Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


Математикадан факультативтік сабақтар



бет24/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

3. Математикадан факультативтік сабақтар

Мақсаты: Математикадан факультативтік сабақтарды жүргізу әдістемесімен танысу.

1) Факультативтік сабақтардың мақсаттары.

2) Факультативтік сабақтарды жүргізу әдістемесі.

3) Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту мақсатымен факультативтік сабақтар 1966 жылдан мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің жаңа бір түрі ретінде қабылданған. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары орта мектептерге жаппай енгізіліп, оқушылардың жалпы математикалық даярлығын арттыруда келелі орын алды. Факультативтік сабақтар VIII—XI сыныптарда жүргізіліп, VIII сыныпта аптасына 1 сағат, IX сыныпта — 2 сағат, X, XI сыныптарда — 4 сағат бөлінеді.

Факультативтік сабақтардың мақсаттары: 1) оқушылардың математикалық білімдерін одан әрі тереңдету; 2) математикаға қызығушылықтарын арттыру; 3) оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету; 4) оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту және оқушыларға ғылыми-зерттеу жұмысына ынталандыру; 5) математиканың әр алуан қолданымдарын көрсету; 6) математикалық ойлау мәдениетін тәрбиелеу; 7) оқушылардың әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту; 8) кәсіптік бағдар беру; 9) оқушыларды жоғарғы оқу орындарына дайындау т.б.

Факультативтік сабақтар оқушылардың бейімділігі мен ынтасын өрістетеді.

12.2. Факультативтік сабақтарда қамтылуға тиісті мәселелерді қарастырамыз.

Факультативтік сабақтардағы тарихи мағлұматтар негізінен тақырыптың тарихи даму сатыларын баяндауды, жеке фактілер мен ірі тұлғалардың өмірбаянымен танысуды көздейді. Мұндағы мақсат - оқушылардың пәнге ынтасын арттыру (педагогикалық) міндеті мен тарихи мағлұматтардың көмегімен олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру және ой-өрісін дамыту. Мұндай методологиялық міндетті шешу теориялық есептердің қойылуындағы практиканың ролін көрсетуді, ғылыми танымның қозғаушы күшін анықтап түсіндіруді талап етеді.

Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының элементтері (IX класс) тақырыбын түгелдей дерлік тарихи жобада оқытуға болады.

«Математиканың таңдамалы мәселелерін» оқытқанда математиканың ғылым мен техниканың әр алуан салаларындағы қолданымын көрсетудің маңызы зор. «Санау жүйелерінде», «Математикалық логика элементтерінде» - ауыстырып қосқыш схемалар, «Комплекс сандар мен көпмүшеліктерде» - электр тізбегі, «Комбинаторика және ықтималдықтар теориясындағы - телеграф байланысы және басқа көптеген мысалдарды айтып беру, оқушылардың пәнге деген ықыласын арттырып, оны қызығып оқуға итермелейді.

Практикалық сабақтарда оқушыларға теориялық білімнің практикада қолданысын айқын көрсетуге болады. Мұнда мұғалім ең алдымен оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен және жұмыс істеу тәртібімен таныстырып, қажетті нұсқаулар береді.

Факультативтік курс математикалық қабілеттері бар, математикаға ынталы, пәнге ықыласы мол, өзінің математикалық мәдениетін көтеруге, білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған.

Факултативтік сабақ екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші теориялық бөлімінде лекция оқылады. Оқушылар баяндама дайындайды. Практикалық бөлімінде қиын есептер көбіне эвристикалық жолмен шығарылады.

Сонымен, факультативтік сабақтарда да математиканы оқытудың барлық түрлері мен әдістері қолданылады. Әдетте лекция, практикалық жұмыстар, қосымша әдебиет бойынша тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу, экскурсия ұйымдастыру сияқты түрлері және проблемалық, эвристикалық, программаланған оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері кең пайдаланылады. Оқушылардың өздігінен білімдерін көтеруде, дербес ерекшеліктеріне қарай ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелеуде реферат дайындау және компьютерлік технологияны қолданудың пайдасы зор.

Факультативтік курстың кейбір материалдары лекция түрінде өтілуі мүмкін. Мұндағы мақсат - оқу материалдарының ішінен ең өзектілерін баяндау, есептер шығарудың ең нақты әдістерін көрсету, сөйтіп, оқушыларға материалды өздігінен оқып үйренудің жолын нұсқау.

Факультативтік курстың материалдарын терең игеру жолдарының бірі — күрделі есептерді эвристикалық жолмен шығару. Алайда, есептерді оқушылардың ынта-ықыласына сай іріктеп алса, оның тиімділігі арта түспек. Алдымен даярлық есептер оқушылардың өздігінен творчестволық қызмет ету қабілетін дамытатындай, проблемалық ахуал ретінде берілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет