Мұғалімнің мақсаты:
• әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;
• таным процесінің жүйесін бұзбау;
• оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру;
• барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;
• білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. ШЖМ – тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері
2. Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығының сатылары
3. Сабақтың құрылымына тоқталыңдар.
4. Сабақ кезіндегі мұғалімінің мақсаты қандай?
2.3 тақырып. Сынып. Сынып – комплект құрастыру
Мақсаты: Екі немесе үш сыныпты комплект құрастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
1.Сынып – комплект құрастыру ерекшеліктері 2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру
1.Сынып – комплект құрастыру ерекшеліктері
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі» - делінген.ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |