдағы аяқ тірегіш сөре сызығынан 40-50 см. Алдыңғыдан.
Бұл сөрелік қозғалыс вариантында кедергіден жүгіруші тез жоғары жылдамдықты алып, жүгіру адым ұзындығы бір қалыпты өседі, бірақ сөрелік қозғалыстан, дистанция бойымен жүгіргенде жүгіруші ырғағы әр түрлі болғандығы қиыншылық тудырады.
8 адымдық екпін алғанда сөре сызығына итерілетін тірегіші алға қойылады/ 40-66 см. Сөре сызығының алдыңғы және артқы аяқ тірегіштің аралығы 20-40см./. Мұндай сөрелік қозғалыста спортшы табиғи адым ұзындығы қысқартады, бірақ дистанция бойымен жүгіргенде бойымен жүгіргенде тұрақты ырғақ сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |